Аутты балаларға деген кіші мектеп жасындағы оқушылардың Қатынасын анықтау



бет2/2
Дата11.02.2018
өлшемі173,47 Kb.
1   2
Сурет 3. В - «Аутизм» диагнозы бар балаларға деген қатынасы.
Мұнда жағымды қатынас басымдылық көрсетті. Ол 100%-дың 85%-ын құрады. Бұны біз балалардың «қиын жағдайда көмек көрсетіп дос болуға дайынмын», «бұл диагноз ауру емес, керісінше, ерекшелік» деген жауаптарынан көре аламыз. Ал, қалған 15%-ы мұндай балалар қоршаған ортаға қауіп төндіруі мумкін деген жауаптар көрсетті. Яғни бұл ауру түрі осы көрсеткіш бойынша ғана жағымсыз жақтан сипатталды.

Сурет 4. Г - «Аутизм» диагнозын түсіну деңгейі.
Бұл категория толықтай барлық оқушылардың аутизм диагнозы бар баларда өзіндік ерекшелік бар деп түсінетіндігін көрсетті, яғни, «Сен «аутизмді» қалай түсінесің?» сұрағына 100% оқушылар оны «ерекшелік» деп білетіндігін көрсетті.


Сурет 5. Д - «Аутизм»диагнозы бар досымен қарым- қатынасы.
Бұл категориядағы сұраққа байланысты 100% оқушылардың аутты балалармен дос болуға дайын және қарсы емес екендігі анықталды.

Сурет 6. Е - «Аутизм» диагнозы бар оқушылардың сыныпта алатын орны.
Бұл категоияда аутты баланың сыныптағы тәртібіне қатысты балаларды жалпы ойы 12%-ды құрады. Оны ішінде тәртібі дұрыс дегендер саны 6% болса, керісінше тәртібі нашар дегендер де дәл осы көрсеткішті көрсетті. Ал оқушылардың 8%-ы мынадай әртүрлі пікірде болды: бұл аурумен ауыратын балалар сөйлей алмайды, жалғыздықты ұнатады, ойын толық жеткізе алмайды. Категориядағы ең жоғарғы көрсеткішті баланың білімі жинады, ол 60% құрады. Мұнда баланың сыныпта білімімен ерекшеленетіні анық көрінді. Оны балалардың «математика пәнін өте жақсы біледі, жазуы әдемі , есепті жақсы шығарады» деген жауаптарынан көре аламыз. Келесі көрсеткішті баланың өнері туралы көрсеткіш сипаттады. Ол 20%-ды құрады. Мұны «пианинода ойнайды, өлеңді жақсы айтады» деген оқушылардың жауаптарынан аңғара аламыз.

Сурет 7. Ж - «аутизм»диагнозы бар балаларға ұсыныс.
Аутты балаларға оқушылардың тілектері көбіне сабаққа байланысты болды. Ол 100%-дың 44% -ын құрады. Бұл олардың «Сабағында белсенді бол, жақсы оқы» деген тілектерінен анық байқалады. 40% оқушылар мұндай балаларға денсаулығын жөндеп, емделулерін тіледі. Қалған 16% оқушылар әртүрлі жауаптар көрсетті. Мұнда ел қатарына қосылу мен өзін өзі қорғай алу, ойын тура жеткізуге тырысуын тіледі.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша бастауыш сынып оқушыларының аутизм дертіне шалдыққан балаға деген қарым-қатынастары жағымды жағы бойынша әлдеқайда көп көрсеткіш жинай алды. Нақтырақ айтқанда, оқушылардың басым көпшілігі аутизмді дерт емес, баланың бойындағы ерекшелік деп таныды. Бұндай диагнозы бар баланы олар ортадан шектетпей, керісінше, аутист балалармен дос болып, оған көмек көрсетуге қашан да дайын екендерін шын көңілдерімен жеткізді. Сауалнаманың ерекше әсер қалдырған тұсы – бұл оқушылардың шын жүректен аутист балаларға тілеген тілектері еді. Мысалы үшін, «біздің қатарға қосыл, өзіңді өзің қорғай біл, ойыңды тура жеткізуге тырыс, сабағыңды жақсы оқы, денсаулығыңды жөнде» деген оқушылардың жауаптары болды. Араласатын ортаның осындай тілектерінің өзі аутист баланың бұл күйден шығуына азда болса да көмегін тигізері анық деген ойдамыз. Шындығында осы аурумен ауыратын бала өзін қоршаған әлемнен тысқары қалдым деген ойда болады. Ал егер қоғам бұл типтегі адамдарды дұрыс көзқараспен қабылдай алса, аутты бала аутизмнің тұңғиығынан шыға алар еді.

«Spectrum United Now» қоғамдық қорының президенті Д. Жоламанованың айтуы бойынша бұл ауруды күрделі деп қарап, оның симптомдарынан қорқудың қажеті жоқ. Егер бұл дертті алғашқы сатыларында анықтап, баланы жүйелі түрде емдесе, көп нәрсені түзетуге болады [2].

Ауытты балаға жалпы сипаттама берсек, аутизмге шалдыққан балалардың ой-өрісі биік болады. Өзінің зияткерлігін көрсете алуы үшін де олармен жақсы жұмыс жасау қажет. Барлығы баланың даму деңгейіне байланысты. Ол аутизмнің өте ауыр түріне шалдықса, отбасы ортасында бейімдеу керек. Аутизмге шалдыққан балалардың 60 пайызын қоғамға бейімдеуге болады. Ел қатарлы жұмыс істеп, отбасын құра алады.

Турасына келгенде, баланың аутизмге шалдығуының нақты бір себебі жоқ. Сондықтан қалыптасқан бірегей емдеу тәсілі де жоқ. Баланың ерекшеліктеріне байланысты коррекциялы жұмыс та, дәрі-дәрмекпен емдеу жұмыстарын да, тіпті баланың жанын түсіну барысында рухани көмек жүргізуге болады. Мысалы үшін аутты бала әлеуметтік адаптация мен дұрыс дамуы үшін әрдайым қолдау мен стимуляцияны қажетсінеді. Мұны тек аутизммен ауыратын баланың отбасы өздерінің қоғамнан және балабақша, мектеп, әлеуметтік орта сияқты қоғамдық бірлестіктерден көмек керек деген қажетсінулерін түсінген жағдайда ғана жасауға болады.

Қорыта айтқанда, жалпы қоғамның басым көпшілігінің аутист балаларға деген көзқарасы дұрыс. Бірақ қоғам аутисттерді ерекше тұлға деп қабылдағанымен, ғылым бұны психологиялық ауытқу деп санайды. Әр нәрсенің шешімі болатын сияқты, бұл аурудан да шығатын жол табылады. Тек аутизмді емдеу барысында жүргізілетін жұмыстар нәтижелі болуы керек. Қоғам ең алдымен аутистерді дұрыс көзқараспен қабылдай алса, аутизмнен құтылуға азда болса да септігін тигізеді деп ойлаймын. Ал қалғаны сол ауруға шалдыққан баланың өзіне байланысты. Алайда ұмытуға болмайтын нәрсе –ең бірінші міндет қоғамда жатыр. Себебі адам қоғамсыз өмір сүре алмайды және қоғам да адамдардан құралады. Ал аутистер - осы қоғамның бір бөлшегі.


Әдебиеттер:

1. Жанысбаева Р.М., Асқарова А.Б. Аутизм. [Электронды ресурс] – Қолжетімділік режимі: http://www.rusnauka.com/6_PNI_2013/Psihologia/9_130049.doc.htm



2. Әлемдегі әр 50-ші бала аутизмге шалдыққан – ДДСҰ [Электронды ресурс] – Қолжетімділік режимі: http://www.inform.kz/kaz/article/2644528

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика /О74 Жалпы редакциясын басқарған. ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. – 15 б.

4. Сапарова И.А.Хрестоматия по медицинской психологии. – А., 2011–67 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет