Жамбас белдеуімен аяқтың еркін сүйектерінен тұрады.
1 — мықын сүйек қанаты; 2 — алдыңғы жамбас сызығы; 3 — артқы жамбас сызығы; 4 — жоғарғы, алдыңғы мықын өсіндісі; 5 — жоғарғы, артқы мықын өсіндісі; 6 — төменгі, артқы мықын өсіндісі; 7 — үлкен отырықшы ойдымы; 8 — төменгі жамбас томпағы; 9 — төменгі, алдыңғы мықын өсіндісі; 10 — мықын сүйек денесі; 11 — жарты ай беті; 12 — ай төмені ; 13 — кішкене отырықшы томпағы; 14 — отырықшы сүйек денесі; 15 — шат сүйегінің жоғарғы ұшы; 16 — шат томпағы; 17 — жамбас жапқышы; 18 — шат сүйегінің төменгі ұшы; 19 — отырықшы томпақ; 20 — отырықшы сүйек өсіндісі
ЖАМБАС СҮЙЕК (СЫРТҚЫ КӨРІНІС) – мықын, шат, отырықшы сүйектен тұрады. Адам 14-16-ға келгенде бұлар тұтас бір жамбас сүйегіне айналады. Сүйектердің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұңқыры бар. Бұл шұңқырға сіңір арқылы сан сүйегі бекиді.
ЖАМБАС СҮЙЕГІ (Ішкі көрініс)
1 — мықын қыры; 2 — мықын ойдымы; 3 — мықын томпағы; 4 — мықын сүйек қанаты; 5 — жоғарғы, артқы мықын өсіндісі; 6 — жоғарғы, алдыңғы мықын өсіндісі; 7 — құлақша беті; 8 — төменгі, артқы мықын өсіндісі; 9 — төменгі алдыңғы мықын өсіндісі; 10 — доға сызығы; 11 — үлкен отырықшы ойдымы; 12 —мықын сүйек денесі; 13 — отырықшы сүйек денесі; 14 — шат сүйек денесі; 15 — отырықшы сүйек; 16 — шат жапқыш; 17 — жамбас жапқыш ойдымы; 18 — алдыңғы жапқыш томпағы; 19 — шат сүйегінің жоғарғы ұшы; 20 — отырықшы сүйек өсіндісі; 21 — томпақ кедірі; 22 — жамбас жапқышы; 23 — шат сүйегінің төменгі ұшы
Мықын сүйегі – жуан бөлігі денесі, жалпақтанып жайылған бөлігі қанаты. Қанатының жоғарғы жағы кеңейіп мықын сүйегінің қыры шығады, оның алды мен артында жоғарғы және төменгі қыр томпақтары бар. Қанатының ішкі беті шұңқыр, артында құоақша беті бар. Ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады.
Отырықшы сүйек - оның денесімен тармақтары бар. Тармақтардың жуандау жері төбешік деп аталады. Төбешіктен жоғары және артқа қарай отырықшы қыры басталады. Қырының жоғарғы жағында үлкен отырықшы ойық бар.