Аутентификацияның ең қарапайым жолы-тұтынушы құпия сөзін қолдану. Тұтынушы өзiн бiрегей сайкестендiргiштiң немесе атауының көмегімен атап жатқан кезде, одан құпия сөз сұратылады



бет5/5
Дата23.03.2022
өлшемі27,62 Kb.
#136529
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЕРМИНДЕР

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information cөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керектi информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негiзiнде белгiлi бiр ой түйеміз.

Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация - бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бiр қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды өндірілген өнiмдi, қызмет түрлерін ұсыну - осының бәрi презентация болып табылады.


Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлердi Web-сервер деп атайды. WWW-дiн кужаттары Web-серверлерде сақталады. WWW ортасы дегенiмiз Web-серверде сақталған өзара байланысқан электронды құжаттардан тұратын ақпараттық кеңiстiк. Web-кеңiстiктi құрайтын жеке құжаттарды Web-беттер дейді. Тақырып бойынша топтастырылған Web беттерді Web-тороптар деп аталады. Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады.


Бүгінгі таңда Интернет әртүрлi білім салалары бойынша жан-жакты жинақталған акпарат көзі болып табылады. Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтiндiк пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын Интернеттiң қызмет түрін World Wide Web деп атайды. Бұл сөздің аудармасы Бүкіл дүниежүзілік өрмек дегенді білдіреді. World Wide Web - қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады. Осы терминмен WWW ортасы деп өзара гипермәтiндiк байланыска түскен Web-құқжаттар жиынтығын атайды.


Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы - желіаралык, яғни желiлердiң бiрiгуi деп түсiнемiз. Компьютерлік желi деп екі немесе одан да көп компьютерлердiң бір-біріне жалғануын айтады.


Пернетақта - дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттiк-цифрлық мәлiметтердi енгiзуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бiрiгiп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.


Пернетакта дербес компьютердiң стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған кұрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негiзгi шығару кұрылғыларының бiрi болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлерi: экранның мөлшерi, экран қалқасының қадымы, бейненi жаңартудың максималдық жиiлiгi, қорғау класы.


Экранның мөлшері оның диагоналiнiң өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлiгi ретiнде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлерi: 14", 15", 17", 19, 20, 21". Казiргi кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған.

Компьютердін ең негізгі құрылғысы — жүйелік блок. Oл тік қораптың iшiне салынған. Оның iшiнде дербес компьютердiң негізі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау кұрылғысы, қоректендiру блогы, енгiзу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енедi.




Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік бьектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет