Ќазаќ Бас Сјулет-Ќўрылыс Академиясы



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі278,53 Kb.
#118730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Филология бағыттары


ФИЛОСОФИЯНЫҢ
ӘДІСТЕРІ
МЕТАФИЗИКА
ДИАЛЕКТИКА
Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет