«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
[1]
Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы?
А) қоңыр қаз
В) оққа ұшпайтын марал
С) бөрінің бөлтірігі
Д) қанды балақ
[1]
«Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды» деп кім айтушы еді?
A) әжесі
Ә) Қасен
Б) Бейсембай
В)үлкендер
[1]
«Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ...
А) немістерден қашып келеді. В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр. Д) отрядты іздеп келе жатыр.
[1]
«Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі -
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
[1]
Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
Абылайдың Қанай биге "Баянсыз қанатымды қалай жаям ? " деуінің себебі алаштың ардагері Батыр Баян. Баян Жоңғарларға қарсы күреске қатысып Батыр Баян атанып кеткен . Тапқырлағы мен ержүретігінің арқасында Абылайдың көзіне түскен батыр.
[2]
Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (5-6 сөйлем).
Көксеректі ауылдағы иттердің бәрі жақтырмайтын, оның себебі көксерек қасқыр болатын. Ол бөлтірңк кезінде ауыл иттерінен қанша таяқ жеседе ынқ етпейтін. Қазір көкжалға айналды.Урпиген сур жундері, көзі өткір, қырағы, турі сусты, тістеген жерін жулып алардай.
[2]
«Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз? Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.“Тәмпіш қара” повесіндегі кейіпкер Шаншатайдың бойынан әдептілік, ұқыптылық,тазалық,кішіпейілділік пен сыпайылық секілді асыл қасиеттерді байқадым.
[2]
«Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (5-6 сөйлем).
Менің ойымша Гитлер СССР кезіндегі ең жауыз адам.Мен оның жауыз істерін теледидар,газет,журналдардан оқығанмын.Ол ешкімді аямайды кіші немесе үлкен деп аяушылық істеген жоқ. Ананы баладан,баланы анадан айырып талай көз жасын төккен жауыз.Ол кішкентай сәбилердің жастық шағын жояды.
Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем).
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Эпифора мен ассонанс кездеседі. Және бұл сұрақта шумақтың мағынасын емес көркемдегіш тәсілдерді сұрап тұр.
11«Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100-120 сөз.
Батыр Баян” поэмасы – Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма – қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін сатып,қалмақ қызымен бірге қашқан туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,кейін қалмақтармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалады.
Батыр Баянның батырлығында,жаугершілігінде шек жоқ.Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді.Поэманың басындағы:
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?-деген жолдар менің сөзімнің дәлелі.
Баянның өз қолымен туғаны мен сүйгенін өлтіруі қызғаныштан емес еді.Иә,хабарды естігенде ол ақылынан айырылып,ашуға мінді де кете барды.Алайда,бұл жауапсыз махаббаттан не дәрменсіздіктен емес.Бұл ісі оның Отанына адал да берік,намысқой,ерлік қасиетін көрсетеді.Менің сөзіме поэмадағы Баянның:
Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер бола ма?,-деген зары дәлел.
Қорытындылай келе айтарым,бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.Бұған қоса поэма арқылы тарихымыздың да бейнесін көре аламыз.Ал,батыр Баянның ерлік істері қазіргі жастарға өнеге.
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |