«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет33/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999

10- дәріс.
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе сабақтар және оның ұйымдастырылуы.
Сабақтың жоспары:
І.Кіріспе сабақтың сабақ үрдісінде алатын орны.
2.¥йымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар.
Сабақтың мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыра отырып, кіріспе
сабақтарды қызықты ұйымдастырудың эдіс - тэсілдерін меңгерту.Мұғалімнің біліктілігін
дамыту.
Әдістемелік нұсқау: Озат тәжірибелі оқытушылардың іс-тэжірибелерін жинақтап, еңбектерін оқуды чұсқаймын.
Кіріспе жұмыстар: Тексті оқу, талдау, алдында өтілетін шығармаға түсінік беріледі. Мұны кіріспе сабақ дейміз.
Кіріспе жұмыстарды біз мазмұнына қарай үш салаға бөлеміз:
1) Заман, қоғам өмірі жайындағы тарихи түсінік.
2) Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік.
3) Текст түсінда берілетін тақырыптық түсінік.
Біреулер осы үш түрдің бірінен соң бірін айтып, 3-4 минуттық түсініктің өзін 15 минутқа жеткізеді. Әңгіме сол үш түрлі түсінікті міндетті түрде қабаттастыра айтуда емес, тексті өткен кезде қайсысы қай жерде көбірек қажет дегенді үғына білуде.
Кей кезде тарихи түсінік пен өмірбаян бірге де беріледі немесе олар бірінің қызметін бірі атқара береді. IV - VII кластарда өмірбаян элементі аз. Кейбір мүғалімдер өмірбаянды тізе беріп, сабақты анықтамалық бөгде материалмен толтырады. Мүндай сөзуарлықты азайту керек. Өмірбаян тексті алмастыра алмайды.
Енді бірде эңгімені тарихи жағдайдан бастап (проблема қойып), сол жағдайда жазушының не істегенін, неліктен ағартушы, ақын, демократ болғанын айтуға мүмкіндік бар. IV - VII кластарда жазушының көзқарасы, әдісі дегендерді қорыту сабақтарына жіберген жөн. Ал тақырыптық - текстологиялық (сөздік) түсініктің орны бұлардан оқу -талдау мақсатына жақынырақ. Ол - оқылатын жеке өлең - эңгіме, көбіне ондағы өмірсуретіне байланысты түсінік.
Кіріспе жүмыстар - тексті өтуге балалардың зейіні мен эзірлігін, белсенді атысын тудырудың шарты. Бүл дайындықты екі түрлі жолмен жасауға болады.
Кейбір мүғалімдер кіріспе сөздің өзін үзартып алады. Кіріспе сөз үстінде мұғалім шығарманың мазмүны мен идеясын күні бүрын хабарлайды (мазмүндау), оқушылардың өз топшыламасына, тексті қызығып оқып, соның тақырыбын, қүрылысы мен тілін, образдарын анықтауына жол бермейді. Осы екі кемшіліктен - кіріспе сөзді сатылап, элементі бойынша жүргізбеуден, оқытпай жатып, талдау жасаудан арылған жөн.
Кіріспе сабақтар түсында IV - VII сынып оқушыларына ептеп тарихи оқиғалардан да хабар беріледі. Мүның өзі әуелі оңайдан басталып, VII сыныптарда біраз күрделене түседі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет