Қазақ ДҮниетанымындағЫ «ИТ» Ұйытқы сөзінен жасалған фразеологизмдердің этномәдени қызметі қызырхан Шыңғар 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/7
Дата19.05.2017
өлшемі1,97 Mb.
#16496
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Екінші том.Алматы:Жазушы, 1982.-384 бет.

2.Мұқағали Мақатаев"Аманат" Алматы: Атамұра, 1999.-304 бет.

3.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы:Раритер, 2005.-288 бет.

4. Мұқағали Мақатаев " Өлеңдер" Алматы:Рауан,1991.- 144 бет.

5.Мұқағали Мақатаев "Жылап қайттым өмірдің базарынан" Алматы: Жалын, 1994,-256 бет.

6.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Екінші том. Алматы: Жазушы,1982.-384 бет.

7.Мұқағали Мақатаев "Аманат" Алматы: Атамұра, 1999.-304 бет.

8.Мұқағали Мақатаев "Жырлайды жүрек" Алматы: Жазушы, 1989.-496 бет.

9. Мұқағали Мақатаев "Жылап қайттым өмірдің базарынан" Алматы: Жалын, 1994,-256 бет.

10.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы: Раритер, 2005.-288 бет.

11.Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек" Бірінші том. Алматы: Жазушы,1982.-320 бет.

12. Мұқағали Мақатаев "Соғады жүрек"Бірінші том. Алматы: Жазушы, 1982.-320 бет.

13.Мұқағали Мақатаев "Өлеңдер" Алматы: Рауан, 1991. -144бет.

14.Мұқағали Мақатаев "Өмір өзен" Алматы: Раритер,2005.-288 бет.

"АНТ" ТАРИХИ ДАСТАНЫН ЗЕРТТЕУДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Базылбеков Маралбек – 6М01121400 – «Әдебиеттану»

мамандығының 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., доцент Асылбекұлы С.
Болмыстың ғылыми шындығын танудың екі жолы бар. Оның бірі - ғылым, екіншісі – өнер. Соның ішінде әдебиет өмір шындығын образдар арқылы танытады. Көп кітапты қалай оқып, қалай талдау керек екендігін ұсынған ғалымдар әдебиеттің қалыпқа симайтындығын айтқан [2;263-267бб.]. Алайда соған қарамастан әдеби шығарма зерттелу обьектісінен тыс қалады деген ой келмеу керек. Әйтпегенде әдебиеттану деген ғылым саласы болмас еді. Философиядағы методология соңғы кездері ғылымдағы интеграция деген атаумен төртінші блоктың жүзеге асып жатқандығын айтады. Яғни бұл жеке ғылым салалары бір объектіні біріге қарастыру керек дегенді білдіреді. Өзге ғылым саласын қатыстыра отырып әдеби шығарманы қалай қарастырғанымызды осы мақаладан байқауға болады. Мақалада Т.Ахтановтың «Ант» драмасы объекті ретінде таңдап алынды.

Т.Ахтановтың "Ант" драмасындағы ең бірінші тоқталатынымыз кейіпкерлер. Егер шығарма атауы жалпы болғанда басты кейіпкерлерді анықтау қиынға соғады. Мәселен «Ант» драмасында стеоретипті түрде бас кейіпкер Әбілхайыр хан деген ой келеді. Оны нақтылау үшін математикалық есептеуге салып көреміз. Есептеуде ең қарапайым түрі шығармада қай кейіпкердің есімі қаншалықты көп айтылғанын санап шығу ғана. Негізгі кейіпкерлер Әбілхайыр, Сауран батыр, Бәтима (Бопай) ханым екендігі бірден анықталады. Есептеу бойынша азынан көбіне қарай орналастырса:

1) Әбілхайыр ханның есімі шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 25-ке жуық;

2) Сауран сұлтанның шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 35-ке жуық;

3) Бәтима ханымның шығармада тура және жанама түрде аталу саны орта есеппен 45-ке жуық. Бұдан шығармада басты кейіпкер Бәтима ханым, одан кейін Сауран сұлтан, тек одан кейін ғана Әбілхайыр хан екендігін дәл айтуға болады.

Атаулардың тура және жанамалылығына келетін болсақ. Тура ол атауды өзінің есімімен беру, ал жанама деген сол тура есімді басқаша атау. Мәселен, тура атауға Айжан, Сәуле, Жандос дегендерді жатқызсақ, жанамаға қыз, келін, әйел, батыр, құлыным секілді айтылған атауларды айтамыз. Жанама атаулар түрлі жағдайда кезедеседі және түрлі ситуацияға байланысты айтылады.

Бірінші математикалық есептеуден Бәтима ханымның басты кейіпкер екендігін анықтадық. №2 кестеде Бәтима есімінің жанама атаулары.

Бәтима ханымның тура және жанама аталуы №2 кесте.





Аталуы, Есімі, Қаратпа мәнді

Қолданушы кейіпкер

1

Бопай ханым

Сауран сұлтан

2

Бәтима ханым, дат!

Сауран сұлтан

3

Бопай атың есіңде ме?

Сауран сұлтан

4

Бопайжан-ай!

Қыздар

5

«Бопайжаным» деген сөзі

Бопай

6

Батыр қыз бәтима

Сауран

7

Бопай, Бопайжан

Сауран

8

Қалқам, бопайжан

Сауран

9

Кәрі қыз

Бопай

10

Ардағым, қимасым

Сауран

11

Жалғызы

Бопай

12

Қыз

Бопай

13

Асылдың сынығы, ұрғашы

Бәтима ханым

14

Бәтима ханым

Әбілхайыр

15

Данышпан қылдың

Бәтима өзіне

16

Сен әйел емес, ханымсың

Әбілхайыр

17

Затың әйел ғой

Бәтима өзіне

18

Апатай, армысың апатай

Жанарыс

19

Әз апа

Жанарыс

20

Жан апа

Жанарыс

21

Апажаным

Жанарыс

22

Ардағым, менің апажаным

Жанарыс

23

Бопай

Бәтима өзіне

24

Өлсін, бопай қыз

Сауран

25

Бәтима (ханым сөзінсіз)

Әбілхайыр

26

Бәтима ханым

Әбілхайыр

27

Табаң ба бұл, Бәтима?

Сауран

28

Өлген екен Бопай қыз

Сауран

29

Бәтима ханым

Сауран

30

Әйел залым

Бәтима өзіне

31

Бәйбіше болдың

Сауран

32

Бәтима ханым, таусылма

Сейтқұл

33

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

34

Ендігі ел анасы өзіңсің

Бөкенбай

35

Мен бейбақтан не қайыр

Бәтима өзіне

36

Нар да болсаң, затың әйел

Сауран

37

Ризамын, Бәтима кеш мені

Сауран

38

Сен ер азаматқа бергісіз нарсың ғой, Бәтима

Сауран

39

Ризамын, Бәтима

Сауран

40

Бопайжаным кеш мені

Сауран

Кестенің бірінші жолағында Бәтима ханымға шығарманың өң бойында қосымша және жанама түрде айтылған атаулар көрсетілген. Кестенің екінші жолағында оны кімдердің айтқаны көрсетілген.



Шығармадан Бәтима ханымды жанама тұрғыда сипаттаудың барынша көп екендігін байқаймыз. Оларды бөліп жеке қарастырғанда, мынадай болады:



Аталуы, Есімі, Қаратпа мәнді

Қолданушы кейіпкер

1

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

2

Ендігі ел анасы өзіңсің

Бөкенбай

3

Мен бейбақтан не қайыр

Бәтима өзіне

4

Нар да болсаң, затың әйел

Сауран

5

Мен бейбақтан не қайыр,

Бәтима өзіне

6

Батыр қыз бәтима

Сауран

7

Сен ер азаматқа бергісіз нарсың ғой, Бәтима

Сауран

8

Қалқам, бопайжан

Сауран

9

Кәрі қыз

Бопай

10

Ардағым, қимасым

Сауран

11

Жалғызы

Бопай

12

Қыз

Бопай

13

Асылдың сынығы, ұрғашы

Бәтима ханым

14

Бәйбіше болдың

Сауран

15

Данышпан қылдың

Бәтима өзіне

16

Сен әйел емес, ханымсың

Әбілхайыр

17

Затың әйел ғой

Бәтима өзіне

18

Апатай, армысың апатай

Жанарыс

19

Әз апа

Жанарыс

20

Жан апа

Жанарыс

21

Апажаным

Жанарыс

22

Ардағым, менің апажаным

Жанарыс

23

Әйел залым

Бәтима өзіне

Берілген жанама атауларды өзара мағыналық тұрғыда жинақтап топ-топқа бөлер болсақ, мынадай болады:



І. Текті рудан екендігін анықтайтын атаулар:

І. Асылдың сынығы

2. Батыр қыз

3. Жалғызы

4. Қыз


ІІ. Мейірімді адам, сүйген адам ретінде:

1. Әз апа

2. Жан апа

3. Анажаным

4. Ардағым

5. Бопай



ІІІ. Ханым статусы ретінде

1. Бәтима ханым

2. Данышпан

3. Бәйбіше болуы

4. Ел анасы

5. Ер азаматқа бергісіз жар

6. Ханымсың


VІ. Әйел адам ретінде

1. Кәрі қыз

2. Қыз

3. Затың әйел



4. Табалаушы Бәтима

5. Залым әйел

6. Мен бейбақ

7. Ұрғашы



Бұдан біз шығармадан кімді көреміз, немесе Тахауи Ахтанов "Ант" драмасында Бәтима арқылы кімді көрсеткісі келді деген сұраққа жауап табамыз. Ол мынадай:

Әуелі, Бәтима ханымның әйел адам екендігін көреміз. Себебі ең көп атаулар №4 топқа жинақталған. Яғни ұлттың, халықтың, немесе сол замандағы жағдайға қарамастан ол биологиялық тұрғыдан әйел заты. Оны статистикалық есептеулер көрсетуде. Мұндағы айтылатын: ұрғашы, залым деген сөздер – атаулар. Оның әйел затына сәйкес артықшылықтары мен кемшіліктерін, табиғи жаратылысын алдыңғы планға шығарады. Жазушының шеберлігі сонда – ол ер адам бола тұра, әйелдің ішкі табиғатын керемет суреттей алған. Екіншіден, Бәтима ханым. Бәтима ханым статусымен пьессада 6 рет аталады. Әсіресе Әбілхайыр оған үнемі "Сен әйел емес, ханымсың ғой", деп ескертіп отырады. Яғни ханым болған соң одан ел анасы болу, ер азаматқа адал жар болу талап етіледі. Тіпті данышпандылық та талап етіледі. Үшіншіден, Мейірімді жан, адам ретінде сипатталады. Мұнда айтылатын атауыштықтар көбісі туған бауыры Жанарыстан шыққан. Жанарыс Бәтиманы "Апатай", "Анажан" деп атау арқылы оның мейірімі мол әпке бола алғанын көрсетсе, ал ердің әйелге айтатын сөзін суффикс арқылы айтылған есім атаулардан санамағанда бір ғана рет Сауран "ардағым" деп қана атап кетеді. Шығармада Бәтиманың заңды жары Әбілхайыр болғанымен, Әбілхайыр оған ақырғы демі біткенше бір ауыз жылы сөз айтпайды. Тіпті "сен" деп те бір-ақ рет айтқан. "Сен әйел емес, ханымсың ғой, Бәтима" дегенде қолданса, қалған уақыттың барлығында дерлік "Бәтима ханым" деп атайды. Бұл арқылы драматург хан мен ханымның арасындағы қатынасты ресмилендіргендігін көруге болады. Яғни екеуінің арасында отбасыға тән сүйіспеншіліктің, жылылықтың ізі де көрінбейді. Ал ерлі-зайыптылар арасында махаббат, жылулық болмаған кезде ситуацияның басқаша өрбейтіндігін тағы көрсетеді.

Төртіншіден, бұл Бәтиманың тектілігі қарастырылған атаулар.

Драма бойында кей жағдайда Бәтиманы ол асылдың сынығы, Әлімнің қызы, жалғызы т.б. деп атайды. Бұлар Бәтиманың тектілігін көрсетіп отыр. Сауран батыр өзінің сүйген ғашығын құрбан ету себебі де Бәтиманың тектілігі. Отбасылық кландар мықты руларды бағындыру үшін қыз алысу әдісін қолданады. Драмада осы әдіс Сауран мен Бәтима арасындағы махаббатты құрбан етеді.

Осының барлығын топтай келгенде "Бәтима ханымның" концептісін жасауға болады.





Топтағандағы атау

Ғылыми атау

1

Әйел заты

1.Феминистік

2

Хан орнына ханым Ақылшы

2.Социалды статус

3

Мейірімді адам

3.Үй адамы

4

Текті жердің қызы

4. Генеологиялық

Бұл көрсетілгендер шығармада кейіпкердің кім ретінде көрсетілгендігіне байланысты деректер. Енді адам табиғатының өзіндік артықшылығына сәйкес қабілеттеріне сәйкестендірейік. Бұл бізге шығармадағы кейіпкерлердің өміріндегі ситуацияға басқа адамдардың дәл сондай тағдырда қаншалықты өз-өздерін сақтап қала алатындығын есептеуге көмектеседі.

Әуелі, феменистік статусты алып тастаймыз. Себебі біздің салыстыратындарымыз тек әйел адамдар яғни, оларды адамдармен салыстыра алмаймыз.

Тектілік. Тектілік Бәтима ханымның артықшылығы болғанымен оған оның септігі тиген жоқ. Яғни, Бәтима өзінің тектілігіне әсер ете алмайды. Жақсы жерден шыққанын алып тастай алмайды, егер жоқ болса қосып алалмайды. Сондықтан ол қосымша +1 артықшылық.

Ал қалған екі сипаты ханым болуы және мейірімді болуы бұл Бәтиманың өзінің бойына өмірлік жиған қасиеттері, қалыптасқан ерекшелігі.

Енді осы екі сипатына сәйкес математикалық жолмен сипаттап көрер болсақ, мынадай болады.

1. Бәтима ханымның өзі немесе соған салған өзінің күш-жігері, тырысуы = х,

2. Қасиеттер =2 (ханымдық, мейірімділік);

3. Шыққан ортасы =+1 (тектілік);

Бұдан х Ч2+1; өрнегі келіп шығады немесе 2х+1;

Мұнда х айнымалы яки өзгермелі; 2х+1 теңдігі ең ықшамдалған түрі болып табылады. Егер ықшамдалмаған толы нұсқасын қарастырсақ, онда былай,


  1. Бәтиманың қабілеттері 2;

  2. Тектің жердің қызы 1;

  3. Әбілхайырдың әйелі 1;

  4. Сауранның ғашығы -1;

  5. Бәтиманың балалары +1;

  6. Сыртқы шапқыншылық -1;

Онда ол былай өрнектеледі: 2х+1+(1-1)Ч(1-1)=у; жалпы қорытындыда 2х+1=у; теңдігі шығады. Математикалық х айнымалыға мән берер болсақ, онда былай қалыптасады: х=0; у=1; х=1; у=3;

Мұндағы х-о, Бәтима ханым еш күш салмағанда, тырысып, талпынбаған жағдайда. Х-1, Бәтима ханым артық күш жұмсамастан, оқиғаға қалпында болған жағдайда.

Өрнек әрдайым жоғары жылжып отырады. Бұдан қандай бір жағдайда болмасын Бәтима ханым ұтыста, минусқа кірмейді. Жалпы айтқанда, бұл формуланы әмбебап деп айтуға келмейді. Ол тек әйел адамның (кейіпкердің) өзіне ғана байланысты емес, заман ағымына да байланысты. Мәселен, Кеңес Одағы кезінде яғни, текті жердің, зиялы деген, ханның ұрпағы дегендер қудаланған заманда, Бәтима ханымға +1 болған дүние минусқа айналып кете барады.

Екінші қорытынды, теңдіктің барлығы жоғарыдан көрсетілгенін яғни минусқа түспегендігін байқар болсақ, Бәтима ханымның орнындағы кез келген әйел адам атқара алады деген ой туады.

Қорыта келе, математиканың статистикалық, өрнектік тәсілдерін пайдалана отырып әдебиеттану ғылымында нақты қорытындылар жасауға болатындығына көз жеткіземіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы. Пьесалар мен эсселер. «» -Алматы: Мерекенің баспалар үйі. 2013.

2. Адлер М. Как читать книгу. – Москва: издательство МИФ. 2014.

3. Савельева В.В. Художественный мир и художественный текст: проблемы организаций. - Алматы: Дайк-пресс. 1996.

4. Тұрғынбаев Ә.Х., Кенжебаев С.Ж., Есімханов Т. Ғылым тарихы мен философиясы. –Алматы: Білім. 2016.


БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ

(«ҰШҚАН ҰЯ» ПОВЕСІ БОЙЫНША)
Нұрекешова Әселхан - 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тамаев А.Т.
Мақала қазақ халқы тарихында сөз өнері мен қол өнерін бойына қатар сіңіре білген, рух пен намыстан жаралған дарабоз – жазушы, халқының абыройын асқақтатқан ұлт батыры - Бауыржан Момышұлы жайында болмақ. Оның есімі төрткүл дүниеге мәшһүр. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері ел аузында.

Мақалаға өзек болған жәй – қазақ әдебиетінде азаматтық тұлғаның көркем бейнесін сомдаған таза әдеби шығармалардың аздығы, жазушы шығармаларының көркемдігі мен суреткерлік қыры, психологиялық астарына жіті мән бермей, қызыл сөзбен ғана жанап өту, әдебиеттану тұрғысынан зерттеудің жетімсіз боп қалуы, Бауыржан Момышұлын - психолог деп айдар тақсақ та, сол тұрғыдан зерттеудің жолға қойылмағандығы. Бұл мәселелерге өзімізше ой қорытып, жауап берер болсақ, жазушы шығармаларының әдебиеттану тұрғысынан аз зерттелу себебі жазушылығының нашарлығынан емес (бұл сөзіме дәлел мақалада беріледі), автор жайында, оның шығармаларының өзіндік ерекшелігі, суреткерлік тұсы, ұлттық негізі, шындық пен адалдықтың, қайсарлықтың белгісі, тағы сол секілді мәселелелерді талдап, сараптап, белгілі бір дәрежеде мадақтауға қан майданның ащы дәмін татқан, небір зұлымдықты көзі көрген, турашылдық пен шындықты жаны сүйетін Бауыржан Момышұлының қайсар мінезі ерік бермеді. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызды» жазу сәтінде бірнеше мәрте «...тастап кетсем бе екен?» деген ойға келуінде де осы негіз жатыр еді. Десе де, әр сөздің мазмұнына жіті мән беріп, жылт еткен басы артық сөзге кіжіріне қарап, мінез көрсетуі – шындыққа деген адалдығы еді. Әскери сала маманы жазушылыққа отставкаға шыққан соң, кеш келгендігі де Бауыржан атамыздың жазушылық тұсының әдебиеттану тұрғысынан кең түрде зерттелмеуінің бір себебі деп ойлаймын. Бүгінде жазушының шығармаларының әр қырын талдап, жан-жақты жарнамалау, яғни, әр түрлі тілдерге аудару, шығармаларының өн бойындағы суреткерлік, стильдік, психологиялық ерекшеліктерін сараптау арқылы Бауыржан атамыздың алдындағы ұрпақтық борышымызды өтеуге бір табан болса да жақындаған болар едік.

Бауыржан шығармалары - майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар.

Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизодтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алынған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ» [4, 143].

Бауыржан Момышұлының ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбиенің тұнып тұрған тұнығы, шоқтығы биік шығармасы – «Ұшқан ұя» повесі. Шығармадағы күллі дүние Бауыржан Момышұлының қабылдауы, сезім-түйсігі арқылы өтеді. Тақырыбының «Ұшқан ұя» аталуында философиялық астар, пихологиялық аспект жатыр. Жер бетіндегі он сегіз мың ғаламдағы тіршілік иелерінің алып өмірге жасар ұлы сапары ұядан басталады. Шығарманың идеясы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығына саяды, адамның ұядан алған тәрбиесі, тәлімі ертеңгі өміріне әсер етеді.

Белгілі ғалым-сыншы М.Қаратаев шығарма жайында былай дейді: «Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндағын, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Жазушының өзіндік түсінігі, өзіндік дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тін суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды, қарт ана – үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл боп өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. Шығарманы қызығып, сүйсініп оқисың, Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткендей сезімге бөленесің»[4, 51]. Біздіңше, бұл тұжырым – көркем туынды «Ұшқан ұяға» берілген әділ баға.

Автор оқырманға өз шығармасының жазылу жайы туралы былай дейді: «Біздің кейде өткенді еске алсақ тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеп ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында болмысына ұйытып алады да сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдыма да сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырып, жанымды жай таптырмай отыр» [4,29]. Бұл оқырманды алдын-ала дайындау тәсілі еді. Повестегі бір қарағанда үзік-үзік көрінетін оқиғалар тізбегі бір желіге бекітілген. Ол – шығарманың өн бойынан сезіліп тұратын балғын балалықтың бейкүнә суреті.

Бауыржан Момышұлы өзі жоспарлаған шығармашылық міндетіне адалдықпен қарап, оқырманға баланың дүниені қабылдау түйсігін пәк, таза күйінде жеткізуге талпынады. «...Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, ертіп отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып жібергендей сезілетін. Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындардан, көзі ашық білімділерден сіңіргем. Солардан дәм татып, солардан сусындағам» [4,32]. Бұл – жазушының өміріне рухани азық болған, бала кезінің бір сәті. Көкірек көзі ашық балғын жас Абай айтқан «Білімдіден шыққан сөз, біліктіге болсын кез, нұрын, сырын ұғуға көкіректе болсын көз» деген данагөй тілеуді құп алып, жылт еткен жақсы қасиеттерді қонаққа келіп-кетіп жүрген зиялылардан, көздері ашық туысқандарынан, көкесі мен әпкелерінің сөзінің, ісінен ала біледі.

Жазушы өмірден алған материалдарын екшеп, електен өткізеді. Өмір шындығынан көркемдік шындық туғызады. Осы тұста, белгілі ғалым Б.Майтановтың сөзін еске түсіреміз: «Көркем шығармадағы өмір шындығының басты бір кепілі психологияда, соны жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, шығармашылық феномен - психологизм. Ол – қаһарманның рухани әлемін, дүниетанмын, жан сырын жеткізудің жолы» [2,19]. Нақтылы психологизмнің көркемдік тісіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі жазушының мақсаты – адамның жанын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу. XIX ғасырда адам жан дүниесіне үңілу, тіптен теңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысан адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс. Көркем шығармада кейіпкердің психологизімі түрлі тәсілдер арқылы көрініс табады. Мәселен, авторлық баяндау арқылы, портреттік тәсіл арқылы, мінездеу арқылы, диалогтан, пейзаждардан, көркемдік детальдардан пайда болатын психологизмдер. «Абай жолы» романында мынандай эпизот бар: «...бір жақ иығына боташ ілігін жамылып алып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысында отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді». Бұл жерде жазушы кейіпкердің ойын айтып жатпайды, көзқарасынан ғана танытады. Құнанбайдың ол іс-әрекеті барлық тізгін Сүйіндіктің қолында екендігін жақсы білгендігі, күштің қай жерде екенін сезетінін Құнанбайдың ақылдылығын, қандай адам екенін аңғартып тұр. Осыған ұқсас эпизот «Ұшқан ұяда» да бар: «... құндыз бөркі құлпырып көз тартады. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. Селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Ол аз сөйлеп, әр сөзін нығарлап, таптап, қарсы отырған адамына қарай қамшысын немесе сұқ қолын нұқып сесті айтады екен... біз сияқты бала-шағаға көз қиығын салған да жоқ» [1, 92]. Портреттік тәсіл арқылы берілген құндыз бөрік, жалпақ белдік, ұзын сақал Серкебайдың дәулетті кісі екенін аңғартса, аз сөйлеуі, отырғандарға қарсы қамшысын не сұқ қолын нұқып сөйлеуі, бала-шағаға көз қиығын да салмауы айбарлы, баршаға сөзі жүретін тегін кісі еместігін білдіреді. Автор кейіпкердің қандай екенін суреттеп жатпайды осы портреттік тәсіл мен авторлық баяндау негізінде көрінеді. Автор тағы бірде «... қурайдай қалқиған, арық бойы сидиып, ебедейсіз қозғалады. Жағына пышақ жанығандай, сүйектері шодырайып, ұрты үңірейіп тұр. Әр жерден үрке шыққан сирек шашы кірпінің түгіндей едірейеді. Бір шөкім сақалы әйтеуір сақал бар деген атқа иеленіп, иегінің ұшында шоғырлана қалыпты» [1,142],- деп Жартыбайдың портреті арқылы қандай адам екендігін бейнелесе, «... Аққұлдың әжімді жүзі жыбырлап, өзі құрысқандай бір уыс болып, бозарып сала берді. Қанын ішіне тартып, қатайып алыпты»,- деген эпизодта кейіпкердің сол сәттегі ішкі күйініші, ашу-ызасын баяндауда тағы да портреттік тәсілді ұтымды қолданады.

Адамның ішкі күйін, психологиясын тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл. Бұл жөнінде әдебиет зерттеушісі М.Базарбаев: «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек-ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға бірден-бір қолайлы формула» [3, 55],- деп атап өтеді. Яғни диалог арқылы да кейіпкердің психологиясын тануға болады. Мәселен, аталмыш шығармада Момынқұлдың білместіктен жасаған ісіне байланысты:

«- Әй, балам, мұның болмас...» деген Момыш сөзі мен, « - Ай, бойында шайтан жайлаған сүмелек!» [1,101],- деген Жақсыбай сөзінен Момыштың сабырлы, кез-келген іске байыппен қарай алатын адам екендігін білдірсе, Жақсыбайдың қызуқанды, ашуға ерік беріп, аузына келгенін айтатын жағымсыздау адам екендігі байқалады. Өгей шешісі «ақшаны шашып жүрсіңдер» деп, балалардың артық әрекеттерін тыймақшы болғанда, Момыштың: « - Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нарсе» [1,85],- деген сөзінен дүние жиюға жат, адал адам екендігі тағы көрінеді. Үбианның Аюбайға деген көңілінің бар-жоғын аңғарғысы келген әкесіне жауап беруден жалтарып « - Мен бір байлаулы бұзау емеспін бе. Әкем мен әжем кімге жетектетем десе де еркінде» [1, 73],- деп сөйлеуінің астарында біріншіден, тәрбие жатса, екіншіден, әкесінің кім көрінгенге бермейтінін жақсы білетін Үбианның жігітке көңілінің кетары еместігін, іштей келіскендігін аңғартса керек. Осылай диалог арқылы да кейіпкерлердің ішкі психологиясына кіре алады екенбіз.

Кейіпкердің психологиясын ашуда көркемдік детальдардың да қызметі ерекше. Үннің де тілі бар. Кей жазушы үнге мән береді. Мысалы, «мен сені жақсы көрем» деген сөзбен түрлі бояулар қосып жақсы көретініңді де, кекесін мағынасында айтып, жек көретініңді де байқатуға болады. Шығармада Нығмет байдың реңсіз, мыртық, кекеш Дәулет деген ұлына қалық мал айдын көлдің аққуын – Запираның аяқ-қолын байлап береді. Жаңа түскен келін «Жусаннан аласа, бетегеден биік» боп жүретін болса, Запира айналасындағы күйкі көріністі мойындағысы келмей, өзін қоршаған сұрықсыз тірлікті көзіне де ілмей, батыл да еркін жүреді. Оның көзқарасынан, үнінен, мінезінен, қимылынан жәрбиген жаман күйеуіне деген, оның туыстарына деген қарсылық кегі, зорлық көргісі келмеген бұлқынысы, қалыңмалға деген қарғысының ұшқыны байқалатын еді. Арада біршама уақыт өткеннен кейін Запираны қайта көреді. «... бұрынғыдай таранып, жинақы жүруді де ұмытқан-ау. Басындағы ақ жаулығы да бозарып кетіпті. Жүрісіндегі ерке қимыл суға түскен кесектей еріп кеткендей. Жәудіреген мөлдір жанары бұрынғыдай нұр шашпайды. Шамның күңгірт жарығы әжімдерін адырайта айқындап, тіссіз қушиған иегін де әйгілеп тұр» [1,129]. Басына түскен езгіні үнсіз көтеріп жүрген, Запираның жағдайының нашар екендігі, бақытсыз әйел екендігі, сарыуайымға берілгішітігі осы детальдардан аңғарылады.

Шығармада автор кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне енудің бірнеше тәсілдерін тиімді пайдалана білген. Мәселен, жанама мінездеу арқылы дос боп кеткен Гончаровтар жанұясын таныстырмақ болады. «... пеш қабырғасында ішекше созылған, ұзыннан ұзақ кенеп орамал ілулі тұр. Ішке кіргенде бұрышта қаптаған икондарға бірден назарым ауды. Суреттің жиек темірлері жалт-жұлт етеді. Мұнда құдайлар бейнеленген. Әр суреттің жиегі дала гүлімен көмкеріліпті...» [1,182]. Аталған символдық белгілер, суреттердің ретпен ілінуі – жанұя адамдарының тиянақтылығын, жиектерінің гүлмен көмкерілуі – табиғатқа жаны ашитын мейірімді адамдар екенін,өз дәстүрлеріне сай құдайға сыйынатын адам екендерін көрсетіп тұр.

«Кез келген жазушы психолог» бола білуі керек. Ол кейіпкердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» [2,53],- дейді әдебиеттанушы ғалымдар. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуы тиіс, кейіпкердің характері, көркем шығарманың психологизімі сонда ғана ашылады. Автор шығармада «әке» образына басым орын береді, қазақ халқындағы отбасыға қамқор, жанашыр әкенің, бойында бірнеше өнерді жиған нағыз қазақтың сері жігітінің бейнесін жасап, ишкі психологиясын тануға жол ашады. Шығарма басында әкесінің қандай екенін айтып, мінездеп жатпайды, жәй ғана: «...әкем орта бойлы, арықша келген, қара кісі. Маңдайы жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» дейтін» [1, 29] деп, әкенің ішкі психологизімін, жоғарыды атаған, портрет тәсілі арқылы береді. Бұл жердегі «орта бойлы, арықша келген, қара кісі» деуі әкесінің қарапайым екендігін көрсетсе, «маңдайы жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді» дегенде оның мінезінің қатал екендігін танытады, осы ойын нақтылау үшін «әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» дейтін» деп тиянақтайды. Момыштың бейнесін таныту үшін мына бір эпизодты келтіремін: «Ауылдағы келін кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де:



  • Момыштан сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен.

Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, дау-дамай бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды – Момыш ауылы дейді екен» [1,18]. Үзіндіден Момыштың өз ауылында, руында абыройлы, беделді екенін аңғарамыз. Хат танып, есеп-қисапты тәуір білгендігі, кезінде ағаш ұстасы да болып, етікші де атанған әсіресе, зергерлікті жақсы көреді, тіпті 33 жасына дейін үйленбей, терме қисса жаттап, айтыс қууы - нағыз сері жігіттің бойынан табылуы тиіс элементтер. Бұлар оның сыртқы көрінісі, ал іші, психологиясы қандай десеңіз – ол өте кең, ар-ұятты, намысты бәрінен жоғары қоя білген кісі. 28 жасында ауыл старшыны боп сайланса да, еш көкірек кермей, «тура Момыш» боп аталып және солай қалуы оның шыншыл, адал болғанын нұсқайды. Автор шығармада әкесінің адамгершілікке, жомарттыққа, ұстамдылыққа құрылған психологиясын бірнеше жерде көрсете білді. Осындай әкеден тәлім алған баланың болашағы қандай болары анық. Қаймана қазақтың қанына сіңген мыңғырған қалың мал соңынан қызының қарсылығына қарамастан жетектетіп жіберу дәстүрі бұл кезде де жалғас тапты. Үлкен қызы Үбианды бала кезден атастырса да, кейін атастырған жігіттің қыз көңілінен шықпағанын байқап, ет бауыры баласын күштеп қосуға әке көңілі жібермеді, анасыз өскен қызының көз жасын көргісі келмей, басқа бір жолын іздеді және тапты да. Милиция бөлімінің бастығының қызына қырын келіп көз салғанына: «Қатын үсті ететін, сен сияқты ақымаққа кететін қызым жоқ» [1, 35] деп, тіке айтуы, кейін қызының өз келісімімен ғана ұзатпақшы болғандағы мына бір эпизодтан: «әкем өзін-өзі әзер ұстап, кереуетке отыра кетті де, қызын алдына алып теңселіп, жас балаша әлдиледі» [1, 77] баласы үшін ет бауырының езілуі, әкелік қамқорлығы ерекше көрінеді. Момыштың қызының той мерзімін ұзартуының астарында мынадай негіз жатыр еді: біріншіден, дәулеті шалқыған бай болмағандықтан, қалыңдық жасауын қолма-қол әзірлеуге шамасының жоқтығы, екіншіден, болашақ отау құратын екі жас бірін-бірі толық білсін, қалыңдық дәуренін қызықпен өткізсін, қызым ренжімей аттансын, бойжеткен шағында көрер тамашасын қысқартпай-ақ қояйын деген қамқор көңілден шыққан шешім еді. Анаргүл қатыгездікпен өлімші ғып сабаған жетім бала –Жарылқасынды алақанына салып, төсекке жатқызып қарауы, «байғұс бала-ай» деген сөзінен Момыш мінезіндегі қаталдықтың астарындағы аяушылық, жанашырлық көңілі әкенің жағымды оброзын жарқыратып, ішкі психологизімін нақтылай түсті.

Сыншы С.Әшімбаев «Психологизм – жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден-бір қолайлы да, оңтайлы стильдік тәсіл» [2, 62],- дейді. Расында да, образ жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә.Қоңыратбаев: «Даралау –психологизмді танудың ішкі заңы» [2,64] деген болатын. Ал даралыққа жету үшін типтендіру қажет. Сол арқылы автор бейнелеген кейіпкердің психологиясына жол табу.

«Ұшқан ұяда» жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ – әже образы. Осы ойымызға таянышты белгілі әдебиет сыншысы М.Қаратаев пікірінен табамыз: «Жапан түзде, ысылдаған ыстық құмның ортасында жападан-жалғыз біткен тораңғы дейтін ағаш болатын. Өзі мықты, бұтақты, саялы. Жел мен боранға, аяз бен аңызаққа – бәріне төзген, мәңгі шөлдеген, тарыққан күйінде жаратылыстың не бәле-бытыранының бәріне табандылықпен төтеп берген сіңірлі ағаш» [4, 57]. Бауыржан Момышұлының әжесі де осы тәрізді ана, ішкі психологиясы ағаштың тағдырымен тамырлас. Ол айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азабын бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына дарытпаған, ақылды, қайсар, саналы да саялы, сұлулықты, әсемдікті жаны сүйетін қазақы әзиз ананың образы болып шыққан. Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ алқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт-дәстүрді бойына сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, достық пен бірліктің, отбасының қадірін түсіндіре білген отана. Өлер алдында балаларын жинап, құран оқытып дайындалуы – қазақ әйелінің бойындағы оптимизм, өлімді қайсарлықпен қабылдай алуы. Ол – қайсарлық пен төзімділіктен, мейірім мен ізгіліктен, адалдық пен адамдықтан жаралған асыл жан. Бұл ойымызды жазушының мына бір сөзі дәлелдей түседі: «Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен әжемнің бейнесі елестейді.... әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...» [1, 19]. Әжесінің бала Бауыржанға ең қатты сөзі – ай,тентегім! сөзі еді. Десе де, бұл сөздің астарында, ашулықпен қатар, қамқорлық көңіл мен еркелету сезімі көрініс беретін. Құлынымдап, қолынан жетектеп бәйек болып жүретін әже сүйіспеншілікке жанын тосып, бауырына басып өсу – бала өмірінің бақыттылығы да осындай болар. «... Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің» [1,21]. Жазушының балалық шаққа деген сағынышының ұшқыны байқалады. «Адал» сөзінің өзі балалық шақтың ең мұңсыз, қайғысыз, әлі өмірдің соқпағын бастан кешпеген, тәтті кезең екендігін аңғартады және ол сәттің енді келмеске кеткеніне қынжылады.

«... тек оқта-текте ауылдың үстін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұл сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларға зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса, жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмей, жылағым келетін. Енді бірде аспанға аң-таң болып қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп, шауып бара жатқан асау тайлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгеніңде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал» [1, 21]. Авторлық баяндау арқылы берілген балғын балалық шақтың тартымды суреттерінің астарында баланың психологиясы, танымы, ішкі көзқарасы белең алады, монолог арқылы берілген психологизм.

Келесі бейнеленген образ – ұлттық, халықтық негіздегі образдар.

«Ұшқан ұя» повесі қамтитын уақыт кезеңі – кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары. Бұл кезеңде халық өмірінің көптеген әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қаймағы әлі де бұзылмаған еді. Соның бірі - жылқы малына деген ерекше сүйіспеншілік. «Ат десе арқасы қозатын қазақ аты үшін небір қияметке барады, жүйрігі мен сұңқары болмаған ер ер атынан қалады деп есептеген. Әр қазақ астындағы атын өзімен тең санаған, оның желідей жүрісін жанына ем санаған, өзін қалай күтсе көлігін де солай мәпелей білген. Атқа ретсіз ауырлық артпаған, айылын жөнсіз тартпаған, ақ-көбік етіп атойлап босқа шаппаған. Тіптен бәйгеге қосар тұлпарға «етегі ауыр нәсіл» деп, әйел атаулыны мінгізбейтін болған. Киелі малдың құны осылай бағаланған» [1, 179]. Бұл - Бауыржан Момышұлының шығармасындағы қазақ халқының ішкі танымын, жылқы малына деген жақындығын бейнелеген тұсы. Жанынан артық көретін Аққұл қарттың бойында дала, түз қазағының мінезі бар. Ат құлағында ойнайтын сайыпқыран көкпар кезінде Көкшолағымен бірге шыңырауға түсіп кетіп, майып болады. Қарт шабандоздың соңғы тілегі Көкшолағының жанына бірге жерлеу еді. Бұл сөзден Аққұлдың ғана емес, дүйім қазақ жұртының жылқы малына деген ыстық пейілі көрінеді. Сонымен қатар, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен салт-дәстүрге қандай жағдай болмасын құрметпен қарау жайы орыналады:

«... босағадан кимелеп, зікірлеп үйге бас сұғу, отау ішінде ойран салу салтымызда жоқ нәрсе ғой. Әруақты қорлағандық, ата-баба ардақтаған төрімізді қорлағандық саналады. Сол себепті Аққұл тобы ішке кірмей, жиырма-отыз қадам жерде даурығып тұр...» [1, 94]. Халық психологиясына қанық жазушы: «...Иә, қазекем жаңа келген нәрсеге жан-тәнімен қуана да білетін, қазаға қалың жұрт боп қайғыра да білетін халық қой, шіркін!»,- деген сөзінің астарында халықтың дарқандығына, пейілінің кеңдігіне, жомарттығына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш жатыр.

Шығарманың басында Бауыржан дүниеге келгеніне екі-үш ай болғанда, анасы күн көзіне шығарып, Имаш атасына алып келеді. Сонда алғаш көрген атасы қолына жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем құл болма,

Шыбық деп берсем шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма, [1, 4]- деп, өсиетті сөзін айтады.

Бала Бауыржанның – дана, дара Бауыржан болып өсуіне осындай өсиет сөздердің септігі әбден тиері анық.

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» - оның жазушылық шеберлігін әдеби қауымға мойындатқан алғашқы шығармасы. Онда жазушының суреткер ретінде болмысы жан-жақты ашылған. Ұлттық тәлім-тәрбие бастауынан нәр алған азаматтың өмір келешегінің кемелділігінің куәсіндей еді.

Көркем шығармада психологизм элементтерінің болу-болмауы шығарма тақырыбына, идеясына, мазмұнына байланысты. Біз сөз еткен «Ұшқан ұяның» тақырыбыда, идеясы, мазмұны, кейіпкерлері тұнған психологизмге құрылған. Бауыржан атамыздың психологиясы адалдыққа, шындыққа құрылған, ұлттық болмыс пен өршіл рухқа негізделген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. - Алматы: Атамұра, 2003 ж;

2. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері – диссертация. – Алматы, 2006 ж;

3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002 ж;

4. Б.Момышұлы туралы естеліктер. – Алматы: Білім, 2005 ж.


ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
Жетібай Рақымберді - 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., доцент Асылбекұлы С.

Жалпы әдиеттану ғылымында әдеби шығармалардың табиғатын түсіну үшін олардың көркемдік әлемін зерттеудің маңызы үлкен. Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының эстетикалық қуаты нақ осыдан – жазушы қаламының көркемдік әлемінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді.

Академик С. Қирабаев: «Бүгінгі біздің замандасымыз қандай адам, оны қоршаған ортаның шындығы қандай, осы екеуінің арақатынасы қандай приципке құрылған, адам өз өміріеің қызығын, тіршілігінің мақсаты неде деп түсінеді, нені армандайды, не нәрсе оны ренжітеді? Бүгінгі күннің әдебиеті күн тәртібіне қойып отырған басты проблемалардың бірі – осы» дейді.[4.15]

Өмірдің сапырылысқан сансыз қоғамдық – саяси, тұрмыстық интимдік ситуациялары мен көркем шығармаға азық болатындай тың тақырыптар мен идеяларды, ұлттық әдебиетке бұл кезге дейін мәләм болмаған жаңа қызғылықты характерлер мен тосын типтерді көріп, оларды аша білу өте қиын іс. Ал, сол тыңнан табылған тақырыптар мен идеяларды жаңағы қызғылықты характерлері мен типтердің көз – қарастарына, мінездеріне, іс - әрекеттеріне көшіру арқылы болашақ шығарманың сюжеттік желісін жасау, оны мінсіз композициялық процесс. Бұл процесс – творчестваның бұлжымыс заңы. Кез – келген жазушы бұл процесті бастан кешеді. Жазушының шеберлік қырларының ұшталып, көркемдік стилдің қалыптасып дараланатын жері де – осы процесс.

Деседе, Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік әлемі, тақырып таңдау, кейіпкер психологиясын ашу, сөз саптау, сюжет құрау, бір сөзден жазушылық стилі қандай? Әдебиеттану ғылымындағы стиль – аса кең мағынадағы ұғым. Көрнекті ғалым З. Қабдолов: «Нағыз пейзаж – поэзия! Характер! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдаунан, сезіну, түйсінулерімен, көңіл – күймен тыс табиғат суреті – пейзаж жоқ! Пейзаж жазушының стилінде белгілейді. Ал, стиль – адам ...» дейді.[5.40]

Ең алдымен жазушы жақсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, ішкі сұлулықты, ішкі тереңдікті, рухани құндылықтарды жоғары қойып дәріптейді. Жазушыға тән негізгі қасиет – шығармаларына психологиялық, лирикалық сарындармен қатар философиялық ой дарыту басым. Сондай – ақ, асқынған драматизм, трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады.

Мысалы, Төленнің ең алғашқы шығармаларының бірі « Оң қол» әңгімесін алайық. Шығарманың кезінде үлкен жаңалық ретінде қабылданғаны белгілі. Ендеше шығарма құнын асырған нендей ғаламат десек, ол ең алдымен тақырып тосындығы болса, соған орай жазушы идеясының шығарма сюжетімен табиғи бірлік табуы еді. Әрени, бұл тек «Оң қол» әңгімесіне ғана қатысты ерекшелік емес, Т. Әбдікұлы шығармаларының барлығына тән қасиет. Тіпті Төлен шығармаларының өзін ана тақырып, болмаса мына бір шындық болмаса шетел тақырыбы деп бөле – жарудың қажеті жоқ. Өйткені қайсы – бір туындысын алмайық өмірдің ең өзекті, аса зәру, аса білгір мәселелерді көтергені анық. Олар тек жанрлық тұрғыдан, шығарманың сюжеті мен композицялық құрылымы жағынан ғана бөлек. Ал, автордың философиялық ой –түйіні алдыға қойғаны, ол – адамгершілік. Олай болса: «Әбдіков әуел бастан – алғашқы әңгімесі «Бассүйекте» бастап соңғы туындысы – «Өліара» романы аралығындағы бүкіл шығармалары парасаттылықты пайымдап, адамгершілікті мадақтауға арнағандығын айтуымызға болады. Өйткені Төленнің қай жанрда жазылған туындысы да тек осы биік адамгершілік мұраттарды өмірлік өнеге ретінде ұсынумен ұлағатты» дейді Қ. Құрманғалиұлы. [4.50]

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. «Өйткені, тақырып - өнер туындысының ірге тасы» - дейді, З. Қабдолов.[6.17]Ендеше бізде жазушы шығармаларының тақырыбынан бастағанды жөн көріп отырмыз. Ең алдымен айтар ерекшелік Т. Әбдікұлының тосын тақырыптарға баруы. Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Бассүйектен» бастап « Оң қол», « Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымындайды», «Парасат майданы» т.б. атты тосын тақырыптағы әңгіме, повестері өзінің тосын кейіпкерімен жазушының суреткерлік даңқы алысқа жіберді. Мысалы, «Бассүйектегі» мүсінші – антраполог Хамит, «Оралудағы» Әбдікерім, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіттегі» Қожабек, «Жат перзенттегі» Кәрім, «Тозақ оттары жымындайдыдағы» Бэйкер сияқты басты кейіпкерлерді оқыған адамның ойынан шықпайтындығы шындық. Оның себебі, Т. Әбдікұлының қай шығармасы қайсы бір кейіпкері болмасын әбден сыннан өтіп, суреткер қиялында пісіп, жетілмей тумайтындығы. Содан да болар жазушы өте сирек қалам тербейді. Бірақ толғағы жетіп , дүниеге келген туындыларының елеусіз қалған жері жоқ. Стиль ұғымының кең екендгін жоғарыда айттық. Ғалым З. Қабдолов: «Сонымен, біз жазушының күллі творчествасының өн бойынан идеялық – көркемдік негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз... Міне, стиль - әр жазушыға тән осындай творчествалық ерекшелік» - деп жазады. Тіл - әдебиеттің басты мүшесі. (М. Горький), сөз шығарманың негізгі материалы (Федин) екенін ескерсек, әдеби шығарманың көркемдік құны оның тілінде екен. Сондай – ақ тіл байлығы шығарма сюжетін баяндауда ғана емес, кейіпкер психологиясын ашудағы монолог, диалог, ойлау, қиялдау, еске алу т.б. сияқты тәсілдерден де көрінеді.

