Аты-жөні _____________________________________
Cыныбы ___________ Пәні қазақ әдебиеті
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім : «Тарихи шындық пен көркемдік шешім»
Оқу мақсаты: 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
Бағалау критерийі: әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды
автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады;
1.Бәйеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса, қылып ал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, - деген жолдардағы кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
А) ішкі ашу-ыза, кек Б) мақтаныш, өкініш С) ашу-ыза, қызғаныш Д) барлық жауаптар дұрыс 1
2. Мен шарға ұстаған
Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім. Асты сызылған сөздер кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
А) ақынның өкінгендегі Б) соғысқа аттанғандағы
С) Исатайдан айрылғандағы Д) ақынның жалғыздықтағы [1]
3. Жыр сюжетінде Кенесары хан қырғыз еліне қай елмен аттанбақшы болды?
А) уақ Б) дулат С) қыпшақ Д) төлеңгіт [1]
4. Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
1
|
«Жауың қайда? Мен — жолдас»
|
|
А
|
Балқожа, Медеу
|
2
|
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал
|
|
В
|
Наурызбай
|
3
|
Ханға таман барыңыз.
Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
|
|
С
|
Бұғыбай
|
4
|
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін.
Әскерден отыз батырды
Іріктеп алып кетейін.
|
|
Д
|
Кенесары
|
А) 1А, 2Д, 3С, 4В В) 1С, 2А, 3В, 4Д С) 1А, 2В, 3С, 4Д Д) 1Д, 2С, 3А, 4В [1] 5. «Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
А) зерттеушілік, суреткерлік, сезімталдық, өнерпаздық
Б) зерттеушілік, суреткерлік, әншілік, сал-серілік
С) зерттеушілік, сыршылдық, әзілкештік, аңғалдық
Д) зерттеушілік, суреткерлік, сыршылдық, сезімталдық 1
6. «Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ақынның халық мүддесін көздеудегі, көтерілісті ұйымдастырудағы рөлін талдаңыз. (3-4 сөйлем) [2]
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. «Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан
Жетім қалдым айрылып!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып!» өлең жолдарындағы автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем) [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім. [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем) 2
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |