Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема.
Процессор командаларының жүйесі – Система команд процессора– процессордың мүмкін болар нұсқауларының толық тізімі.
Процессор регистрі – Регистр процессора – мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылатын процессордың арнайы ұяшығы. Процессор командасы регистрде сақталатын мәліметтермен операция жүргізеді.
Редакциялау – Редактирование – құжатқа өзгерістер енгізу (құжатты түзету).
Реестр – компьютерде орнатылған операциялық жүйеде тіркелген жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігі туралы барлық ақпараты бар Windows 95/98 операциялық жүйесі мәліметтерінің арнайы қызметтік базасы.