Қазақ әдеби тілінің теориялық мәселелері



бет3/5
Дата21.05.2020
өлшемі1,56 Mb.
#70389
1   2   3   4   5
Байланысты:
1241 debi til
ЖЭ-831(3), ЖЭ-831(3), Абай, 1-Практикалық жұмыс, 235407rus (1), топ мәліметі 2 сем ББ-21К, Дене тарбиеси
Дулат, Шортанбай тілі мен стилі өмірге бейімделген, халық тілін әдеби мазмұнда дамытудың елеулі бір көрінісі.

Сондықтан оның бағыт, стиль ретінде біздің әдеби тіліміздің дамуына болысқан қызметі де бар. Сол стильдер мен әдістер тартысында қазақтың сөйлеу тілін әдеби ұлттық тілге бейімдеу процесі бар еді

.

Шоқан мен Ыбырайдан бастап, Абай тереңдетіп, оған жаңа нышан берген қазақ халқының ағартушылық идеясын осылай жалпыхалықтық процесс рухында түсіну қажет. Мұның өзі ұлттық сананың туып, тарихи дамудың жаңа, даңғыл жолымен өрбігенінің белгісі болды. Капитализм қайшылығын тек Абай ғана көріп, феодализм қайшылығымен қатар сынады. Осы ояну мен ұлттық сананың тууы Абай поэзиясы, оның әдісі мен стилінен, тілінен айқын орын алды.



Абай поэзиясы шын мәнінде қазақтың ұлттық тілі мен жаңа жазба әдебиетінің туғандығының айғағы болған еді. Оның ауқымы кең болды. Бір жағынан ол халық поэзиясы, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ақтамберді, Бұқарлардан басталған әдеби дәстүрді мол игерсе, екінші жағынан, орыс әдебиетінің үлгісін меңгере отырып, қазақтың жаңа мәдениеті мен әдебиетінің ұлттық формада қалай дамуға тиіс екенін көрсетіп берді

Абай өмір шындығын белгілі бір көзқарас, әдіс, жетілген стиль сатысында жырлайды. Халық бейнесі мен мүддесін әдебиетке басты сарын ету, көркемдік қасиеті биік әрі бай реалистік әдіс жасау, әдебиетті өмір оқулығына айналдыру күрделенген тұрмыс шындығы мен дамыған ой-санаға тән құбылыс Абайдың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет