«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Батыр Баян» дастанының негізгі тақырыбын анықтап көріңіз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау [1]
2. Батыр Баян қалмақ қызына сюжеттің қай бөлігінде ғашық болады?
А) оқиғаның басталуы
В) оқиғаның дамуы
С) оқиғаның шиеленісуі (кульминациясы)
Д) оқиғаның шешімі [1]
3. «Көксерек» әңгімесінде « - Қураған-ай, ненді алып ем?! Не жазып ем?.. Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?» -деп кім айтушы еді?
A) әжесі
Ә) Қасен
Б) Бейсембай
В)үлкендер [1]
4. «Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ
бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ...
А) немістерден қашып келе жатыр
В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр.
Д) отрядты іздеп келе жатыр. [1]
5. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың дамуы -
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы
Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы [1]
6. Абылайдың Батыр Баянға «Түспеспіз , тірі болсақ , алданғанға!
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім , ойым осы!» деуінің себебін түсіндіріңіз.
Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________ [2]
7. Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (5-6 сөйлем).
__________________________________________________________________ [2]
8. «Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз?
Шығармадағы « Өзі тым сән қой. Мақтаншақ!» деген үзінді бойынша өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________ [2]
9. «Жомарт, жолың болсын! Әлдеқандай уақыт болады, кім білсін. Мүмкін, соғыс ұзаққа созылар, біз елге қайтайық. Аман болсаң, келерсің. Хат жазып тұр» деген Жамалдың ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (5-6 сөйлем).
__________________________________________________________________ [2]
10. Үзіндідегі ассонанс пен эпифораның қолданысын түсіндіріңіз (3-4 мысал).
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
__________________________________________________________________ [2]
11. « Көкбөрі емген көк түркінің тұқымымыз» деген пікірді қалай
түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз. (100-120 сөз).
__________________________________________________________________ [5]
Достарыңызбен бөлісу: |