«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Бөлім: Қалың елім, қазағым Шығармалар: Абай шығармашылығы: «Сегіз аяқ»



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі22,3 Kb.
#185485
  1   2
Байланысты:
10 СОЧ қаз әдеб


«Келісілді» «Бекітемін»
Кафедра жетекшісі Оқу ісі меңгерушісі
С.С.Аманжолова______ М.Н.Алсай___


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Бөлім: Қалың елім, қазағым
Шығармалар: Абай шығармашылығы: «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы

1-БӨЛІМ
1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?
А) Азаматтық лирика
В) Махаббат лирикасы
С) Саяси-әлеуметтік лирика
D) Табиғат лирикасы [1]
2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
А) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
В) Елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі – қазақ әйелдерінің жайын
С) Өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды
D) Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін [1]
3. «...Жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен...» - Абайдың қай қарасөзінен үзінді және бұл сөз кімге тиесілі?
А) 32-қарасөзі, талапқа қатысты
В) 17-қарасөзі, жүрекке тиесілі
С) 19-қарасөзі, хакімнің сөзі
D) 28-қарасөзі, жақсылықпен байланысты [1]
4. «Масғұт» поэмасының идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?
А) Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
В) Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.
С) Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
D) Жақсы әйел – жігітке біткен бақ [1]
5. 32-қарасөзіндегі көтерілген мәселелердің ішіндегі сәйкес емес (айтылмаған) ақпаратты анықтаңыз.
А) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады.
В) Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
С) Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды.
D) Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.[1]

2-БӨЛІМ
6. «Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын»,- дейді ұлы Абай атамыз. Өлең жолдарындағы көтерілген мәселеге сәйкес ойыңызды шығармашылықпен (ой толғау,өлең т.б.) жеткізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет