романтизмге қол береді.
Қазақ әдеби тілінің Абай стилінде дами түсуін көрсету ретінен ХХ ғасыр басында “Қазақ”, “Айқап” сияқты газет-журналдың, сондағы публицистикалық, саяси мазмұндағы прозаның тууын зор табыс деп айтпай болмайды. “Айқап” журналының тілінде татар элементі барлау бірақ мазмұны демократиялық болды. Публицистика өзінің орнына ие болды. Бұл анық әдеби құбылыс еді. Ұлттық сананың демократиялық рухын уағыздауда “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналының қызметі өзгеше болды. Ондағы ойлар Торайғыров, Көбеев, Дөнентаев, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев, Майлиндердің поэзиясы мен прозасына желі болды.
Карамзиннің “Бейшара Лизасында” көрінетін сентиментальдық романның өзі ағартушылық рухындағы шығарманың басы болды.Сол роман жанры қазақ даласында да туады. Оның іші толған тілдік, образдық, сюжеттік, портреттік, пейзаждық, композициялық жетілген әдеби өрнек еді.
Мазмұны да типтік, тарихи. Қазақтың тұңғыш романдары “Бақытсыз Жамал”, “Қартқожа”, “Қамар сұлу” шығармаларының тілінде эпос, сөйлеу тіл мен әдеби тіл өте бай ұштасқан.
Прозадан бұл кезде “Бақытсыз Жамал”, “Қартқожа”, “Күнікейдің жазығы”, “Қалың мал”, “Қамар сұлу”, “Шұғаның белгісі” сияқты ағартушылық романдардың тууы әдеби тілдің дами түскендігінің айғағы болды.
ХІХ ғасырдың аяғындағы әдеби тілімізге тіл жағынан өзге бағыттардың қатысы болса да, оның жаңа жанрда өмірге еніп, дамуы әдебиетіміздің едәуір бой көрсетіп, ұлттық сананың өскендігінің айғағы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |