Қазақ әдебиеті сынының тарихы


Рахманқұл Бердібайұлы (1927-2012)



бет8/9
Дата20.11.2022
өлшемі14,64 Mb.
#159015
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
әдебиет сыны

Рахманқұл Бердібайұлы (1927-2012) әдебиеттанушы ғалым,сыншы
Тұрсынбек Кәкішев (1927 жыл - 08.09.2015 жыл) - әдебиетші, ғалым, сыншы. 
Серік Смайылұлы Қирабаев (23 наурыз, 1927 ) - ғалым, Филология ғылымының докторы, профессор.

Қоры

Сонымен қатар, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994, 2003) атты еңбегі жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде екі рет басылды. Бұл еңбек әдеби сын тарихына алғаш рет жол салған іргелі жұмыс болып табылады. Мұнда қазақ әдеби сынының тарихы, әсіресе жиырмасыншы ғасырдың алғашкы ширегі саяси-идеялық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттелінген. Бір қарағанда, тұсауы кесілген жаңа еңбек осы зерттеудің жалғасы іспеттес, дегенмен, Д.Ысқақұлы өзінің жаңа еңбегінде қазақ әдеби сынының жүріп өткен сара жолдарын, тарихын, бүгінгі күн биігінен саралай түсуге баса назар аударған десе болады. Аталған еңбекті оқығанда бұған көзіңіз жете түседі. Еңбекте әдеби сынның тарихы «Қазақ әдеби сынының қалыптасуы», «Кеңестік дәуірдегі әдеби сын», «Тәуелсіздік тұсындағы әдеби сын», «ХХI ғасырдағы қазақ әдеби сыны» тақырыптары бойынша төрт бөлімге бөлініп, қарастырылған. Өз кезегінде әр бөлім ішкі тарауларға жіктеліп, белгілі бір кезеңнің әдеби-шығармашылық, ғылыми-теориялық мәселелері көтеріледі. Онда қазіргі таңда ортамызда болып жатқан әдеби дау-дамайларға дейін тегіс қамтылған. Еңбектің соңында оның жалпы мазмұнымен қысқаша таныстыратын көлемді қорытындысы, яғни «түйіні» бар. «Түйін» қазақ, орыс, түрік, қытай тілдерінде берілген

Қорытынды

Қортындылай келе,сын – сымбатты жанр. Сондай-ақ, ол – шығарма бағын ашып, әдеби ортада қаламгердің маңдайын жарық етуімен қоса, оңдырмай «тоқпаштап», кей тұста бәзбіреудің обалына қалып, «бетің бар, жүзің бар демейтін» қуатты да қызба жанр.

СӘКЕНДІ АТҚЫЗҒАН СЫНШЫ Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы репрессия кезінде қаншама арыстарымыздан айрылсақ, арақтан да сонша таланттарымыздан айрылдық.Екеуінде де өзіміз кінәліміз. Мысалы, Сәкен Сейфуллинді сонау Мәскеуден бұйрық болып, ұстаған жоқ, халық жауы деп жала жауып, көрсеткен өз жазушымыз екен. 1989 жылы-ау деймін, Қазақ тілі қоғамының алғашқы құрылтайы Алматыда М.Әуезов атындағы драма театрында өткізілді. Арқалықтан мен барғанмын. Негізгі баяндамалар аяқталып, жарыс сөз басталды. Бірінші болып Бауыржан Момышұлы сияқты бетке айтатын әйгілі режиссер Асқар Тоқпанов сөз алды. Бірден тура кетті: «Сәкен Сейфуллинді кім атқанын, кім атқызғанын мына президиумда отырған Әбділда Тәжібаев біледі, бірақ бұл айтпайды.Ол айтпаса, мен айтамын. Сәкенді атқан Иванов, ал атқызған мына отырған Мұханбетжан Қаратаев!» деп, төбеден ұрғандай қойып қалды. Бейне залда бомба жарылғандай болды.Ішімізден тына қалдық. М.Қаратаев қазақтың Белинскийі атанған атақты сыншы, жас сыншылар бәріміз ұстаз тұтатынбыз. Мен де алдынан өтіп, Жазушылар Одағына мүшелікке өтуге рекомендациясын алғанмын. Сөйтіп төбемізге көтеріп жүрген ұлы сыншымыз сондай дегенге сенуіміз қиын болды.Сөйтсе М.Қаратаев Сәкен алашордашыларды «Тар жол, тайғақ кешу» романында жағымды етіп жазған, советке қарсы пиғылмен шығарған басқа да өлеңдері бар деген мағынадағы мақаласын алдымен «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялайды. Ол аз болғандай, келесі күні «Казахстанская правда» газетіне бастырып шығартады. Сосын жалаң қылыштар жалаңдап келіп ұстап әкетпей қайтеді. Одан әрі не болды дейсіздер ғой, М.Қаратаевтың жүрегі қысылып, қасында отырған жас сыншы Сағат Әшімбаев оны сүйемелдеп машинасына отырғызып, үйіне апарып салды. Жұма-Назар СОМЖҮРЕК Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет