«Философия пәні қызметтері мен міндеттері» Орындаған: Бейсенбаева Мадина Тобы: ми-11 Тексерген: Елеусов Баубек Аймаханұлы философия
«Философия пәні
қызметтері мен міндеттері»
Орындаған: Бейсенбаева Мадина
Тобы: МИ-11
Тексерген: Елеусов Баубек Аймаханұлы
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sopia – даналық деген сөздер) даналыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.)бір уақытта пайда болды (К.Яперс «Смысл и назначение истории». Бұл кезеңді Карл Яперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Яперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Философия пәні.Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде адам мен қоғам мәседелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар(ұғымдар): материя (бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Платон б.з.д. 428-347 жж.
Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) методология, 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.
Онтология (грекше ontos – болмыс) жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім. Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.
Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелерді зерттейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.
Логика (Қисын) – (грекше logis – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.