«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бәйеке, сұлтан, ақсүйек, Қыларың болса, қылып ал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, - деген жолдардағы кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
А) ішкі ашу-ыза, кек
Б) мақтаныш, өкініш
С) ашу-ыза, қызғаныш
Д) барлық жауаптар дұрыс
[1]
Мен шарға ұстаған Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім. Асты сызылған сөздер кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
А) ақынның өкінгендегі
Б) соғысқа аттанғандағы
С) Исатайдан айрылғандағы
Д) ақынның жалғыздықтағы
[1]
Жыр сюжетінде Кенесары хан қырғыз еліне қай елмен аттанбақшы болды? А) уақ
Б) дулат
С) қыпшақ
Д) төлеңгіт
[1]
Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
1
|
«Жауың қайда? Мен — жолдас»
|
|
А
|
Балқожа, Медеу
|
2
|
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал
|
В
|
Наурызбай
|
3
|
Ханға таман барыңыз.
Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
|
С
|
Бұғыбай
|
4
|
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін. Әскерден отыз батырды Іріктеп алып кетейін.
|
Д
|
Кенесары
|
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
В) 1С, 2А, 3В, 4Д
С) 1А, 2В, 3С, 4Д
Д) 1Д, 2С, 3А, 4В
[1]
«Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
А) зерттеушілік, суреткерлік, сезімталдық, өнерпаздық
Б) зерттеушілік, суреткерлік, әншілік, сал-серілік
С) зерттеушілік, сыршылдық, әзілкештік, аңғалдық
Д) зерттеушілік, суреткерлік, сыршылдық, сезімталдық
[1]
«Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ақынның халық мүддесін көздеудегі, көтерілісті ұйымдастырудағы рөлін талдаңыз. (3-4 сөйлем)
[3]
Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)
Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
[3]
Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар
келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем)
[4]
Достарыңызбен бөлісу: |