«ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҚАЛА БАЛАЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ»
Қалым Гүлзат Азаматқызы
Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к. ассц. профессор Г.К.Кажибаева,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетı 6В02301 «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студентı
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті ертеректе еуропалық елдердегідей арнайы салаға жүйеленіп жазылмауы мүмкін. Бірақ, сол халык, сол ұлтты мол рухани қазынасына аралас жүреді. Аралас жүріп те балғын бөбек, бүлдіршін сыны сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін жасай береді.
Қазақ әдебиеті қүн санап өсіп, өркендеп келеді, соның ішінде балалар әдебиеті де шама-шарқынша ілгерілеп, алға жылжып қеледі. Өкінішке орай, көп жағдайларда назардан тыс қала беретін саланың бірі балалар әдебиеті екенін айта кету керек. Балалар әдебиетінің негізгі ерекшелігі оның оқырмандарының жас ерекшелігінде. Балалардың қабылдау дәрежесін ересектермен салыстыруға мүлдем болмайды. Бұл туралы жазушы М.Пришвин айтып кеткен болатын: «Балалар әдебиеті кішкентайлардың үлкен әдебиеті». Үлкендерге арналған том-том, қалың-қалың әдебиетті кішкентай оқырмандар оқи бермейтіні рас, өйткені олардың дағдысы өзгеше, жас ерекшелігіне қарай қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осының бәрін ескере отырып балаларға арналған әдебиет жасау, жазу бүгінгі қоғамның ертеңін ойлау болып табылады. Сондықтан өркениетке жетемін деп алға ұмтылған халық әрқашан балаларға жағдай жасайды, ең алдымен балалар әдебиетін жасайды, жас балалардың рухани қазынасына көбірек көніл бөледі.
Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш. Ахметовтің пікрінше балалар әдебиетінің басты алты ерекшелігі бар. «Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лириз болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер туы керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт. Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мен мінезінің әр жақты дамуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды. Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды оны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждык сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Ал, көркемдікке тәрбиелеу баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп эстетикалық отырады. столикалық тәрбие көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер
Қазақ балалар прозасындағы қала балаларының бейнесін Марат Қабанбаевтың «Қала және қыз бала», «Жиһанкез Тити» атты повестерінен көруге болады. «Қала және қыз бала» повесінде он бес жастағы Айгүлдің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Автор ауыл баласы мен қала баласының бейнесін салыстыра, суреттеп отырады. Бұл шығарманы оқыған кезде Айгүлдің ауызын ашса жүрегі көрінетін ақ жарқын, аңқылдақ, ақ көңіл, қарақат көзі мөлтілдеген қыз екенін автобуста кездесіп қалған бөтен ағаймен еркін сөйлеісп, арласып кетуінен байқадым. Оның ашық болуының себебі, ауылда өскендігінен деп білемін. Ауылда, кең далада өскен ұл-қыздардың сана сезімі де, ойлап, түйсініуі де еркін болады. Меніңше, ауылда өскен бала адамдармен көп араласу арқылы ашық болып келеді. Қалаға енді көшіп келген Айгүл қала өміріне бастапқы бетте үйрене алмай, өзін жалғыз сезініп, дос-құрбысыз, сырлассыз жүреді. Бұл жағдай оны кептерлермен дос болуға әкеледі. Шығарманы оқу барысында маған Айгүлдің өзінің бөлек әлемі бардай сезіледі. көп қиялдауына әкеледі.
"Гүлдей жайнап, еркін өсіп келе жатқан бала екен, салдырлай сөйлеп, ананы - мынаны айтып ауыр ойдан серпілткендей болды" деген үзіндіде автор Айгүлдің жақсы энергия беретінін сипаттаған. Ашық, ақ жарқын, қарапайым қыз бала бейнесі. Оның үстіне шығарма барысында байқайтынымыз Айгүлдің ақылдылығы. Әжесінің айтқандарынан естіген білгендерін санасына түйіп отырады. Әдебиетке деген қызығушылығы бар деп білемін, өйткені Айгүл
«Сұмдық жалғызсыраймын. Көкем мен тәтем болса, бауырындағы Айгүлді көрмей, жер астындағы алтын мен күмісті іздеп жүр. Жадырап отырған күндері: «Айгүл де біздің жолымызды қуып, геолог болады-ау»,- деп қояды. Ит бағып, ирек қамшылап кетсем де, геологтан сақтасын! Мен жер астындағы алтын, күміс емес дос-туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмін ғой», - деген үзіндіге қарап қыздың ата-анасының жұмыс басты азаматтар екенін, баланың алдындағы жауапкершіліктен жұрдай болғандығы мені қатты қынжылтады. Қанша жерден жұмысың болсын, бауыр етің балаңа көңіл бөлмей, дүниенің қызығына алданудың қажеті жоқ. Бейкүнә балалардың образын автор осылай суреттейді.
Айгүлдің отбасысы қалаға көшіп, жаңа мектепке келгенде жаңа оқушыларға біраз үйрене алмай, қиын жағдайда қалады. Мен оның байқампаз екенін жаңа құрбыларының «сабақты қалай оқисың? үлгерімің қалай?» деген сұрауларынан байқадым. Айгүлдің пайымдауынша жаңа мектебінде адал достардан гөрі, өз қажетіне ғана керек амал достардың бар екенін байқайды. Бір үйдің жалғыз қызы болғандықтан не бауыры, не сырлас досы, құрбысы болмаған он бес жасар Айгүлдің өмірі шытырманға толы болатын. Шығармада «ертегі өмір еді бәрі де... Қазір оның бірі жоқ — қалада тұрамыз», деп ауыр ойға батқан Айгүлді көреміз.
Айгүлдің ең жанашыры, ең асылы, ең жақын адамы оның – ақ әжесі. Әжем маған аюдай ақырса да, бәрібір көзі күліп тұрады. Әжімдеріне дейін күледі. Ондай адам жаман емес. Әжем: «Сені көр де, балауса қыз кезімдегі мені көр. Тентексің, еркесің. Жүндей түтіп, сабап алайын десем, өзіме қол көтергендей боламын. Мен де кезінде екі иығын жұлып жеген еркекшора едім»,- дейтін шашымды талдап тарап отырып. «Өзінің еркетотай қыз кезін сағынып отыр ғой шәлкес әжең. Көңілін қалдыра көрме, Айгүлжан! Немере бауыр еті баладан гөрі ыстық. Әжең нені ойласа, соны айтатын ақ көйлек адам. Кезінде бүкіл ауылға ерке келін атанған, бетің бар, жүзің бар демей тура айтады»,- дейтін көкем де. Екеуміз шашы жалбыраған дәу қуыршақ сатып аламыз. Үйде екеу-үшеуі жатса да, көрсек болды, қоймаймыз. Айтса айтқандай, сәби кезімді сағынамын ба, әлде үйде жападан-жалғыз өскесін жансыз да болса өзіме серік іздеймін бе, әйтеуір, ойыншыққа құмармын. Несін айтасыз, әлгі жерде маған да, оған да түкке керексіз футбол, хоккей ойыншықтары дейсіз бе, әйтеуір, көр-жерді құшақтап үйге қайтамыз. Ақшаның қақ жартысы «Балалар әлемінде» қалады. Оған қиналып жүрген біз жоқ, екеуміз де мәз-мейрам, разымыз өз-өзімізге. Жатар кезде көкем, тәтем әлгі ойыншықтарды біртіндеп көріп отырып, ішек-сілелері қатып күледі. Әрине, онда да әжем жоқ кезде ғана... Ал көзінше: «Оһо, апа, сауданы қатырған екенсіздер. Кіл керек заттар. Қуыршақты да, аюды да дұрыс алғансыздар. Айгүлжанның ойыншықтары тозып қалып еді. Жақсы болған екен...»- дейді қауқалақтап. Енді мен көкем, тәтемнің басыбайлы қызымын. Екеуі бірігіп, бір әжемнің орнын толтыра алмайды. «Айнымай маған тартқансың» демейді. Апам құсап алдана да салмайды. Күліп тұратын әжімдері де жоқ. Қуыршақ, аю секілді керексіз заттар да көзден бұл-бұл ұшты. Ал сәл жоғары қараса, аспан мен жердің арасында дүрбі салып, дос іздеп тұрған мені көрер еді... Сұмдық жалғызсыраймын. Көкем мен тәтем болса, бауырындағы Айгүлді көрмей, жер астындағы алтын мен күмісті іздеп жүр. Жадырап отырған күндері: «Айгүл де біздің жолымызды қуып, геолог болады-ау»,- деп қояды. Ит бағып, ирек қамшылап кетсем де, геологтан сақтасын! Мен жер астындағы алтын, күміс емес дос-туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмін ғой.
Айгүлдің ата-анасының қалаға көшуі сол кездегі
Бәлкім, жұмыс бабымен болар. Себебі, оның ата-анасы геолог болып жұмыс жасайды. Қызметтің сондай жауапкершілікті болуынан, ата-анасының жиі жұмыс орындарын ауыстыруы Айгүлдің психологиясына ерекше әсер етуде.
Достарыңызбен бөлісу: |