Автомобиль трансмиссиясы


Басты беріліс және жетекші белдік



бет4/4
Дата05.12.2022
өлшемі170,19 Kb.
#161188
1   2   3   4
Байланысты:
9-та ырып Автомобиль трансмиссиясы мен ж ріс б лігі Д рісті жос

9.5 Басты беріліс және жетекші белдік
Автомобильде жылдам жүрісті, куатты моторлар қолданылады. Олардың айналу жылдамдығын басты беріліс бірнеше есе азайтып, дөңгелектерге береді. Деңгелектердің қозғалу кажеттілігінен төмен момент болып келеді. Немесе, айналдыру моментін көбейтіп, моторларда айналу жылдамдығын азайтады, сөйтіп жетекші дөңгелекті козғау, тарту күшінің кажетті деңгейіне жеткізеді.
Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк көліктерінде 6,5-9,0 аралығында, ал жеңіл көліктерде 3,5 ...5,5 аралығында болады.



а, б, в – сыңар берілісті, г, д – қос берілісті; е-редуктор; 1 – жетекші шестерня; 2 – жетектегі шестерня, 3,4,5,6,8,11 – шестернялар, 7 – жартылай ось, 9 – саттелит, 10 – ось.
9.6 – сурет – Басты беріліс.
Автомобильдің жетекші белдігі. Автомобиль құрылысы бойынша белдіктер қолданады. Жетекші белдікте картер, басты беріліс, дифференциал және дөңгелек жарты осьтері орналасады.
Жалпы пайдаланылатын автомобильдердің алдыңғы және артқы жетекші белдігі болады. Корпусынан басқа екі белдіктің кұрылысы бірдей. Олар жетекші белдіктерден, корпустан, басты берілістен және дифференциалдан тұррады.
Басты беріліс (сурет 9.6) бір (а) немесе (б) екі жұп шестернядан тұрады.
Осы берілістердің басты қызметі моторлардан дөңгелектерге берілетін айналыстың беріліс санын ұлғайту және беріліс бағытын 90 градқа бұру.
Дифференциал. Дифференциалдар осьтік және белдік аралық болып бөлінеді. Осьтік дифференциалдар бір оське орналасқан екі дөңгелек аралығына, ал белдік аралық — жетекші белдік аралығына орналастырылады.
Автомобиль тек тіке жүрмей, жол қисығына байланысты бұрылып отырады. Ол бұрылғанда ішкі дөңгелектер кіші радиуспен, ал сыртқы дөңгелектер үлкен радиуспен бұрылып жылжиды. Немесе сыртқы дөңгелектің жылдамдығы ішкі дөңгелектерден артық болады. Олардың әр түрлі жылдамдықпен айналуына симметриялы немесе симметриясыз дифференциалдар (сурет) мүмкіндік береді.
Дифференциалдың конусты шестернясы (4) (суретте) жетекші автомобиль дөңгелектерінің жартылай осьтерімен (5) саттелиттер (3) арқылы жалғасады. Май аз болғанда, шестернялар мен подшипниктер тозғанда не тісі сынғанда да шуыл мен тарсыл пайда болады. Дифференциал тозғанда шуыл тек бұрылыста туындайды. Егер май аз болса, үстеп құяды, сынған не тозған бөлшекті алмастырады.



а – тіке жүрісте; б – бұрылыс кезінде; 1 – конусты үлкен шестерня; 2 – саттелит осі, 3 –саттелит; 4 – жартылай ось шестернясы; 5 – жартылай ось.
9.7 – сурет – Конусты шестернялы дифференциал
Бақылау сұрақтары
1 Іліністің тағайындалуы қалай?
2 Іліністің қандай жетектегі және жетекші бөліктері бар?
3 Іліністің жетекші дискіден жетектегі дискіге айналу моментінің берілісі қалай жүзеге асады?
4 Іліністі қосу және сөндіру қалай жүзеге асады?
5 Беріліс қорабтың тағайындалуы қалай?
6 Сатылы беріліс қорабының жұмыс істеу принципі неде?
7 Сатылы беріліс қорабында беріліс қатынасының өзгерісі қандай түрде болады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет