Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
1 тапсырма.
Дұрыс жауап саны: 3 А) ойыншы-күлкішілдік
В) ұйқышылдық
С) бір нәрсеге құмарлық пайда болу
Д) Я бір қайғыға салыну
Естіген нәрсені ұмытпаудың үшінші себебі (31-қара сөзі, бір жауабы дұрыс)
А) Талапты болу керек
В) Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек
С) Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек
Д) Көкірегі байлаулы берік болмақ керек