Қазақ даласына Ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары


Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#174867
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция3 Қазақ даласына ислам дінінің келуі

Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы 
желбіреді. Яғни, Ислам дінінің қазақ даласына орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» 
деп те аталатын 
Атлах шайқасымен 
тығыз байланысты.
Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал 
еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуеренахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары 
қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне 
кіре бастады. 


Арабтар тұтқын 
қытайлардан 
қағаз жасауды 
үйренді және 
Орт.Азия мата 
өндіретін 
орталыққа 
айналды.
Түріктер мен 
арабтар одағы 
жеңіске жетіп, 
Қытай 
Орт.Азияны 
жаулауын 
тоқтатты.
Атлах 
шайқасы
ның 
нәтижесі
Орта Азияда 
(Самарқанда) 
қағаз өндірісі 
пайда болды
Арабтар Жетісу 
жерінен кетті.
Қарлұқтар 
түргеш 
тайпаларын 
бағындырды, 
жаңа мемлекет 
құрды
.
Ислам дінінің 
әсерімен қала 
мәдениеті мен 
шаруашылық
тың дамуы 
жаңа серпін 
алды


ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ


IX ғасырда 
Қарлұқ қағанаты ыдырап, тарих сахнасына 
Қарахан мемлекеті (IX
ғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді
. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды. 
Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы 
Сатұқ Боғра хан 
өзін жоғары 
қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра 
хан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім 
алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білім 
сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондай-
ақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін 
құптайтын.
960 жылы Харун Мұса қаған (Боғра ханнан кейін) Ислам дінін мемлекеттік дін 
деп жариялады. 
Бұл шешімнен соң, тарихшы З.Китапчы, В. Кляшторний, 
С.Сұлтановтардың деректерінде бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған 
кездер де болғаны айтылған. Ал «Тарихи рашиди» кітабында бір күнде 360 мың 
адамның мұсылман аталғандығы айтылады. Қорыта айтқанда, 
Қарахан түркілерінің 
исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай 
мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен 
дами түсті. Ал Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия 
аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтың 
бұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына өз әсерін тигізді.


IX ғасырдан бастап Ислам күшпен емес, бейбіт түрде 
насихатталып, түркілер біртіндеп Исламды қабылдай бастады. 
Қарахан мемлекетінде мұсылманшылықтың мемлекеттік дәрежеге
жетуінің арқасында қалалық мәдениет гүлденіп, сол кезеңдегі сәулет
өнерінен Айша бибі мен Алаша хан күмбезі, Әулие ата мазары, 
моншалар және су құбырлары сақталған. 
Сонымен қатар, түркілер ішінен көптеген дін ғұламалары шыға
бастады және түркі тілі алғаш рет ғылыми түрде қолға алынып, М. 
Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» және Ж. Баласағұнның «Құтты
білігі» жарыққа шықты. Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен
Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалаған: 
«Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой санасы өседі, мұсылман
әдебиеті түркі тілінде шыға бастайды. Қарахан дәуірі сапалық жағынан
қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек моңғол
жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет 
алған табиғи процесін үзіп тастады».


ІХ ғасырда Муғтазилия ілімінің Аббасидтер идеологиясына
айналуына байланысты Орталық Азияда Исламның рационалистік
ағымдары өмір сүрді. Осының нәтижесінде Фараби, Ибн Сина, Бируни, 
Матуриди секілді шариғатпен қатар пәлсапа ілімін менгерген ғалымдар
шықты. Сондай-ақ, нақлді (Құран мен Сүннет) жоғары қойған Бұхари, 
Муслим секілді хадистанушылар, Мәрғинәни, Дәбуси, Сарахси, Бәздауи
секілді фиқһ ғалымдары бой көрсетті. Тіпті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет