Қазақ даласына Ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары


Қазақ хандығы құрылған шақта (1465 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас аймақтарында



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#174867
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция3 Қазақ даласына ислам дінінің келуі

Қазақ хандығы құрылған шақта (1465 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас аймақтарында 
негізін салды), бұл мемлекеттің ресми діні – Ислам діні болды, әрі мұсылмандық құқықтық 
нормаларға жүгінді. 
Ислам дінін ұстанған түркі тайпалары Қазақ хандығына мүшелікке өтті. Ал Ислам 
дінін қабылдамаған тайпалар «қазақ» бола алған жоқ. Мысалы, көрші ойрат, ұранқай, қырғыздың 
құрамында Қазақ халқын құраушы Найман, Қыпшақ. Керей, Қоңырат сияқты тайпалардың аталықтары 
кездеседі. Бұлар Ислам дінін қабылдамағандықтан, Қазақ хандығына мүшелікке өте алмады. Яғни, 
Қазақ халқын бір кеңістікте өмір сүрген діни сенім-нанымы, салт-дәстүрі, саяси мүддесі бір түркі 
тайпалары құрды.


XIV ғасырлық тарихшы Муғин әд-дин Натанзи «Ескендір анонимі» еңбегінде Жәнібек хан туралы 
«Оның әділдігі Ануширван (парсы патшасы) әділдігінен бір де кем соқпайды. 
Ол өзбек ұлысын тұтас 
Исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, медресе 
салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайларының жақсы болуына басты назар аударды. 
Жан-жақтағы неше түрлі оқымысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің 
ұлдары білімдерін жан-жақты жетілдіріп ғылымғы мойын бұрды, олар заманының озық ойлы 
азаматтарына айналды. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл 
мемлекетке енгізген сол»
, - деп жазған. Мұндай деректемелер ортағасырлық түркі деректемелерінде 
де (Шыңғыснама) кездеседі

Ислам дінінің Дешті Қыпшаққа жерсінуіне шариғат заңдары мен салт-дәстүрді сабақтастыра 
білген жергілікті дін қайраткерлерінің еңбегі зор болды. Қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешкеннен кейін 
мешіт-медресе ұстай алмады. Бірақ, қазақ халқы Исламмен бейбіт уағызшылардың насихаты арқылы 
танысты. 
Дін уағызшылары Исламды халықтың таным-түйсігіне қарай жырмен, өнермен 
насихаттады. Қарахан дәуірінде негізі салынған хикмет ілімі жыраулар дәуіріне ұласып, олардың 
насихатымен қазақ халқы Исламға шын мәнінде мойынсұна бастады. Осы тұрғыда Сайф Сарай, 
Сыпыра жырау, Асан қайғы, Доспанбет, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар т.б жыраулардың 
сіңірген еңбегі ерен еді. Ал, қожа-молдалар қазақ халқының тұрмыс-салтта Исламды қалай ұстану 
керектігіне баулыды



Алаштың қайраткері Х.Досмұхамедұлы Самарқанд шаһарындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет