Аягөз аудандық білім бөлімі Бозай аулындағы «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» кмм



бет4/5
Дата23.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#133014
1   2   3   4   5
Байланысты:
0014cc49-d5853075
stud.kz-18429, АҚТ 4класс Программалау Ойын сценарийін құру Презентация, ҚМЖ 8 сынып, ҚМЖ 7-сынып
2. ЕХРО 2017 Astana
Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросы ұйымының қатарына мүшелікке 1997 жылы қабылданып, ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап белсенді қатысып келеді. Атап айтар болсақ, 2005 жылғы ЕХРО көрмесі Жапонияның Аичи қаласында, 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында өтті.
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб пәтеріне Қазақстан Үкіметі Астанада ЕХРО 2017 көрмесін өткізу туралы өтінімін тапсырған болатын. Содан бері Қазақстан ЕХРО-2017 Astana көрмесін өткізуге үміткер ретінде сайлау науқанын айтарлықтай табысты өткізді. Соның нәтижесінде 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 157 елдің 135-інің жасырын дауысын беруі нәтижесінде ЕХРО -2017 көрмесін өткізуші үміткер елдің есімі белгілі болды. Ол – Қазақстан, көрмені өткізу құрметіне елордамыз Астана ие болды.
Әрине, бүкіл әлем алдында мемлекеттің бар жетістігін жайып салып , қуат күшімізді дүйім жұртқа паш ету онай шаруа емес. Мұның үстіне халықаралық көрмелер бюросының талаптарына сәйкес, көрмені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласы әлемнін 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық жиһангезді қабылдай алатындай қауқарлы болуы керек екен.
Ал, бұл, сөз жоқ, алдағы 3 жылдың еншісіндегі әзірлікке тікелей байланысты. Тағы бір мақтан тұтар – «ЕХРО-2017 Astana» көрмесі ТМД елдері мен орталық Азия аумағында өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. Олай болса, Қазақстанды алдағы 3 жыл көлемінде қыруар дайындық шарасы күтіп тұр. Міне, сынға түсер маңызды сәтте нақ осы. Ұлттық құндылығымызды лайықты жария етіп, әлем алдында қазақ халқының абыройын асқақтатуға жазсын.
2017 жылға дейін Астанада халықаралық көрмеге лайықталып ондаған ғажайып ғимараттар бой көтеретін болады.
Қазақстан 1997 жылы халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып қабылданған. Көк туымыз тұңғыш рет Лиссабонда өткен «ЭКСПО-ның» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көтерілді. 2005 жылы Жапонияның Анчи қаласында бірінші рет отандық экспозиция қойылса, 2008 жылы Испанияның Сарагос қаласында Қазақстандық павильоны 3-орын алды. 2010 жылы Шанхай қаласындағы көрмеде қазақстандық павильонды жарты миллионнан астам адам тамашалап, еліміздің жетістігімен танысты. Осындай баспалдақтан өттік.
Астана мұндай табысқа онай жолмен жеткен жоқ. Әлемнің бірнеше
қаласы үміткер болған бәсекеде Қазақстанның абыройы асқақтағы. 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясының 152-ші отырысына қатысқан әлемнің 148 мемлекетінің өкілдерінің 103 –і Қазақстанды қолдап дауыс берген.

12
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев мұндай жетістікке жетуді «Астананың жетістікке жетуі онайға келген жоқ. Оның қарсыластарыда
мықты болуыда тегін емес. Біріншіден ,біздің астананың орталықта болуы , оқиғаның әлемдік рангта болуынан қабылданды.Екіншіден, Қазақстанды таңдау біздің мемлекеттің жоғарғы жетістігін бағалап,Еуразия барлық даму аймағындағы деңгеиінің өрлеу мүмкіндігі. Үшіншіден, жеңіске жетудің маңыздылығы бізге міндеттелген тақырып – «Энергияның Болашағы». Ал сонғысы, негізгісі Астананы таңдау барлық қазақстандық халықтардың игілікті ісі» деуі тегін емес.
Көрме орталығы елорданың оңтүстік-шығыс бөлігінде салынады. Оның көлемі 113 га құраса, 25 га кешен орталығы, қалған бөлігі көлікке арналған орын болмақ. Көрмеге қатысушыларға арналған 1050 пәтерлік қалашық бой көтереді. Тұрғын үй кешені болашақта Астана меншігіне өтіп, ел игілігіне пайдаланады. Жоспар бойынша жаңадан 15 бесжұлдызды және 25 3-4 жұлдызды қонақүйлер бой көтермек. Сондай-ақ әуежайда қайта жөндеуден өтіп жанарту жоспарда бар. (Қосымша №3 қараңыз)
2017 жылдың 10 маусымында ашылатын көрме 3 айға созылып, еліміздің зор жетістігін әлемге паш еткелі отыр. Бұл барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке, толағай табысымызды әлемге көрсетудің бір жолы, бейбіт әрі байқуатты ел екендігімізді өзгелерге өнеге ете алатын сәт болмақ. «Жыл жобасы» деуге болатын көрмеге дейін еліміз талай асуды алары да даусыз.
2017 жылы өтетін Астана ЭКСПО-сы сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндіреді деген үміт бар. Себеп – елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр. Астана көрмесінде Табиғат – Анаға залалсыз «жасыл технологиялар» алдынғы орынға шықпақ. Ең бастысы, ЕХРО-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару астананың абыройын асқақтата түсері анық. Біз соған қуанамыз.
Жоғарыда айтқандай, энергетика және экология мәселелері ерекше маңызға ие. Тақырып энергия үнемдеу мәселесін және күн,жел энергиясы және теңіз,мұхит,термальды судың енергетикалық ресурстары сияқты балама энергия көздерін енгізу мәселесін кеңінен ашуға мүмкіндік береді.
Бұл бағытта жаңа технологияларды іздеу ел үшін басым міндет және ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асырылады.Жаңадан құрылған «Назарбаев университетинде»бейіндік зерттеу орталығы,соның ішінде Баламалы энергия орталығы құрылған. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қазақстан жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бері жел энергетикасын дамытуға бағытталған айқын жұмыстар жүргізілді. Республиканың әр облысындағы 10 аланыңда желдің әлеуеті зерттелді. Олардың сегізі бойынша алдын – ала зерттеулер өткізілді. Барлығында жобаларды табысты жүзеге асыру үшін жаранды орташа жылдық желдің жылдамдығы (56 м/с шамасында ) бар екені расталды.

13
ЕХРО көрмелерінің өткізудегі мақсаттың бірі, ол көрмелерде ұсынылған технологияларды өмірге енгізу болып табылады.
Энергетика саласын да Қазақстанның ірі әлеуетін ескере отырып,
ЕХРО 2017 көрмесіне ұсынылған жетістіктер өндіріске табысты енгізілетін болады.
Сонымен қатар, ЕХРО 2017 көрмелік павильондардың бөлігі баламалы көздердің электр энергиясымен, мысалы, миннигелеостансы есебінен жабдықтауды жоспарлап отыр.
ЕХРО 2017 өткізу елорданыңда, тұтас республиканыңда экономикалық және инфроқұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады.
Астанадағы шағын және орта бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласында қонақүй бизнесі мен ішкі туризмді дамытуға елеулі әсер етпек. Бұл шара көрме нысандары мен елорданың инфрақұрылымын салуға айтарлықтай жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өнерімен, дәстүрімен және қонақжай мінезімен таныстыруға жол ашпақ, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығымен жоғарылатады.
Елорданың мәдени дамуы да маңызды іс. ЕХРО өткізу кезінде Астана қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әртүрлі мәдениетпен үндеседі. Күн сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.
Турситер мен көрмеге қатысушылардың айтарлықтай мол саны оларға қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерліктің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс мүмкіндіктері пайда болады.
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы ЕХРО 2017 көрмесін өткізу жаңа энергия сақтау технологиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеу үшін тамаша мүмкіндік бола алады.
Студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігіне айналады.
2011 жылы Қазақстан ішінде халықаралық алаңдар негізінде ЕХРО 2017 жобасы бойынша ақпараттық имидждік жұмыс жүргізілді. Бұл Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Еуропа қайта құру және даму банкінің жылдық жиналысы, Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Еуропалық болашақ энергиясы форумы, сондай-ақ Қазақстанда Еуропалық компаниялар қауымдастығының дөңгелек үстелі, Орталық Азия мен ТМД-дағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша өңірлік конференция сияқты қоғамдық алаңдар.
Сонымен бірге бес тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан) арнайы www.expo2017astana.com интернет ресурс құрылды.
Қазақ – орыс және ағылшын-француз тілдерінде ЕХРО 2017 арнайы кітапшасы, сондай-ақ бұқаралық ісшараларға арналған ақпараттық флаер

14
шығарлды.
2012 жылғы 11 қаңтар мен 10 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министлігі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) қолдауымен Астана қаласында ЕХРОхЕХРОS «Көшпелі көрмесін» өткізді. Екі ай бойы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары ЕХРО тарихында өткен көрмелердің ахуалын сезіну мүмкіндігіне ие болды.
2017 жылы, енді небәрі 3 жылдан кейін зу етіп келіп қалатын ЭКСПО елдіктің ерен сынағы екенін әрбір қазақстандық көкірегіне түюге тиіс.
ЭКСПО- бүкіләлемдік көрме. Оның өткізу мүмкіндігі елге жүз жылда бір рет қана берілуі мүмкін. Кей елдерге жүз жылдапта берілмеуі де мүмкін. Қазақстан – сондай мүмкіндікке тәуелсіз дамуының алғашқы ширек ғасырында-ақ қол жеткізген сирек елдердің бірі. Осы табысымыз арқылы біз Астананың 20 жылдығына қазірден тамаша сый дайындап жатырмыз. ЭКСПО-2017 - мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің енселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақ жайлылығын, айналып келгенде ұлттық ұлылығын көрсететін тұс. Дәл солай боларына сенеміз.
Сөз басында айтып өттік, бірінші Дүниежүзілік көрме Лондонға әйгілі Хрусталь сарайын қалдырған. Париждегі Эйфель мұнарасы 1889 жылғы көрменің баға жетпес жәдігері болған. «ЭКСПО» көрмесін қабылдаған барлық мемлекетте осындай айшықты қолтаңба қалып келеді.
Ал, Астана ғалам жұртшылығына «Болашақтың энергиясы» жобасын ұсынбақ. Жалпы, тек Қазақстанды ғана емес, әлемді жаңғыртуға қабілетті жобалар ұсынып келе жатқан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен тұсауы кесілгелі отырған бұл жоба Астана жеңісінен кейінгі екі-үш күн ішінде әлемдік деңгейдегі энергетик-мамандардың қызығушылығын тудырып, оң бағасына ие болуда.
Қысқасы, айналаға зиянсыз, қайманаға пайдалы баламалы энергия көзін қолданысқа енгізу мүмкіндігін дәлелдейтін боламыз. Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Н.Назарбаев:
– Сіздер білетіндей, Қазақстанда дәстүрлі ресурстардың – мұнайдың, газдың, көмірдің, уранның мол қоры бар. Сонымен қатар, біз баламалы энергия көздерінің қуатты әлеуетін ашуға ұмтылудамыз. Қазақстан экономиканы жасылдандыруға бағыт ұстап отыр, – деген болатын.
Қазақстан ұсынған бұл жобаның өміршеңдігіне көрменің Астанада өтуіне сенім білдірген мемлекеттердің даусы кепіл. Және, бұл сенім – біржолғы көрмені ұйымдастыру мүмкіндігімізге ғана емес, Қазақстан дамуының серпініне берілген баға.
Бұған дейін бітімгерлік алаңы болып келген ару Астана ендігі жерде жаһандық өркениет жаршысына айналмақ!



15


Қорытынды

Өз басым Турбо Паскаль программалау тілін оқып үйренгеннен бері информатика пәніне деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Себебі, бұғанға дейін информатика пәнін қиын пәндердің тізіміне қосып келгенмін, енді оны өте қызықты пән деп есептеймін.
Болашақта информатика пәнінен олимпиадаларға қатысамын деген оймен осындай есеп құрастырдым. Болашақта информатика пәніне байланысты әртүрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысамын деген ойдамын.
Қазіргі таңда мұндай тақырыптар біз тек қосымша сабақтар, сондай-ақ олимпиадаға дайындалу барысында ғана қарастырамыз. Бұл тақырыптар күнделікті сабақтың жоспарына енгізілсе деген ұсыныс – тілегім де жоқ емес. Өзім келешекте тек қана Турбо Паскаль программалау тілін пайдаланып әлі де талай қызықты сабақтан тыс программалар құрастырғым келеді. Себебі, бұл білгендерімнің бәрін болашақта іні-қарындастарым жан-жақтан іздемей, күнделікті сабақта оқуы керек қой.
Мектептегі информатиканы жақсы көретін балалардан осы арман-ойларым жайлы сұрастырғанда, олардың да осы тақырыптарға қатысты қызығушылықтары жоғары екені байқалды.
Сөзімнің соңында «Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс» - деген Шәкәрім атамыз айтқандай, өзімізше қозғалыс бастадық деген ойдамыз. Қолғабыс білдіремін, пікір қосамын деуші кез келген адамды тыңдауға әзірміз.
Іздену жұмыстарымыз бен зерттеу жұмыстарымыз көрсеткендей



16




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет