Autocad графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы



Дата06.02.2022
өлшемі132,39 Kb.
#79820
Байланысты:
autocad


1.1 AutoCAD графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы.
AutoCAD жүйесінің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқалары ӛте кӛп. Кең таралған қолданбалы бағдарламалар мен жүйелердің кӛпшілігі сияқты бұл жүйенің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болғандықтан, дәріс мұқтасарында ағылшын, орыс тіліндегі командаларды және командаларды орындау барысындағы сұраулар мен талаптарды ӛзгеріссіз, экранда кӛрсетілгендей беруді жӛн кӛрдік. AutoCAD 2008 интерфейсі Windows-қа арналған басқару элементтерінің стандарттық жиынын құрайды. Операциялық жүйенің ӛзінің немесе Microsoft Office пакетінің интерфейсімен таныс қолданушыға терезе элементтерімен жұмыс, командаларды енгізу қиынға соқпайды. Тӛменде AutoCAD 2008 интерфейсінің базалық компоненттері келтірілген.
AutoCAD-ты іске қосқанда 1.1-суретте кӛрсетілген экран пайда болады, ол бірнеше элементтерден тұрады.

Оның негізгі элементтері: • мәзір (меню) жолы (терезенің үстіңгі бӛлігінде орналасқан), • жағдай жолы (терезенің астыңғы бӛлігінде орналасқан), • графикалық терезе (оны AutoCAD-тың графикалық алаңы деп те атайды), • командалар жолы, • курсор (меңзер) қиылысы, • бірнеше аспаптар панельдері. Бұл элементтердің әрқайсысының атқаратын қызметі бар, соларды біртіндеп қарастырайық. Мәзір жолы Бұл жол экранның жоғарғы бӛлігінде орналасады. Бұрынғы нұсқаларда оны құлама деп атайтын. Онда AutoCAD командалары функциялық қызметіне қарай топтастырылған.


Аспаптар панельдері
Аспаптар панельдері (Панели инструментов) – AutoCAD командаларымен байланысты графикалық элементтер (ішінде суреті салынған тӛртбұрыш) – пиктограммалар жинағы. Графикалық алаң Сызба экранның бас терезесінің графикалық алаңында орындалады. Бұл алаңның шетін табуға тырыспай-ақ қойыңыз, ӛйткені оны шексіз деп айтуға болады. Бұл жерде сіз он километрлік су бӛгетінің (плотина) немесе миллиметрдің жүзден бір бӛлігіндей микроэлементтердің сызбаларымен 1:1 масштабында қиналмай-ақ жұмыс істеуіңізге болады. Командалар жолы Командалық жолда (кейбір әдебиеттерде оны командалар терезесі деп те атайды) AutoCAD-тың басқару командалары, олардың параметрлері ендіріледі және операцияны орындау жӛніндегі ақпараттар кӛрсетіледі. Командалық жолдың ақпараты мәтіндік терезеде кӛрсетіліп, командаларды орындау хаттамасына автоматты түрде жазылады. Мәтіндік терезеден командалық жолдағы ендірілген және шығарылған мәліметтерді оқуға болады. Экранда мәтіндік терезені кӛру үшін F2 клавишасын басу керек. Қалып-күй қатары (Строка состояния) Бұл жолда курсор қиылысының координаттары және сызу режимдері (Адым, Тор, Орто, Түзеу және т.б) кӛрсетіледі. Бұл режимдердің аттары жолда түйме ретінде кӛрсетілген. Олардың қосылуы немесе ажыратылуы сол түймелерді кӛрсетіп тышқанмен белгілеу арқылы немесе клавиатурадағы F3 – F11 функционалдық клавишаларын басу арқылы жүзеге асады. Қосылып тұрған режимнің түймесі экранда сәл батыңқырап тұрғандай кӛрінеді. Курсор қиылысы және таңдау дәлдегіші Курсор (меңзер) қиылысы сызбада нүктелерді кӛрсету үшін, ал таңдау дәлдегіші редакциялау командаларындағы объектілерді таңдау үшін қолданылады. Редакциялау командаларының объектілерді таңдау жүйесі іске қосылғанда курсор қиылысы бірден таңдау дәлдегішіне айналады. Егер жүйе нүкте координаталарын сұраса керісінше болады. Курсор мен таңдау дәлдегішін басқару үшін кӛбіне тышқанды қолданады. Курсордың ағымдық координаталары қалып-күй қатарының сол жақ бұрышында көрсетіледі.
Контекстік мәзір.
Контекстік мәзір тышқанның оң кнопкасын басу арқылы экранға шақырылады және ол курсор қиылысының қасынан кӛрінеді. AutoCAD 2008 жүйесінде бұл мәзірге кіретін командалар құрамы бірнеше параметрлерге байланысты, соның ішінде: • мәзірді шақыру кезінде орындалып жатқан команданың түрі, • курсордың экрандағы орны, • клавишасын мәзірді шақыру кезінде басып тұру. Контекстік мәзірдің мысалы 1.2-суретте көрсетілген
1.2 Анықтамалық ақпараттарды алу. 13 1.3-сурет AutoCAD-та жұмыс істеу барысында анықтамалық ақпараттың бірнеше түрін алуға болады. Windows-та жұмыс істейтін басқа да бағдарламалардағыдай AutoCAD-тың мәзір жолының соңғы бӛлімі Кӛмек (Помощь) деп аталады. Осы бӛлімнен Анықтама (Справка) пунктін шақырғанда экранға анықтамалық режимнің терезесі шығады. Құрылымды анықтамалық ақпаратты клавишасын басу арқылы да шақыруға болады, бірақ бұл AutoCAD күту режимінде болғанда, яғни белсенді команда жоқ болған кезде орындалады. Егер белгілі бір команданың орындалуы кезінде сол команда туралы анықтама алғыңыз келсе клавишасын басыңыз. Сол кезде нақты осы команда жайлы анықтамалық ақпарат шығады.

1.3 Сызбаларды сақтау. Кез келген жұмысты орындағанда оны алдымен сақтауға дағдыланған жӛн. Бұнымен сіз ӛзіңізді әртүрлі жағдайлардың, мысалы, компьютер жұмысындағы ақаулар, электрэнергиясының кенеттен ӛшуі және т.б., әсерінен ақпаратты жоғалтып алудан сақтанасыз. Сызбаны жиі сақтап отырған сайын, компьютер сӛніп қалған жағдайда жоғалтатын ақпаратыңыз мейлінше аз болады. Сақтау операциясын орындау үшін Файл құлама мәзірінен Сохранить командасын шақырту керек немесе тышқанның сол батырмасымен пиктограммасын шерту керек. Сонда AutoCAD 1.3-суретте кӛрсетілгендей Save Drawing As (Сохранение рисунка) диалогтық терезесі шығады. Бастапқы сақтағанда сызбаға ат қою керек және оның қай папкада сақталатынын кӛрсету керек.



Бақылау сұрақтары:


1. Графикалық редакторды
2. Негізгі элементтер.
3. Аспаптар панельдері
4. Контекстік мәзір.
5. Анықтамалық ақпараттарды алу
6. Сызбаларды сақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет