ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық деген сөздер)данышпандыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия терминікездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и назначение истории». Бұл кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде, адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.