«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет32/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95
ІV . 8-с ы н ы п.

  1. Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.

  2. Сюжет, композиция, Көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

  3. Тип, прототип туралы алғашқы ұғым.

  4. Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту.

  5. Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым.

  6. Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.

Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. Мысалы, 6-сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерінен «Керқұла атты Кендебай» ертегісі беріледі. Мұғалім ертегіні оқыту үшін, сабақ дайындығы кезінде осы шығармаға байланысты қандай әдеби-теориялық ұғым беру керек, оны қандай әдіс-тәсілдермен оқушы санасына жеткізеді - соны ойластырады.
І. «Керқұла атты Кендебай» ертегісін оқыта отырып, мынадай әдеби-теориялық ұғым беріледі:

  1. Фольклор, ауыз әдебиеті туралы алғашқы қарапайым түсінік.

  2. Ертегiлер, оның ішінде қиял-ғажайып ертегілер жайында әңгіме.

  3. Ертегі оқиғалары, сюжет, эпизод, кейіпкерлері ту­ралы алғашқы ұғым.

  4. Әсірелеу туралы түсінік.

«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі басты оқиғалар:
1-оқиға. Кендебайдың тууы, алып болып, тез өсуі,
2-оқиға. Кендебайдың Көкжалды өлтіруі.
3-оқиға. Еркек құлынды үйге әкеп асырауы. Одан Керқұла аттың өсуі.
4-оқиға. Керқұламен аң аулауы. Халықты асырауы, атының әлемге таралуы.
5-оқиға. Жетім балаға кездесуі. Жетімнің басынан өткендері.
6-оқиға. Керқұла атқа тіл бітуі, ақыл беруі.
7-оқиға. Кендебайдың сапарға аттануы.
8-оқиға. Кендебайдың аралға тап болуы.
9-оқиға. Хан жарлығы. Екі баласына берген тапсыр­месы.
10-оқиға. Күзеттегі оқиға. Хан тапсырмасының орын­далмауы.
11-оқиға. Кендебайдың алтын құйрықты қолға түсіруі.
12-оқиға. Кендебайдың дәулермен соғысы. Арыстанмен соғысы.
13-оқиға. Құлынды тауып, ханға оралуы, өтініші.
14-оқиға. Ханның жаңа шарты.
15-оқиға. Хан шартын орындап, жетімді де, халқын бақытқа бөлеуі.
Осы мәселелерді кесте-плакатқа жазып, ертегіні тал­дауда оны көмекші, әрі көрнекілік ретінде пайдалану да тиімді. Мұғалім осыған қарай отырып, оқушыларға оқиға деген не екенін түсіндіреді, ертегілердің оқиғалардан тұратынын әңгімелейді. Енді ертегі деген не, оның қиял­ғажайып түрі қандай болады, содан хабар беру үшін, жоғарыдағы кесте-плакатты назарға ала отырып, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды, тапсырма орындатады:

  1. Балалар, бірінші оқиғаға қараңдар, әр кітаптен оқиғаны еске түсіріндер. Кендебай туа салысымен, қалай өседі?

  2. Кендебайдың алты жасында алып болып өсуі шын­дыққа сәйкес пе?

  3. Керқұла аттың тіл бітіп, сөйлеуі қай оқиғада еді?

  4. Биенің алтын құйрықты құлын табуына сенуге бо­ла ма?

  1. Жеті басты дәулер, алып арыстандар қиялден туған ба, әлде ондайлар бар деп есептейсіңдер ме?

Міне, осы сұрақтар талқыланғаннан кейін, мұғалім ертегі жайында, оның қиял-ғажайып түрі туралы қорытынды пікір айтады. Яғни ертегінің халық арманы, қиялынан туатыны, халықтың Кендебай деген алып қамқоршымыз болса, ол халық ұлы боп, халыққа еңбек етсе, жетім-жесірлерге пана болса деп, армандауы, сол арманның қиялға жол ашуы туралы әңгімелейді. Ер­тегідегі ғажайып, қиялға байланысты оқиғаларды бөліп ала отырып, қиял-ғажайып ертегілер туралы алғашқы түсінік береді. Ертегілердің көпшілігі «Ерте, ерте, ерте екен» деп басталатынына, оның қарасөзбен айтылатыны­на назар аудартады. Әдеби-теориялық ұғым мұнда оқушылардың өзін қатыстыра, ертегіні талдаумен бірлікте беріліп отыр. Әдеби-теориялық ұғымды бе­рудің ең тиімді әдісі оны көркем туындыдан бөліп алып қарастырмай, бірге беруіне болып та­былады.
ІІ. Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы - салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері. Мысалы: осы 5-сыныпта ертегілерден кейін әдеби ер­тегілер беріледі.
Әдеби ертегінің авторы болатыны;
Оның қарасөзбен де, өлең, поэма түрінде де жазы­латыны, халық арасындағы аңыздарды негізге алатыны, соған құрылуы.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет