Пернетақтаның орналасуы – Раскладка клавиатуры – пернетақта пернелерінің ұлттық әліпби символдарына сәйкестік жүйесі.
Пиксел – экранның ажыратуын өлшеу бірлігі. Компьютер басқара алатын жеке жарқырайтын нүктеге, түске және жарықтылыққа сәйкес келеді. Ағылшын сөзі «рiхе1» қысқартылған тіркес «рicture се11» (кескін элементі) болып табылады.
Порт (Port)– компьютерге шеткері жабдықтарды қосу үшін арналған логикалық аппараттық құрылғы.
Портал – адамдарға бір бірімен өзара әрекеттесу, өз мүдделеріне сәйкес ақпараттық ресурстарды табу мен пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрамдас дербес интерфейсі бар WWW-жүйе.