Қазақ Әдебие­ТІ



Pdf көрінісі
бет81/90
Дата29.11.2022
өлшемі2,89 Mb.
#160370
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90
Байланысты:
811-002-002к-20 КазЛитра 11 каз УЧЕБНИК ЕМН

Әдебиет сыны
– әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының 
бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық ара-
қа ты насын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби 
даму дың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-
пуб ли цистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі. Сендерді 
әдеби сын жазуға баулу тек шығарманың мазмұнын түсінуге ғана емес, сол 
шы ғар маның тууына себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды да 
терең түсінулеріне мүмкіндік береді. Өйткені көркем шығармадағы айтылған 
ой лар дың әлеуметтік астарына мән беру керек. Сонда ғана сын белгілі бір әдеби 
құбы лыс туралы қоғамдық ой қорытады. Сонда ғана сын өзінің жанр ретінде 
неге дүниеге келгенін, не үшін қажеттігін дәлелдей алады.
Белгілі әдебиетші-ғалым Дандай Ысқақұлы әдеби сынның теориялық 
мә се ле ле рін зерттей келіп: «Әдеби сын дегеніміз – әдебиеттану ғылымы мен 
қо ғам дық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті әдеби 
про цес ті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани әлемі аясында 
қызмет атқаратын әлеуметтік сананың сан қырлы саласы», – деген тұжырым 
жасады.
Д.Ысқақұлы ұлттық сынымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, 
қазақ әдеби сынының мынадай негізгі жанрларын атап көрсетеді: әдеби ха бар, 
аннотация, рецензия, мақала, шығармашылық портрет, шолу, эссе, әдеби 
фелье тон, әдеби пародия, әдеби эпиграмма, монография. Бұлардан бас қа 
библио графиялық көрсеткіш, әдеби есеп, әдеби очерк, әдеби шарж т.б. жанр лар 
бар екенін де ескертеді. 
Жаратылыстану-математикалық 
бағыттың 
оқу 
мақсаты 
бойынша 
шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, 
әдеби сын жазу көзделген. Сын бірден жазылып кетпейді. Мұнда алды мен 
дайындық жұмыстары жүргізіледі. Маңыздысы – идеялық жағынан мазмұндас 
туындыларды таңдау. Мысалы, С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» 
комедиялық драмасын Шерхан Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесімен, 
Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасын М.Әуезовтің «Көк се рек» повесімен 
салыстыруға болады. Ол үшін мына кестеге сүйене оты рып, жұмыс істеуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет