БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДАМЬІТА ОҚЫТУДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – БАЛАНЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТА
ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ
Бекназаров Б.А.Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты Тараз қ.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып отыр.
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелері мен педагогикалық ұжым алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің ақпараттық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптасуда.
Шәкірт білімінің тереңдігі мұғалімнің жан-жақты болуымен өлшенбек. Бұл талап күн өткен сайын мұғалімге үлкен жауапкершілікті жүктеуде. Оны жүзеге асыруда жаңашыл бастамалар қажет. Ұстаздардың алдындағы міндеттерін дұрыс айқындалуына мүмкіндік бермек. Біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заман кезеңінің - оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялык әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Осыған байланысты әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылдыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер, іскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалмақшы.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында біздің балаларымыз біліктілігі жоғары маман болады, оларға жағдай жасау керек делінген. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтсақ: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» («Ауру жайынан» насихатында 1913 ж. «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласынан).
Білім туралы заң, мемлекеттік бағдарламалар, осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Осы арқылы біз білім беру жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып, дамытуға жаңаша жағдайлар жасалуда. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, коммуникациялық Желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Осыған орай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың бастауыш сынып пәндерінде шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыларға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмді, эвристикалық, шығармашылық деңгейлер, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Негізгі мақсат – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты жетілдіруді ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылауға болады.
«Мұғалім – өзі оқып жүргенде ғана мұғалім бола алады» деп К.Д. Ушинский айтқандай, болашақ мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті игеру кезінде оқу барысын, әдіс тәсілдерді үйрету біздің мақсатымыз. Сабақ түрлерін, жаңа әдістерді оқу барысында көрсетуі білімгерлер түсінігіне ерекше әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының әрқайсысының талабы, таланты, дарыны бірден біліне қоймайды. Сондықтан мұғалім әрбір оқушысының дарынын байқап, талабына сай көңіл бөліп, талантының көзін ашуға, ой-өрісін дамытуға және де шығармашылық қабілетіне бағыт беруі тиіс.
К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың шығармашылық қабілетін арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Ал, ойлауға үйрететін бірден-бір жол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1 .Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар);
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру және т.б,);
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
Өлең шумақтарын кұрастыру т.б.
Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты – баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға, практикалық әрекетгерге дайын болуға, қызығушьшыкқа тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақтардың түрлерін өткізуге болады. Олар: аралас сабақ, семинар, пәнаралық - интегралдық сабақ, пікір-сайыс сабағы, инновациялық ойын сабағы: графикалық және схемалық құралдарды қолдан жасау арқылы оны пайдалану сабағы, тестік сұрақтар – оқушылардың білімін бағалау, Белгілі педагог Н.К.Крупская «Ең маңыздысы оқушыны оқуға үйрету, мұның өзін ол үшін басқа біреу істеп береді деп үміттенбеуге үйрету. Үйретіп қоймай, өздері жұмыс істеуге, оқуға, оқығандарын түсінуге, көп нәрсені зерттеу жолымен түсінуге үйрету керек»,- деген еді.
Қазіргі жаңа типті мектептерде дәстүрлі сабақтарды, жаңаша ұйымдастыруда. Жоғары нәтижеге бағытталған әдіс-тәсіл мазмұн жиынтығын құрайтын технологиялардың негізі бірдей десек қателеспейміз.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеперінің білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті: жанды қалыптастыру. Республикадағы –әлеуметтік экономикалық құрылымның өзгеруі білім беру мазмұнында жаңалықтар енгізуі қажет етеді» - делінген.
Республика мектептерінде білім мазмұны мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті. Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогиқалық іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім беру жүйесі қарекетінің мәні сынып ішінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан, мұғалім тек дайын білімді беруші жеткізуші емес, оқушының оқуына, дамуына көмектесуші, ол ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс. Сонымен, оқытушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу процесін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол үшін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікірін айту, мүмкіндігі беріледі, жауаптар тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Еліміз егемендік алғаннан бері халқымыз ағартушылық қызметің таныған белгілі ұстаз - ғалым А.Байтұрсыновтың: «...Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - дегені әр жас маманның жадында болуы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі маманға сай болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын, жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек мектептегі оқу үрдісін оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашу кажет деп ойлаймын.
Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті – мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз, Өскелең заман әрбір оқушының жеке тұлға ретіңде тәрбиеленуін қажет етуде. Сондықтан әрбір пәнді оқытқанда, оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы зор.
Дәстүрлі емес сабақтардың, оқытудың инновациялық технологияларын бастауыш сынып оқушысының пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың, дамытудың құралы екендігі негізделді.Осыған байланысты нарық жағдайындағы мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
- мектеп мұғалімінің бәсекеге қабілеттілігі;
- білім беру жүйесінің сапалылығы;
- мұғалімнің кәсіби шеберлілігі.
- мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі;
- мұғалімнің білімділігі;
- білім беру сапалылығы;
- еңбектің тиімділігі;
- әдістемелік жұмысының шеберлілігі болып саналады.
Қорыта келе, бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясын оқушыны дамыту құралы ретінде пайдалануға болады. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, олардың парасатты, кез-келген салада бәсекелестікке қабілетті азамат тәрбиелеу ұстаздың борышы.
Пайдаланған әдебиеттер
Айтмамбетова Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері А., 1991ж.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. А., Жазушы 2004ж.
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1989 ж.
Есқазиева С. Оқу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Бастауыш мектеп №8,9; 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |