Екі қошқардың басы бір қазанда піспес.
Күндестің күліне дейін дұшпан
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Тау-таумен қауышпас, кісі-кісімен қауышар.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
Күндестің күліне дейін күндес.
Жалғыздың үні шықпас.
Тау мен тау қосылмайды, адам мен адам қосылады.
Махмұт Қашқари өлеңдерінде ақыл-білім жинау, өмірдің мәнін түсіну, өткінші өмірді өз дәрежесінде өткізу туралы айтқан. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрік» еңбегі қазір Стамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
ХІV ғасырда өмір сүрген Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабы 1370 жылы түркі тілінде жазылған. Әулие-әнбиелер туралы қиссалар деген мағынаны білдіретін «Қиссасул-әнбия» кітабы – ежелгі шығыс мифтері мен аңыздарының, өлең-әңгімелердің жинағы. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, діни қайраткерлержайлы баяндалған. Кітапта Рабғузидің өз туындылары – өлеңдері де бар. Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабын қазақ тіліне әдебиеттанушы ғалым Алма Қыраубаева аударған.
Сәйф Сараи – 1320-1396 жылдары өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің көрнекті ақыны. Оның «Гүлстан би-т-түрки»кітабы парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Кітап сегіз тараудан, кіріспе менқорытындыдан тұрады. Кітаптың бастапқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден, сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерден құралған. Кітапта қара сөз бен өлең аралас жазылған. «Гүлстан би-т-түрки» атауының мағынасы – «Түркіше Гүлстан». Кітаптың қолжазбасы қазір Голландиядағы Лейден университетінде сақтаулы. Фотокөшірмесі 1954 жылыТүркияда басылып шықты.
Сәйф Сараидің «Суһаил мен Күлдірсін» деген төл туындысында Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пенқыздың оқиғасы баяндалған. Дастан – адамгершілікке, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.
Аталмыш еңбектерден басқа ежелгі дәуір әдебиетіне Хорезмидің 473 бәйіттен тұратын «Махаббатнамасы», Құтып ақынның «Хұсрау-Шырын» аудармасы, «Кодекс куманикус» сөздігі, Ахмет Йүгнекидің 14 тарау, 235 өлеңнен тұратын«Ақиқат сыйы» дастаны жатады.