9-тақырып Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігі
Дәрістің жоспары:
9.1. Автомобиль трансмиссиясы;
9.2. Ілініс;
9.3. Беріліс қорабы;
9.4. Карданды беріліс;
9.5. Басты беріліс және жетекші белдік.
Дәрістің қысқаша мазмұны
9.1 Автомобиль трансмиссиясы Автомобильдің жетекші дөңгелектеріне мотордың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші дөңгелектерге таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол мотордың иіндібілігі айналу жиілігінің жетекші дөңгелектер айналу жиілігіне катынасына тең.
Тартымдылық күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күші, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күші. Қозғалыста кедергі күштер өзгеріп отырады. Соған сәйкес жетекші дөңгелектерде тартымдылық күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тартымдылың күш жетекші дөңгелектердің жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жогарғы тартымдылық күш автомобильдің барлық дөңгелегіне жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші дөңгелек жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
- механикалық;
- гидравликалық;
- электрлі;
- құрамалы.
Трансмиссия – қозғауыштың білігінен жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді.
Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.
Іліністер механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Электрлі іліністер сирек кездеседі. Механикалық ілініс бір және бірнеше дискілі болады. Беріліс қораптары сатылы, сатысыз, гидравликалық және автоматты болып белінеді.
а, б, г - мотор автомобильдің алдында немесе; в - артында орналасқан, жетекші дөңгелектер; б – алдыңғы; в - артқы немесе г - екі білікте де орналасқан; 1 – радиатор; 2 – мотор; 3 - жетекші біліктер; 4 - дөңгелектер.
9.1 – сурет– Автомобильдің моторлары мен жетекші дөңгелек білікерінің орналасуы.
Дөңгелек формуласы 4x2 автомобильдер үшін жиі қолданылатын схема, моторы алдында орналасқан, артқы дөңгелектері жетекші және орталық бойлық оське негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастырған («Волга», ГАЗ - 53, МАЗ - 5335 және басқалар).
Схемасы 4x2 жеңіл автомобильдердің механикалық трансмиссиясы әр түрлі болады. Мысалы, артқы дөңгелегі жетекші және мотор артында ЗАЗ - 968 М «Запорожец» автомобилі (9.1 сурет, в-нұсқасы) немесе алдыңғы жетекші дөңгелек және мотор алдында автомобиль ВАЗ - 2108 секілді (9.1 сурет, б-нұсқасы). Бұндай трансмиссияда карданды беріліс қорабы мен жетекші белдік арасында болмайды. Ал жетекші дөңгелектерге беріліс жартылай осьтер арқылы емес, карданды арқылы жүргізіледі. Жетекші басқарушы дөңгелектерге жетек тең бұрыштық жылдамдықты карданды беріліс арқылы жет-кізіледі.
«Нива» сияқты Ресей және шетел автомобильдерінде 4x4, 6x4, 6x6 схемалары қолданылады.
Ілініс мотор мен трансмиссияны уақытша ажыратуға және оларды кайтадан қосуға арналган.
Трансмиссия мотор мен жетекші дөңгелектер арасындағы байланыс сипатына қарай механикалық, гидрокөлемдік, электрлік және,. құрамалы (гидромеханикалық, электро-механикалық) болып бөлінеді.