1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады? С саяси-әлеуметтік лирика «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»



Дата13.12.2022
өлшемі17,12 Kb.
#162601
Байланысты:
1. «Ñåã³ç àÿ?» ?ëå?³ ëèðèêàíû? ?àé ò?ð³íå æàòàäû? Ñ ñàÿñè-?ëåóìå


Аружан Шатырбай, 10 сынып
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі
2021-2022 оқу жылы
10 сынып бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ

1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?
С) Саяси-әлеуметтік лирика
2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
А) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
3. «...Жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын мен...» - Абайдың қай қарасөзінен үзінді және бұл сөз кімге тиесілі?
В) 17-қарасөзі, жүрекке тиесілі
4. «Масғұт» поэмасының идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?
D) Жақсы әйел – жігітке біткен бақ
5. 32-қарасөзіндегі көтерілген мәселелердің ішіндегі сәйкес емес (айтылмаған) ақпаратты анықтаңыз.
С) Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды.
2-БӨЛІМ
6. «Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын»,- дейді ұлы Абай атамыз. Өлең жолдарындағы көтерілген мәселеге сәйкес ойыңызды шығармашылықпен (ой толғау,өлең т.б.) жеткізіңіз.
Абай Құнанбаев бұл өлең жолдарында ештеңе бітірмей, құр босқа өмір өткізу мәселесін көтеріп тұр. Дайын асқа тік қасық болмау керек. Өз еңбегіңмен таппаған нан тәтті болмайды. Дүниеқоңыздыққа, қанағатсыздыққа алып келеді. Қарныңды тамаққа толтырып, құр жатқаннан не пайда? Керісінше мына өзіңе зиян. Өмірден артыңа мұра қалдырмай текке кете барасың. Олай болса өмірге не үшін келгенің? Нені бітіргенің? Тоқтамау керек. Еңбек етіп, өзгеріп, үйреніп, дамып қана адам кемелденеді.
7. Өлең жолдарындағы астарлы ойды анықтап, көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтаңыз.
“Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?”
Астарлы ойды табады. Көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтайды. Ойын дәлелдейді.
8. Атадан алтау, Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп, Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым - тап шыным!–деген жолдардағы ақын бейнесін (ішкі сезім, толғанысын) көрсетіңіз.
Меніңше Абай атамыз бұл жерде "Атадан алтау"-деп ағайындарын,әкесінің туыстарын айтып отыр, ал " Анадан төртеу"-деп өз бауырларын,бір анадан туғандарды меңзеп отыр-ау деп ойлаймын. Солардың сөзі бір жерден шықса жалғыздық көрер ме едім,алауыздық құртты-ау деген өкініш өксігі болар деймін. Бұл жерде өзін айту арқылы бүкіл қазақтың басындағы алауыздықты білдіріп тұрғандай.
9. Масғұттың қызыл жемісті таңдауына өзіндік баға бере отырып, шығарманың көркемдік құндылығын талдап, әдеби эссе жазыңыз.
Масғұт поэмасы ұлы ақынның ерекше туындыларының бірі. Масғұт шығарманың басты кейіпкері . Ол бай да емес кедейде емес орташа халықтың өкілі .Масғұт поэмасының басындағы ерлігі шығарманың ары қарай жалғасуына ықпал етеді . Оның ең басты қасиеті шығармада Қыдыр атаны құтқарып алғанынан басталады . Жəне Қыдыр ата үш түрлі жемісті ұсынғанда оның өзін асқан шеберлікпен ерекше ақылмен таңдаған. Ол қызыл жемісті таңдайды . Ақ жəне сары жемісті таңдамағанын ол былай түсіндіреді :Ақ жемісиі таңдап ақылды өзіме жеңгізбей , мен ақылыма жеңілейін . Қызыл жемісті таңдасам бай дəулетті болып көрген елдің көрсе қызарлығын оятып , құтымды қашырып , күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылғым келмейді дейді. Біз бұл шығармадан адамға керек ең жоғарғы асыл құндылықтарды ала аламыз .Сондықтан бұл шығармаға ең жоғары балды беруіміз керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет