«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


«Сюжет»-кейіпкер мінезінің қыр-сырын айқындайтын



бет29/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95
«Сюжет»-кейіпкер мінезінің қыр-сырын айқындайтын іс-әрекеті,мінезін толығымен сезіндіретін тұтас жүйе,бірегей құрылым.
«Мінез»-туындының құрылымдағы сюжеттік оқиғалар жүйесінің,басқада көркемдік бейнелеуіш құралдар түрлерінің мазмұн-мақсатын ашуға үлесін қосатын желі іспетті.

9-дәріс
Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теория­лық ұғымдар
3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын.
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйре­ну кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практи­када пайдалануға машықтандыру - оны оқытуды бас­ты міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай оты­рып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теория­лық ұғым беруге болады деп есептейміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет