Қазақ әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан билеттері 9-сынып (оқу мемлекеттік тілде жүретін жалпы білім беретін мектептер үшін) 1-билет



Дата25.12.2016
өлшемі37,19 Kb.
#5134
Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

Қазақ әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан билеттері

9-сынып

(оқу мемлекеттік тілде жүретін жалпы білім беретін мектептер үшін)


1-билет

1.Әдет – ғұрыпқа байланысты туған өлеңдер туралы не білесіз?

2.Орхон-Енисей жазбаларының зерттелуі.

3.Махамбет Өтемісұлының бір өлеңін жатқа айтыңыз.


2-билет

1.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз?

2. Орхон - Енисей жазбалары, тастағы жазулар туралы айтыңыз.

3.Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері.


3-билет

1. «Алпамыс батыр » жырының көркемдік ерекшеліктері.

2.«Алып ер Тұңға» жыры.

3.Ы.Алтынсариннің табиғат лирикасына тоқталып, бір өлеңін жатқа айтыңыз.


4-билет

1.Наурыз жыры туралы не білесіз?

2.«Қорқыт ата» жыры.

3.Кейіптеу дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.


5-билет

1.Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы неде?

Нақты мысал келтіріңіз.

2.«Оғыз қаған» жыры. Кейіпкерлері.

3.Абайдың қара сөзін жатқа айтыңыз.
6-билет

1.Үйлену салтына байланысты өлең – жырының түрлеріне тоқталыңыз.

2.Махмұт Қашқари еңбектері.

3.Жамбылдың сатиралық өлеңдері.


7-билет

1. Беташар, жар –жар жырларында қандай тәлімдік мәселелер сөз болады.

2.Әл-Фараби еңбектері.

3.Жамбылдың сатиралық өлеңдері.


8-билет

1.Көңіл күйге байланысты туған өлең жырлардың түрлеріне тоқталыңыз.

2.Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» дастаны.

3.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасаңыз.


9-билет

1.Қоштасу өлеңдерінің тақырыптық және тәлімдік мәнін ажыратыңыз.

2. Махмұт Қашқари сөздігі туралы айтыңыз.

3.Ж.Аймауытовтың романындағы Ақбілек образын қысқаша суреттеп беріңіз.




10-билет

1.Бата деген не, оның түрлеріне тоқталыңыз.

2.Рабғузи әңгімелері. Миф.

3.Эпитет дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.


11-билет

1.Төрт түлік малға, еңбек кәсібіне байланысты туған өлең жырлардың тәлімдік мәнін және мазмұнын талдаңыз.

2.Ахмет Йассауидің сопылық поэзиясы.

3.М.Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.


12-билет

1.Мақал – мәтел мен бата тілектердің әлеуметтік мәнін ашып талдаңыз.

2. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» дастанындағы білім мәселелері.

3.Мағжан лирикаларына тоқталыңыз.


13-билет

1.Қиял - ғажайып ертегілеріне тән ерекшеліктерді атап, ажыратыңыз.

2.«Күлтегін» жыры туралы айтыңыз.

3.І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының көркемдік ерекшелігіне тоқталыңыз.


14-билет

1.Аңыз әңгімелердің ерекшеліктері неде?

2.Махамбеттің ереуіл жырлары.

3.Эпопея дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.


15-билет

1. «Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшелігі.

2. Махамбеттің жырларындағы патриотизм тақырыбы.

3.Ғ.Мүсіреповтың әңгімелерінің бейнелік ерекшелігіне сипаттама беріңіз.


16-билет

1.«Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясы.

2. Махамбеттің жырларындағы. Исатай бейнесі.

3.Ж.Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» өлеңін жатқа айтыңыз.


17-билет

1.Лиро - эпостық жырының ауыз әдебиетінде алатын өзіндік орны.

2.Жыраулар поэзиясына шолу жасаңыз.

3.М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.


18-билет

1.Шешендік сөздердің жанрлық түрлеріне тоқталыңыз.

2.Асан қайғы толғаулары.

3.Ш.Айтматовтың шығармаларының өзекті тақырыбы.


19-билет

1.Ақындар айтысының өзіне тән ерекшеліктері неде?

2. Қазтуған толғаулары.

3.М.Фрагидің еліне деген сүйіспеншілігі.(үзінділер келтіріңіз)




20-билет

1. «Біржан мен Сара» айтысының әдебиеттегі орны.

2. Ақтамберді толғаулары.

3. Метафора дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.


21-билет

1.Жұмбақтар, олардың түрлеріне тоқталыңыз.

2. Доспамбет толғаулары.

3.Пейзаж дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.


22-билет

1. «Қыз Жібек» жырындағы тұрмыс - салт көрінісі.

2. Жиембет толғаулары.

3.Эссе дегенге түсінік беріңіз.


23-билет

1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

2. Үмбетей толғаулары.

3.Аңызға түсінік бер. Мысал келтіріңіз.


24-билет

1.Тұрмыс - салтқа байланысты туған шығармалардың түрлеріне тоқталыңыз.

2. Шалкиіз толғаулары.

3.Шешендік сөзден бір мысал айтыңыз.


25-билет

1.Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіне тигізетін әсері.



2. Бұқар толғаулары.

3.Психологиялық параллелизм деген не? Мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет