1. ҚР қолданыстағы заңнамасын, колледж Жарғысын, ішкі тәртіп ережесін және Колледждің басқа да нормативтік актілерін сақтау.
2. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары мәдениетті қолдауға көңіл бөлу. Кез-келген туындаған түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.
3. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін ескере отырып, оқыту мен білімді бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау.
4. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекелік көрсетпеу.
5. Колледж мәртебесіне немесе студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ болу.