Аян: Салем достар. Осы видео біздің балалық шақтағы бақытты күндердің естелігі екені сөзсіз. Барлықтарыңа бақыт тіледім!
Таннур: Бүгінгі күні барлықтарың емтиханды сәтті аяқтап, өздерің қалаған армандарыңа қарыштап қадам басқандарыңды білемін. Сәттілік болсын!
Назерке: Салем! Салем! Салем! Достар бүгінгі күні барлықтарыңды сағынып еске аламын және қуана бөлісетін жақсы жаңалықтарың бар екенін сезіп тұрмын. Аман болайық.
Әсемгуль: Болашақтан жалынды сәлем. Бүгінде еліміздің, тіпті әлемнің түп-түпкірінде беделді қызметте жүрген боларсыңдар! Жақысылықтар көп болсын.
Алишер: Кез қайда балалықты бірге өткізген? Сағынысып жүрміз ғой сол кездерді. Достар, бәріңе сәлем.
Салтанат: Салем. Балалықтың балғын шағын, жастықтың жалындаған күндерін бірге өткізген достар. Әлемнің шартарабын араласақта, өздеріңдей достар қымбат.
Адия: Парталас құрбы-қыздар, достар барлықтарыңа жалынды сәлем. Мен де өз болашағымның алтын кілтін қолымда ұстап, өмірімнің жарқын күндерінде арманыма қарай нық қадам бастым. Сіздерде солай екеніне сенемін.
Арайлым:Шыныменде, бәріміз бүгін есейіп, бір-бір маман иесі болсақта, осы видеоны қосқанда, балалық күнге саяхат жасарымыз сөзсіз. Бәріңе бүгінгі күннің жалынды сәлемін жолдаймын.
Шамшырақ:Салем достар, болашақ жарқын болу үшін, көп ізденіп, білімді әрдайым шыңдау қажет. Әлемнің жетекші оқу орнындарында білім алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сол мүмкіндікті уыстан шығарып алмайық ,достар.
Айдос: Салем! Шынымен де есейген сайын адам балалық шағын сағынады екен. Алар асуларыңның биік болуына тілектеспін.
Қарлығаш: Салем достар. Бүгінгі күні жүрегімнен шыққан ізгі тілегімді қабыл алыңдар. Өмірлеріңде жақсылық, сәттілік болсын. Амандықта кездескенше күн жақсы болсын!
Аружан: Достар! Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре беріңдер!
Ақниет: Салем достар. Есейіп кетсекте балалықты бірге өткізген достар әрдайым ыстық екенін сезінген болармыз. Әр адамның ізгі арманы бақытты болу. Бүгінгі күні өмірдің күтпеген тосын сыйлары сендерді бақыт пен қуанышқа бөлеп жүрген болар. Шын жүректен өмірдің ізгілігі мен бақытын тілеймін.
Зираш: Салем, менің достарым. Бәрімізде өзіміз іздеген бақыт жолын тапқан болармыз. Жарқын жүздесулерде кездескенше.
Исламбек: Шыныменде достар, жақсы күндерде кездейік. Арманымыз орындалып, өмірдің игілігін көрейік. Биік-биік асулардан асып, көңіліміз қуаныштан тасып жүрсін.