Қазақ ақыны, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары "Бір ел -бір кітап" Республикалық акциясы аясында жалпы халықтық



Дата29.01.2018
өлшемі155,71 Kb.
#36196
Қазақ ақыны, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары

"Бір ел -бір кітап" Республикалық акциясы аясында жалпы халықтық

оқуға 2017 жылғы "Жыл кітабы" ретінде таңдалды.
Баршаңызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын

оқуға шакырамыз!

Тақырыбы: «Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров»

Сабақтың мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясының биылғы жылғы кітабы болып белгіленген –ақын-жазушысы С.Торайғыров жайлы ақпарат беру, кітап оқуға баулу.Оқырмандарға жаңашыл қоғамның өмірін аңсап,армандап кеткен дара ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насиха-тау.Оқушы шығармашылығы мен ізденімпаздығын арттыру.

Аяулым: Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі,демократ,ақын-жазушысы С.Торайғыровтың туғанына 28 қазанда

120 жыл толып отыр. Осы орайда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармала-ры "Бір ел -бір кітап" Республикалық акциясы аясында жалпы халықтық



оқуға 2017 жылғы "Жыл кітабы" ретінде таңдалды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті,асқан дарынды ақыны,ағартушы педагогі.Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын,ұлағатты ұстаз,педагог.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылығына арнаған.

Ақынның «Алаш ұран» атты өлеңін оқу,бейнетаспа,слайд көрсету

Ғаниұлы Нығмет: «Оқып жүрген жастарға».

Бақбаулет: С.Торайғыров 23 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Үш жасында анасы өліп,әкесінің қолында тәрбиеленеді. Оның ту-ған әкесі кедей шаруа, момын,қазақша хат тани білетін адам болды.Ақын бар бол-ғаны бір жасқа толғанда, анасы қайтыс болды.Ол балалық шағынан аштық пен жалаңаштықты,қиындықты көріп өсті.Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде,әкесі-нен оқып,хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға бе-реді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап,он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.

Абдуакил Ақмарал: «Қазақ тілі».

Аяулым: С.Торайғыров 1908-1910 жж. Баянауыл қаласында ашылған діни медіреседе оқиды.1912 жылы Сұлтанмахмұт Тройцк қаласына келіп,мұсылман діни мектебіне оқуға түседі. «Шәкірт ойы» деген өлеңінде Сұлтанмахмұт онда барып оқуға түскен кезде іздегенім табылды, енді дегеніме жетем деген ойға келеді.

Айдынғали Жания: «Гүләйім»

Ермұханова Аяна: «Орнымыз медресе оқып жатқан».

Бақдәулет: 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады.

*1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жыл-дай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

Мейірбекова Арайлым: «Неге жасаймын»

Аяулым: 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын


  • 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмы-сын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге ас-пады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды.

Апрель Кенесары: «Шығамын тірі болсам адам болып»

Бақдәулет:

Осындай көңіл-күй әсерімен



“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді

Ырғалбек Мағжан: «Алғыс»,

Абдраманова Данагүл: «Бір адамға»

Аяулым: 1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

  • 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,

1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,

Бақдаулет: “Шал мен қызға”,
“А, дүние”,
“Жас жүрек”,
“Сарыарқаның жаңбыры”,
“Адасқан өмір”,
“Кедей”,
“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.

Тұрғын Ерасыл: «Мен қазақ»

Марат Жанерке: «Ей махаббат,ей достық»

Аяулым: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы жазылған пікірлерге тоқталатын болсақ:

Ұлдана: Жүсіпбек Аймауытов: «Сұлтанмахмұт өз өмірінде көп өзгеріс көрген,бе-рісі қазақтың,арысы адам баласының бақ-ырысын көксеген,өмірін әділдік,шындық іздеуге арнаған,төкпек ойдың ақыны еді. Тірі жүрсе от жалындай заулаған болат,қайрат,құрыш жігердің,кекті жүректің ақыны еді.».

Ботабай Бек-төре: «Шәкірт ойы»

Бекберген Ғазиза: «Асыл сөз»

Аягүл: Мұхтар Әуезов: «Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне қосу орынсыз. Жақсы болсын,жаман болсын,бұл ақын - басқа дәуір,басқа тарихтық,әлеуметтік салт-саналық жәй-жағдайлардың өзіне бөлек,өзінше бір үлкен өкілі».

Бекмурза Мадина: «Шілде»

Ақнұр: Мүсілім Базарбаев: Сұлтанмахмұт Абайдан кейін қазақ елі ішіндегі әлеуметтік теңсіздікті жете көріп,оны өз шығармаларының негізгі арқауы ете білген,талантты шебер ақын болды.Сұлтанмахмұт өзінің құнды поэма, өлең-дерімен қазақтың Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейінгі дәуірін-дегі бұқарашыл ақын-жазушыларының бір сыпырасынан ақындық, шеберлік жағынан да, алға қойған мақсат-тілегі жағынан да әлде-қайда жоғары дәрежеде тұрды.

«Қамар сұлу» Көрініс

«Қамар сұлу» поэмасынан көрініс



Бақдәулет: Кешіміздің іздендіру кезеңінде біраз сауалдарға жауап беріп көрелік.
1. Сұлтанмахмұт қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
1893 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы
2. Сұлтанмахмұт неше жасында хат таныған?
6 жасында
3. Сұлтанмахмұт алғашқы өлеңін неше жасында жазған, ол қалай аталады?
13 жасында «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»
4. Сұлтанмахмұт іздеп барған алғашқы қаласы қай қала?
Троицк
5. Еңбек жолын бастаған қазақ баспасөзі қалай аталады?
«Айқап» журналы
6. 1914 жылы ашқан ұйымы қалай аталады?
«Шоң серіктестігі»
7. 1915 жылы өлеңмен жазылған романның аты қандай?
«Кім жазықты»
8. Гимн үлгісінде жазылған өлеңінің аты?
«Алаш ұраны»
9. Аппақай қаламгердің қай шығармасының кейіпкері?
«Кім жазықты»
10. Ақынның 5 бөлімнен тұратын философиялық поэмасы қалай аталады?
«Адасқан өмір»
11. Сұлтанмахмұт туралы жазылған романның авторы кім?
Диқан Әбілов
12. Қандай поэмаларын білесіңдер?
«Таныстыру», «Кедей», «Қамар сұлу»
13. Қай жылы неше жасында дүниеден өтті?
1920 жылы 27 жасында


Аяулым: Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адам-гершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді.Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, «Сүйекке біткен мінез, сүйек-пен кетеді» дейтін көзқарасқа қарсы тұрып,өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді.Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушы «Оқу»(1911ж) деген жаңа өлеңінің бірінде:

Надандықтан екенін білмейміз бе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік,

Ел болуға алдымен білім тірек,

Бір сөзді, бір ауызды, намыс керек,

деп білім алуға шақырады.

Ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік.

Кітапханашы: Құрметті оқушылар, бүгін С.Торайғыровтың шығармашылы-ғымен таныстық.6 жастан хат танып,13 жасынан өлең жаза бастағанын,көптеген өлеңдерін оқып таныстық, «Таныстыру», «Қамар сұлу», «Кедей» сияқты поэмалар жазған.Кітап бүгінгі ұрпаққа ой салатын келелі шығарма.Қандай өркениет заман-ында да ешбір ақпараттық технология құралдары кітаптың орнын алмастыра ал-майды.Кітап оқу жан дүниемізді байытады дей келе, ақын өлеңдері қайрат пен жігерге толы ұлттық намыс пен сана сезімді оятумен құнды туынды екенін білдік.

Кешімізді қорытындылай келе , ұлтының, жұртының трагедиялық халі қалам-герді қатты тебірентеді, тығырыққа тіреліп қалмай лирикалық кейіпкерінің жі-герін жанып, алау сезімге бөлейді.

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?!, - дегендей, жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып,мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С.Торайғыров шығарма-

шылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады.

Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Қордай ауылы.



Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің

кітапхана меңгерушісі Абуева Нұржамал Серікбевна
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет