Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма
Балл
түрлері
Түсіну және
«Қыз Жібек»
Т/Ж1 Әдеби шығарма
Жауап
5
жауап беру
жыры
сюжетінің құрамдас
нұсқаларынан
бөлшектерін талдау
бір дұрысын
Орхон-Енисей
таңдау/жабық
ескерткіштері
7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы
сұрақтар
«Күлтегін»
тұлғалық болмысты
жыры
гуманистік тұрғыдан талдау
Жиембет
7.А/И2.Эпикалық,
Қысқа
10
жырау
Анализ және
поэзиялық, драмалық
жауапты қажет
«Еңсегей
интерпретация
шығармадағы автор
ететін
ашық
бойлы Ер
бейнесін анықтау
сұрақтар
Есім»
Қазтуған
7.А/И3. Шығармадағы
көркемдегіш
қ
ұралдардың
жырау
(символ, синекдоха,
«Қазтуғанның
қайталау түрлері: эпифора,
қонысымен
анафора, аллитерация,
қоштасуы»
ассонанс, риторикалық
толғаулары
сұрақ) қолданысын талдау
7.А/И4. Шығармадағы оқиға
желісін өзіндік көзқарас
тұрғысынан дамытып жазу
Бағалау және
7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-
Толық
5
салыстыру
әрекеті мен автор берген
жауапты қажет
портреттік мінездемені
ететін сұрақтар
салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығына
баға беру
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
6
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.