Ќазаќ Бас Сјулет-Ќўрылыс Академиясы


ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет2/4
Дата03.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#183588
1   2   3   4
Байланысты:
Философия 1 СРС

2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • 5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адамгершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
  • 6) Эстетика (грекше aisthetikos – сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары - әсемдік пен ұсқынсыздық.
  • 7) Психология (грекше psyhо – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал т.б.
  • 8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
  • 9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».
  • Мәселе
  • Сана
  • Идея
  • Рухани
  • дүние
  • Материя
  • Болмыс
  • 2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
  • ФИЛОСОФИЯ
  • 1. ОНТОЛОГИЯ
  • 2. ГНОСЕОЛОГИЯ
  • 5.ЭТИКА
  • 3. ЛОГИКА
  • 4.АКСИОЛОГИЯ
  • 7. ПСИХОЛОГИЯ
  • 8. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ
  • 9. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ

3. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ

  • ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
  • 1. ДИАЛЕКТИКА
  • 2. МЕТАФИЗИКА.
  • Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
  • біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму қағидаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
  • Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
  • Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.
  • ФИЛОСОФИЯНЫҢ
  • ӘДІСТЕРІ
  • МЕТАФИЗИКА
  • ДИАЛЕКТИКА
  • Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
  • Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
  • Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
  • Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
  • Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
  • 4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
  • МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет