Философиялық білімнің құрылымы



Дата03.02.2022
өлшемі19,9 Kb.
#130637
Байланысты:
эпидеми


Философия- танымның ерекше формасы және шындықтың , сондай-ақ адамның болмысының, адам мен әлемнің қатынастарының жалпы сипаттамалары, ұғымдары мен принциптері туралы білім жүйесі

Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде адам мен қоғам мәседелерін зерттейтін ғылым.

Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.

Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) аксиология 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.

Онтология (грекше ontos – болмыс) жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім. Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.

Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелерді зерттейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.

Логика (Қисын) – (грекше logis – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.

Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.

5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адагершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.

6) Эстетика (грекше aisthetikos– сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық.

7) Психология (грекше psyho – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал, т.б.

8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.

9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».



ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:

ДИАЛЕКТИКА

МЕТАФИЗИКА

Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-біріне айналады. Демек диалетикалық әдіс жалпы байланыс, даму салаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.

Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.

Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.


Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралыхикаялар.  Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөнебатырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан,жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.

Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадантыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі.


Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпызаңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарасретінде пайда болады.

Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.

Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.

Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.

Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.

Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.

Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.

Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.

Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.

Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.

Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.

Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.



Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет