Автокөліктік психологияның шығу тарихы және даму бағыттары «Адам-машина»



Дата07.02.2023
өлшемі19,66 Kb.
#167718
түріМонография
Байланысты:
лекция 1.1


Автокөліктік психологияның шығу тарихы және даму бағыттары
«Адам-машина» жүйесін жобалау, пайдалану оператор мен техниканың өзара байланысы және басқару мәселелерімен айналысатын ғылым инженерлік психология деп аталады. Инженерлік психология жеке ғылым ретінде ХХ ғ 40 жылдардың басында құрыла бастады. 1963 жылы инженерлік психологияның Ломов Б.Ф. жазған алғашқы монографиясы шықты. Кеңес ғалымдары А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Г.М.Зараковский, В.Ф.Бенда, Д.Ю.Панов, В.П.Мунипов, В.Ф.Рубахин, В.Н.Пушкин, Л.С.Нерсесян және т.б. инженерлік психология ғылымымен айналысқан аса ірі тұлғалар болып табылады. Инженерлік психология пайда болғаннан кейін ғана техникадағы адамдық фактор қатаң ғылыми негізде қолданысқа енді. Әйгілі кеңес психологы А.Н.Леонтьев осыған байланысты былай жазған: «Машинадан адамды көруіміз қажет немесе, басқаша айтқанда, машинаны адам қызметі арқылы суреттеуіміз керек». Бұл инженерлік психологияның негізгі принциптерінің біріне айналды. Осыған байланысты, инженерлік психология бір-бірімен байланысы жоқ екі үлкен ғылыми білімді психология мен техниканы біріктіріп отыр. Адамға қойылатын талаптарды анықтау үшін техникалық ғылым ретінде инженерлік психология басқару құралдарын, ақпарат көздері мен сипаттамасын зерттейді. Психологиялық ғылым ретінде
инженерлік психология техникалық процестерді және адамның физиологиялық қасиеттерін зерттейді, адамның ағзасының ерекшелігіне байланысты техникалық құрылғыларға қойылатын шарттарын анықтаймыз, яғни техниканың адамның еңбегінің шарттарына және оның мүмкіншілігіне бейімделу мәселелерін шешеді. Автоматты құрылымды енгізудің бастапқы кезеңінде автоматтандырудың жоғарғы деңгей адамды өндіріс процесінен толықтай ысырып тастауына алып келеді деген ой кең тарады.
Бірақ адам машина ауыстыра алмайтын ерекшеліктерге ие. Оларға келесі қасиеттер жатады:
- кенеттен жұмыс шарты өзгергенде тез дұрыс шешім таба білуі;
- ақпарат жетіспегенде біртұтас ұғым қалыптастыру;
- белгілі жағдайда әртүрлі іс-әрекеттің тиімдісін таңдап алу;
- қателерді уақытында және тез түзету.
Сонымен қатар машина адамның алдында бірқатар ерекшеліктерге ие, оған мыналар
жатады:
- шектелген уақытта үлкен жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік беретін аса жоғарғы
өткізу қабілеті;
- жұмысқа қабілеттілігі жоғары әрі тұрақты;
- есептеу операциясының үлкен жылдамдығы мен нақтылығы.
Адам мен машинаның мүмкіншіліктерін салыстыру қорытындысы олардың ерекшелігіне тәуелді тек қана машина немесе тек қана адам істей алатын бірнеше функциялар қатарын бөліп алудың қажеттілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта машиналар емес, «адам-машина»
жүйесі жобаланады. Жүйе дегеніміз ортақ мақсатпен және ортақ ақпарат алмасу торабымен біріктірілген динамикалық байланысқан түйіндердің кез-келген кешені. «Адам-машина» жүйесінде әрқашан ақпарат алмасу жүреді машинадан адамға оның жұмыс тәртібі жөніндегі танысу ақпараттары болса, адамнан машинаға – бұйрық ақпараттар, яғни басқару іс-әрекетінде көрінетін ақпарат. Адам мен машина арасында қызметтерді дұрыс бөлу барлық жүйе жұмысының тиімділігінің басты шарты болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей автоматтандыру деңгейі басқару жүйесінде қаншалықты болса да басты рөлді әрқашан адам атқарады. Сонымен техникалық прогресс адамды қоғамдық өндірістен шығарып тастай алса да, керісінше адамның жаңа қызмет түрін операторлықтың пайда болуына алып келеді. Оператордың кез келген басқару жүйесіндегі қызметінің өнімділігі келесі факторларға тәуелді:
- келген ақпараттың ерекшелігі (ақпарат ағынының жылдамдығы, белгілер күші, оның
ұзақтығы, ақпарат көзінің орналасу кеңістігі, оның қабылдау жеңілдігі);
- қызметінің шарттары (ақпараттың бір деңгейде түсуі, шектен тыс көп ақпарат немесе
ақпараттың жетіспеушілігі, жұмыс орнының ерекшелігі);
- оператордың дара ерекшелігі (психофизиологиялық немесе жеке қасиеттер, теріс
сыртқы факторлар мен кедергілерге қарсы тұрақтылық, мамандандырылған дайындық
деңгейі, тәжірибе және жас мөлшері);
- оператор жағдайы (шаршауы, ауруы, психикалық қобалжуы немесе қажуы).

Қазіргі уақытта «адам—машина» жүйе бөлігінің жеке түрлерін зерттейтін толық пәндер


тобы пайда болды, олар: әскери психология, әуе психологиясы, теміржол психологиясы және т.б. Инженерлік психологияның классикалық мағынасының анықтамасын негіз ретінде алып, автокөліктік психология – бұл жүргізуші мен автомобиль техникасының ақпараттық қарым – қатынасының объективті заңнамалық процесін зерттейтін және жобалау процесінде оларды қолдану, құру және ЖАЖО тасымалдау жүйесіндегі
мақсаттарды зерттейтін ғылыми пән деп есептеуге болады. Оның негізгі міндеттері:
- автомобильдің және еңбек шартының жүргізушіге қарай бейімделуі;
- жүргізушінің психофизиологиялық мүмкіншіліктерін ескере отырып жүргізушінің
автомобильге және оның тасымалдау шарттарына бейімделуі,;
- бірыңғай ЖАЖО жүйесінің жалпы функциялану заңнамаларын көрсетілуі болып табылады.

Автокөліктік психологиясының соңғы мақсаты жүргізушінің және автомобиль техникасының мүмкіншіліктерін рационалды пайдалану негізінде ЖАЖО жоғары сапалы жүйесін құру. Қазіргі күнгі техниканың дамыған заманында автомобильді пайдалануда да, құрастыру кезінде де, автомобильді жүргізушіден оқшау қарастыра алмаймыз. Жаңа техниканы


адамның мүмкіншілігін ескермей құрастыра алмаймыз. Егер жаңа машинаны ойлап табуда адамның мүмкіншілігі есептелмесе, онда ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне және әртүрлі қателіктері мен апаттарға алып келеді. Автокөлік психологиясының негізгі бағыттары: психофизиологиялық, қолданбалы,
инженерлік педагогикалық және құрылымдық. Психофизиологиялық бағыттар жүргізуші қызметінің психофизиология-лық сипаттамасын табумен және зерттеумен айналысады. Бұл бағыт жүргізуші қызметінің
психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп оның еңбек өнімділігіне әсерін зерттейді, жүргізушілерге психофизиологиялық іріктеу мен таңдау шараларын ұйымдастыру, жүргізушінің денсаулығы мен жағдайына кері әсер ететін факторларды зерттеу, кәсіби аурулар және рейс алдындағы тексеру жүргізу әдістемесін зерттейді. Пайдалану бағыты әртүрлі жұмыс тәртібі мен шарттарында жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігі мәселелерін қарастырып, оның қызметінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ұсыныстар жасап және әдістер ойлап табады. Инженерлі-педагогикалық бағыт жүргізуші дағдысы мен білімділігінің қалыптасу ерекшелігін зерттейді, жүргізушілерді әртүрлі қызмет түріне дайын-дық жүргізіп, оқыту
әдістерінің ғылымыи негізделген әдістерін ойлап табады. Құрылымдық бағыт зерттеп, жаңа сериялы автомобильдерді құруда және жетілдіруде жүргізушілердің мүмкіншіліктерін есепке алады. Инженерлік психологияда да, автокөлік психологиясында болсын әңгімелесу, бақылау және тәжірибе жүргізу негізгі зерттеу әдістері болып табылады. Мұндай тәсілдерді бөлу
олар бір – бірімен байланысты болып, бірін – бірі толықтырып бір уақытта әртүрлі үйлесімдікте қолданылатындықтан шартты болып табылады.
Жүргізуші қызметінің барысында бақылау оның дайындығы жөнінде, жұмысқа қабілеті, өзін-өзі ұстауы, шешімге тез келушілігі, эмоцияға тұрақтылығы, бағдарлағыштығы, оның басқару қозғалысындағы жылдамдығы және нақтылығы жөнінде толық ақпарат алуға
мүмкіндік береді. Бақылаушы жүргізуші қызметінің ерекшелігі жөнінде толық білуі қажет, әдістің психологиялық мәнін жеткілікті елестете алуы және белгіленген бақылау мақсатын нақты түсінуі керек (мысалы, әртүрлі талаптарда жүргізушінің автомобильді басқаруға дайындығын анықтауы керек – түнде, үлкен жылдамдықта, тауда және т.б); басқарылмайтын қиылыста жүргізушінің іс-әрекеті мен тәртібін тексеру керек, басып озу, қозғалыс жолағын өзгерткенде жүргізушінің іс-әрекеті, ЖҚЕ білімін тексеру және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет