«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨлім



Дата25.12.2023
өлшемі13,7 Kb.
#199182
Байланысты:
ТЖБ 11-СЫНЫП ӘДБИЕТ
список 1055555

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1-БӨЛІМ
1. «Өмірзая» романы – тәуелсіздік рухына қандай да зорлық-зомбылықтың әлі
келмейтіндігіне иландыра алатын шығарма...Бұл роман қазақ әдебиетінің үлкен
жетістігі саналады», - деген пікірдің авторын табыңыз.
А) Н.Айтұлы В) Ш.Елеукенов С) М.Мағауин Д) Ж.Сейсенбаева [1]
2. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романында баспана мәселесі қай тарауда айтылатынын
анықтаңыз.
А) 1-тарау В) 3-тарау С) 4-тарау Д)9-тарау [1]
3. «Біз бәріне қызмет еттік, қарағым.Тек адамға, туған халқымызға қызмет еткен
жоқпыз.Жетпіс жеті жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая.
Өмірім – зая...» деп көңілі босаған кейіпкерді табыңыз.
А) Алдияр Ақпанұлы В) Аяған С) Асылхан Д) шал [1]
4. Жас отбасы пәтер іздеп кімнің пәтерін жалдағанын анықтаңыз.
А) бауырының В) досының С) маклердің Д) ұйғыр әйелдің [1]
5. «Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады» асты сызылған сөздің қандай құралға жататынын анықтаңыз.
А)ассонанс В)аллитерация С)теңеу Д)эпитет [1]


2-бөлім
6. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романының композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
__________________________________________________________________ [5]
7. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы талдап жазыңыз.__________________________________________________________________[5]
8. Пәтер іздеудегі жас отбасының кездескен кедергілермен күресудегі еңбегін дәлелдеп жазыңыз._______________________________________________________________[5]
3-бөлім
9. Герольд Бельгердің: «Соңғы бірер жылда мен оқыған қазақ романдарының
ішінде, ең алдымен, маған ой салып, жүрегімді тебіренткен Баққожа Мұқайдың
«Өмірзаясын» атар едім... Бірер ауыз сөзбен қысқаша қайырсақ, бұл – тынысы
кең, идеялық жүгі ауыр,шым-шытырық уақиғаға құрылған, болмыс-бітімі жан-
жақты, заман ағысын, ұлттық тарихтың жауапты кезеңін терең бажайлап,
баяндайтын, кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын сүбелі, соны туынды», – деген
пікіріне сүйеніп, «Өмірзая» романы туралы сыни пікір жазыңыз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет