Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі



бет191/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Танымдық қабілеттер



Р/с

Проблемалық материал




Ойлау операциялары және тәсілдерін меңгеру әдістері

1.

Меңгерілген білімді жаңа материалға тасымалдау




Жүйелілік талдау. Синетика. Логикалық жаттығулар жүйесі.

2.

Байланыстарды анықтау




Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі. Генетикалық талдау.

3.

Жасырылған тәуелділіктер мен байланыстарды анықтау




Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі. Генетикалық талдау

4.

Ақпартты интеграциялау және синтездеу біліктілігі (қорытынды жасай білу)




Жүйелілік талдау. Морфологиялық талдау.

5.

Ақпартты ұйымдастыру




Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі.

6.

Жағдайларды талдау




Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Логикалық жаттығулар жүйесі.

7.

Процесті және нәтижені бағалай білу біліктілігі




Идеалды соңғы нәтиже түсінігі негізінде эталондар дайындау.

8.

Нәтижені болжай білу біліктілігі




Жүйелілік талдау. Генетикалық талдау

9.

Түсіндіре білу және дәлелдей білу біліктілігі




Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Логикалық жаттығулар жүйесі.



Шығармашылық қабілеттер

Р/с

Проблемалық материал

Ойлау операциялары және тәсілдерін меңгеру әдістері

1.

Қарама-қайшылықтарға сезімталдығы, проблемаларды қою және шешу.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі.

2.

Ақпаратты іздеудің басқа да альтернативті жолдарын қолдау.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау.

3.

Идеяларды және байланыстарды қайта топтауға қабілеттілік.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау.

4.

Дивергенттік ойлау. (құнды елес)

Ми шабуылы. Есептер шешу. Морфологиялық талдау.

5.

Процестің және нәтиженің әсемдігін сезіне білу.

ИСН (идеалды соңғы нәтиже) түсінігі негізінде эталондар жасау.

4. Проблемалық оқыту оқушының білім игеруі мен қабілетін проблемалық жағдайларды талдау жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Проблемалық оқыту кезінде мына нәрселер айқын көрінеді:

  • проблеманың тууы және сезіну;

  • шешімін табуға іздену, оның дұрыстығын тексеру.

Проблеманы сезіну оқушыда қиын жағдайдан шығу жолдарын табуға жетелейді. Проблемалық жағдайды тудыратын жәйттар:

  • проблеманың өзі;

  • білімнің жеткіліктілігі;

  • өз бетінше жағдайдан шығу мүмкіндігі;

  • оқушылардың танымдық қызығуы мен зерделік белсенділігі.

Проблемалық жағдайдың бірнеше түрлері бар:

  1. Оқушылар проблеманы шешуге қажетті білім жүйесін таңдауға оның көптігінен қателікке ұрынады.

  2. Білімнің жеткіліксіздігінен проблеманы шешудің мүмкіндігі жоқ екенін сезінеді.

  3. Оқушы білімді практикамен ұштастыруға кезігеді.

  4. Теориялық білімнің жетіспеушілігінен практикалық қарама-қайшылықтарға тап болады.

Сабақ өту барысында әр түрлі проблемалық жағдайлар тууы мүмкін. Мысалы, мұғалім тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-жауап алу арқылы оқушыларды қызықтыра түсуі мүмкін. Проблемалық жағдайды тақырып мазмұнын түсіндіріп тұрғанда да жасауға болады.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сабақты ұйымдастыру оның нақты мазмұны мен мақұсатына тікелей қатысты. Сондықтан проблемалық оқытудың талабына жауап беретіндей етіпұйымдастыру қажет. Проблемалық оқытуда мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырушы ретіндегі ролі үлкейеді. Проблемалық сабақты тиімді өткізу үшін:

  1. Оқушыларды проблеманы қабылдауға дайындау қажет.

  2. Оқушыларға белгілі білім мен фактілерден проблемалық ситуация жасау.

  3. Проблеманы тұжырымдау.

  4. Пайда болған қарама-қайшылықты шешу үшін тболжам жасау.

  5. Болжамдарды талдау арқылы кейбіреулерін жоққа шығару және басқаларын бекіту.

  6. Қорытындыларды тұжырымдау.

Проблемалық сабақ барысында мұғалім проблемалық жағдайды шешу процесіне басшылық етеді; оқушыларға шешу жоспарын таңдауға және шарттарды талдауға көмектеседі; шешу, қабылдау процесінде консультациялар береді; өзін-өзі бақылау тәсілдерін табуға көмектеседі; қателерді талдайды; проблеманы ұжымдық талқылауды ұйымдастырады.
Проблемалық жағдайды жасау үшін келесідей шарттар қажет.

  1. Мұғалімнің оқушыларға практикалық және теориялық тапсырма беру арқылы аталған тақырып бойынша меңгеруге қажетті жаңа білім немесе әрекет тәсілдерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

  2. Проблемалық тапсырма оқушылардың интелектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

  3. Оқушыларға проблемалық тапсырма бергенде, мұғалім олардың нақты білім деңгейімен санасуы қажет.

  4. Проблемалық тапсырма ретінде оқу есептері, сұрақтары, практикалық тапсырмалар т.б. болуы қажет.

  5. Меңгеруге тиісті бір сұрақ көлемінде, әр түрлі тапсырмалар түрінде проблемалық ситуациялар пайда болуы мүмкін.

  6. Егер оқушы проблемалық жағдайдан шыға алмаса, яғни шешім таба алмаса, мұғалім пайда болған жағдайды тұжырымдап, не себептен орындалмағанын көрсету қажет және жаңа шешімді табу үшін жаңа оқу материалын түсіндеруге кірісу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет