Өткізу жолағы – Bandwidth – полоса пропускания – ақпаратты жеткізу үшін желідегі рұқсат етілген жиілік ауқымы. Өткізу жолағы неғұрлым кең болса, кәбіл бойынша берілетін мәліметтердің көлемі солғұрлым үлкен бола алады. Өткізу жолағы сандық сигналдар үшін секундтағы биттермен (бит/с) немесе аналогтық үшін герцтермен (Гц) өлшенеді.
Өткізіп жіберу қабілеттілігі – Пропускная способность (Bandwidth) –уақыт бірлігі ішінде желілік жалғастыру арқылы беріле алатын ақпарат мөлшері.
Пайдаланушыға ынтымақтастық – Дружественность к пользователю – түсініктілікті, қатынас құрушылықты, жеңіл басқарушылықты қамтамасыз ететін пайдаланушы интерфейсінің сипаттамасы.
Пайдаланушының интерфейсі – Интерфейс пользователя – пайдаланушының жүйемен немесе желімен өзара әрекеттесу процедурасын анықтайтын интерфейс.
Пакеттерді трассирлеушілер – Трассировщики пакетов (Packet sniffers) – желідегі ақпараттарды бақылайтын бағдарлама..
Параллель порт – Параллельный порт – ол арқылы ақпараттар тұтас байттарымен берілетін жән қабылданатын компьютердің стандарттық порты. Принтерлерді, сканерлерді қосу, компьютерлерді тікелей жалғастыру және басқа құрылғыларды қосу үшін қолданылады.