Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы Антропология


Атабек-хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы Айбалта



бет4/14
Дата16.09.2022
өлшемі37,78 Kb.
#149696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
глоccарий

Атабек-хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы
Айбалта-соғыс қаруы.
Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезіндегі мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін бос жіберу (мінбеу), асына сою.
Ауыздық-жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі.
Ауылбасы-ауыл билігін жүргізетін адам.
Асанас (Аснас, Ашнас)-Сырдария алқабындағы жергілікті жартылай отырықшы оғыз тайпалары салған ортағасырлық қала. Қызылорданың оңтүстігінде, Сырдарияның сол жағалауынан 25 км жердегі Іңкәрдария аңғарында орналсқан.
Атлах-ортағасырлық қала (VI-ХІІ ғ.ғ.). Жазба деректерге қарағанда Талас алқабында болған.
Баж-өңделетін жерге салынатын салық.
Балбал-бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
Басқақ-монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы.
Батыр-жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ.
Бәдіз-Орхон жазулары бойынша мүсін тас атауы.
Бәдізші- тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.
Бек-феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.
Беклер бегі-ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.
Бескіл-түрік тілдес тайпа.
Би-әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.
Бөрі – ежелгі түрік қағандарының дербес жасағының атағы.
Бұйда-түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.
Бұлақ-түрік тілдес тайпа.
Білікшілер-іс қағазын жүргізушілер, хатшылар.
Вақф-мешіттер мен медреселердің жер иелігі.
Гурхан-қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы.
Ғазнауи әулеті-Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.
Ғаныш-бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет