Аутентификацияның ең қарапайым жолы-тұтынушы құпия сөзін қолдану. Тұтынушы өзiн бiрегей сайкестендiргiштiң немесе атауының көмегімен атап жатқан кезде, одан құпия сөз сұратылады



бет3/5
Дата23.03.2022
өлшемі27,62 Kb.
#136529
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЕРМИНДЕР

Медиаплеер - дыбыстар жазылған MIDI-файлдарды, әуендер, сөздер жызылған компакт-дискiлердi және жылжымалы бейнелері бар дискілерді оқуға арналған мультимедиа мүмкіндіктерін іске асыра алатын программа.

Блокнот мәтінді форматтамай (қарпін өзгертпей, безендiрмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жiберiлетiн хатты дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам iстейтiн, таптырмайтын қосымша программа екенiне көзiңiз жетедi.


WordPad және Write редакторлары мәтіндік кұжаттарды пернелерде терiп дискiлерде сактауға, оларды өңдеуге - iшкi көрiнiсi мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды iздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерiнiң параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.


Өзінің жұмыс iстеуi кезiнде Windows жүйесi программалар мен кұжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердiң жедел жадының арнаулы бөлiгiн алмастыру буфері (Clipboard) peтiнде пайдаланады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе кұжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бiр-бiрiне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәлiметтер ретiнде мәтін үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т.б. обьектілер алынуы мүмкін.


Информацияның көптеген түрлерiн сақтау, iздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялык жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханадағы информация iздеу жүйелерi, театрлардағы, әуе жолындағы және темiр жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсiлдерi жатады.


Программалық жабдықтама - информациялық технологиялардың елеулi бiр бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет