6. Әр түрлі зиянды қылықтардан бас тарту.
7. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру және вандализмге жол бермеу.
8. Сыртқы киім үлгісі этикалық нормаларға сай болуы қажет және оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.
9. Елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
10. Колледж студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.
11. Колледжде және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.