Сабақ жоспары Күні: 06.03.17
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, емлесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың грамматикадан оқып, үйренген ережелерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды мысалдармен келтіру арқылы дәлелдеу.
Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Тіліміздегі көп қолданылатын мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінен молырақ мәлімет беру. жаттығу жұмыстары арқылы мағынаны таныту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты етіп ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.
Типі:жаңа білімді меңгеру
Түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: плакаттар, оқу құралдары (түрлі-түсті қағаздар, қалам т.б.), кеспе қағаздар, ойындар.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды сабаққа дайындау(құрал-жабдықтары, дәптер, кітап, қалам) II. Үй тапсырмасын тексеру Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
«кластер» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдері тиянақталады, әрі тексеріледі
Жаңа сабақты түсіндіру білімді жан-жақты тексеру кезеңі
Білім – байлық
1. Үндестік заңы сақталатын мысалдар келтіріңіздерші ережесімен
2. Жуан буынды сөздер келтіріңіздер ережесімен
3. Жіңішке буынды сөздер келтіріңіздерші ережесімен
Үш оқушыны тақтаға шығарып сатылай кешенді талдату
Сыныпты үш топқа бөліп әр тапсырмадан бөліп беру(дәптермен жұмыс)
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жуан б.с жіңішке б.с. аралас буынды сөз
4 кезең - Кітаппен жұмыс 320 жаттығу – дәптерде орындау ережесімен түсіндіру( 3 оқушыға бөліп тақтада орындау)
5 кезең - «Кубизм» Кубиктің 6 жағы бар, иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.
1. Суреттеп беріңіз
2. Салыстырыңыз
3. Зерттеңіз
4. Қолданыңыз
5. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
6. Талдаңыз
6 кезең - 321 – жаттығу – Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, буын буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді тауып ережесімен сұрау: Оймен, қариясы
І топ ІІ топ ІІІ топ
1 азат жол 2 азат жол 3 азат жол
7 кезең - «Сергіту сәті» би ( бойларын жазып, қыз бен ұл шығады)
Әр топқа тапсырма
І топ ІІ топ ІІІ топ
ашық буын сөздер тұйық буын сөздер бітеу буын
сөздер
8 кезең – есте сақтау қабілеттерін текксеру кезеңі
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын
Диктафоннан Сабыр Адайдың өлеңінің мазмұнын түсініп, талдау
1. Мазмұнын ашу
2. Жуан буынды сөздерді теріп жазу
3. Жіңішке буынды сөздерді теріп жазу
9 кезең – шығармашылық жұмыс
Тіл – арыстан
( Әр тармағы мен сөздері бір дыбыстан басталатын бір шумақты өлең шығарып көр)
VI. Үйге тапсырма: 10 үй тапсырмасын беру кезеңі
Дыбыс үндестігі , № 326, 327 жаттығу
VII. Бағалау Әдіскер: Пән мұғалімі: Баға: