Сатып алушы – Покупатель – нақты жағдайдағы тұтынушы. Ескерту: Сатып алушы кейде сауда саттық қызметтегі екінші тарап ретінде қарастырылады.
Сәйкессіздік – Несоответствие – қойылған талаптардың орындалмауы. Ескерту: Осы анықтама сапаның бір не бірнеше сипаттамасының (оның ішінде сенімділіктің) немесе сапа жүйесі элементтерінің болмауын, не олардың қойылған талаптардан ауытқуын енгізеді.
Сәйкестілік сертификациясы – Сертификация соответствия – ұқсастырылған өнім, процесс немесе қызмет ету нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа тиісті түрде сәйкес болатынына қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін дәлелдейтін үшінші тараптың әрекеті.
Сектор – оқуды немесе жазуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дискідегі кеңістіктің ең аз блогы. Әдетте сектордың көлемі 512 байтқа тең болады.