Ғалым Г. Пралиева « Тағы бір тоқталар жайт – Т. Әбдіковтің тілі. Оның қай туындысын алмаңыз, артық – ауыз әңгімеге, жалған сезімге, кездеспейміз. Немесе, ділмарсыған кейіпкер, не автор жоқ. Мүмкіндігінше аз сөзге көп мағына сыйдыруға және әр сөзінің әйтеуір, бір роль атқаруына аса жауапкершілікпен қарайтындығы – қаламгердің өзіндік қолтаңбасы, өзіндік әдіс – тәсіл» , - дейді. [4.67] Бұл жерде көркем шығарма сюжеті мен кейіпкер психологиясы ашудағы жазушы ізденістеріне қатысты көркемдік ерекшеліктерге тоқталамыз. Негізгі психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігін ашатын көркемдік бейнелеу құралдарының – ішкі монолог, монолог, ойлау, қиялдау, ой – түйсік, ес, еске алу, елес, елестету, түс – сандырақ , өзін - өзі бақылау мен өзін - өзі талдау т.б. жатқызатынын айтуға болады.Мәселен, «Қайырсыз жұма» ақадал, ерен ең­бегімен министр лауазымына қолы жеткен Әбен Ілиясовичтің ойламаған жерден тағынан тайдырылғаны және оның себебі қызметіндегі кемшілігі емес, басқа біреуге орны керек болғандықтан екен. Орталық Комитеттің салалық хатшысы оған орнынан босатуды сұраймын деген өтінішті ық­тиярсыз, зорлап жаздырған ғой. Осынау қиянатқа жүрегі шыдамай Әбен сол түні кенеттен қайтыс болады. Міне, бүгінгі қоғамның қиянатшыл кескін-келбеті әңгімеге арқау болған. Мұны қазіргі алмағайып кезеңнің ащы шындығын ашып көрсететін сәтті қадам емес дей аласыз ба?! Немесе «Қонақтар» әңгімесінде не мақсат көзделгеніне ой жүгіртіп көріңіз. Нағыз осы заманның адамдарымен жолы­ғасыз. Ерғабылдың жалғыз ұлы Сапабек үлкен қалада тұратын, үлкен қызметтегі кісі. Оның да жалғыз ұлы бар. Сол Жеңісін ауыл­дағы әке-шешесінің қолына беруге келіншегі Тома қарсы, ал оған күйеуінің сөзі көк тиын. Оның үстіне биыл мектеп табал­дырығын аттайтын бала қазақ тілінен ма­құ­рым. Ерекеңнің тіпті ыза болатыны шақырса да немересінің қашқақтап қасына келмейтіні. Келінінің түрі анау: көйлегінің омырауы ашық, етегі шолақ. Қазақшасы орашолақ. Жыл сайын асығыс-үсігіс, курорттан қайтып келе жатқанда жолай соғып, бiр түнеп кететiн ұлына әкесiнiң өкпесi қара қазандай. Өз отбасына өзi қонақ болып жүрген жiгiтте қандай қадiр-қасиет болсын. Бұл бүгiнгi күннiң мұңы емес деп кiм дауласар?![1.292]

Қазiргi қоғамда орын алған тағы бiр жағымсыз қылық «Жат перзент» әңгiмесiнде сипатталған. Керiм мен Рүстем қызметтес кiсiлер. Екеуi жұмыс бабында жараспай қалған. Кезекті бір жиналыста Кәрімнің бөліміне Рүстем қатты шүйлігіп, сынап, мәселе оған сөгіс бергізумен аяқталған. Соған кектенген Кәрім одан өш алудың амалын тауып, Рүстемнің келіншегі Зәурешті көңілдесі етіп алады. Рас, арақатынастары ұзаққа бармаған. Арада алты жыл өткенде сыраның кезегінде тұрып, талай жыл жүздеспей кеткен баяғы Рүстемге жолығып қалады. Қасында баласы бар. Биыл мектепке барады екен. Зер сала қараса, айнымаған Кәрім, сойып қаптап қойғандай ұқсас. Күтпеген жаңалық Кәрімді әрі-сәрі күйге түсіріп, есеңгіретіп жіберген. Ол арамза пиғылымен жасаған күнәсінің арты осылай өкінішті болғанына не себеп екен? Баланың жат перзент болып кетуі қалай? [1.345]Кейіпкердің жанын ауыртқан осы сұрақтарға қалай жауап қайыруды жазушы оқырман еркіне берген. Ойлансын, толғансын деген ниетпен, әрине. Ал бұл сауалдың бүгінгі күнге, қоғамдық өмірге қатысы жоқ, жеке бастың шаруасы дей аласыз ба? Әрине, бұл да әлеуметтік мәнді мәселе...Т. Әбдікұлы шығармаларында осы тәсілдердің барлығы, әсіресе монолог, ішкі монолог, ойлау, өзін - өзі бақылау мен өзін - өзі талдау сияқты тәсілдер жиі кездеседі.

Т.Әбдікұлы шығармаларына қатысты айтылған сын – пікірлерді де айта кетсек. Мәселен, белгілі сыншы С. Әшімбаев тақырыптары басқа болғаны мен ар тазалығы шынайы сезім байлығы, адам жанындағы тереңдік пен кеңдік, адамгершілік принциптерге адалдық, адам өміріндегі дұрыс – бұрыс құбыстарға диалектикалық тұрғыдан ой жүгірту, байсалды баға беру қазақтың көптеген тән қасиет екенін айтады. «Әсіресе, Ә. Кекілбаев пен Т. Әбдіков, М. Мағауин шығармашылығындағы нақты да затты философиялық интелектуальдық өрелі интерпретациялар қазақ прозасындағы соны ізденістің куәсі дерлік» дей келіп, «Сондай – ақ, қайсыбір талантты деген жазушыларымыздың, жекелеген шығармаларында суреткерлік интуиция болады да, ең басты нәрсе – тұжырымдама кетпей жатады. Осының салдарынан шығармадағы оқиғалардың мезгіл мекені беймәлім, уақыт пен кеңістік ұғымы дерексіз, кейіпкерлері «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей абстрактылы ойлап, жер баспай салмақсыздық жағдайында ауа қармап жүрсе, олардың қым – қиғаш қисынсыз әрекеттерінде психологиялық – логикалық мотивировка жете бермейді.[7.152]

Қорыта келгенде, қаламы қарымды жазушы Төлен Әбдікұлының әңгімелері оқырманды көркемдік ойға жетелеп, соңғы аяқталу басқышын өзіне интерпретацялатады. Жоғарыда айтып өтілген талдама-сын-пікірлердің мазмұны да осыған саяды. Қия-құзымен бақыт-бағланы қатар жүретін мәні терең мағыналы өмір шеңберінде өңге бергісіз түс, түске бергісіз іс болып жатары анық. Жазушы Төлен Әбдік өң мен түстің, түспен істің аралығын әңгімесіне арқау етіп, сурет жасай алған дара жазушы. Жазушы шығармаларын талдау барысында танымдық тұрғыдан алып қарасаңыз, жазушының «өмір» атты кітапты мұқият, мүлт жібермей оқығандығын байқауға болады. Тақырыпты таңдап, кейіпкерді кестелеп, оқиғаны өрнектеп, мінез бен істің арасын алшақтатпай сурет салып, ойды орнынан қозғап жіберер Төлен әңгімелері қай ғасырда болсын өзіндік маңызға ие болары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет