Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы Антропология



бет5/14
Дата16.09.2022
өлшемі37,78 Kb.
#149696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
глоccарий
синип.саат 1-Май — Қазақстан хәлқиниң бирлиги күни, синип.саат 1-Май — Қазақстан хәлқиниң бирлиги күни, Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жіктелуі срсп
Даруғ, даруға- ханның қаладағы мирасқор әкімі.
Дешті Қыпшақ-Қыпшақ даласы, ХІ-ХVI ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.
Диуан-мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мекемелер.
Дулулар-түрік тілдес тайпа.
Дулыға- темір телпек, соғыс кезінде қорғаныс үшін киілетін болған.
Дурут-Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елбөрлі, бөрілер-қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елтебер-қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым
Енисей жазуы-VI-VIІІ ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.
Ер-салт атқа міну үшін қолданылатын жабдық.
Ер-тұрман-салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты.
Жабғу-Оғыз мемлекетінің билеушісі.
«Жасақ» («Яса»)- Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жебе-садақ оғының, найзаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталады.
Көкілташ-хан мұрагерін тәрбиелеуші ұсатз.
Кундар немесе командар-венгр тіліндегі қыпшақ атауы.
Махаллалар- ортағасырлық қалалардағы көшпелілердің бөліктерін атаған (аула).
Мәмлүктер-ХІІ ғасырда түрік тілдес халықтардың және кавказдардың құлдықтағы жастарынан жасақталған египет сұлтандарының ұланы.
Өмілдірік-ат әбзелі. Ер-тоқымының кейін сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тегін-хан ұрпағы.
Теле-тайпа, көптеген түрік тілдес тайпаларының ортақ атауы.
Темірші- ұста, зергер.
Терракота- ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Тоныкөк тас жазуы-VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тотем- адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі.
Тухси-түрік тілдес тайпа.
Уәлаят-аймақтық-әкімшілік бөлік.
Уәзір-хан кеңесшісі.
Ұлыс-бірнеше арыстың жері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет