Қазақ Әдебиетін оқыту әдістемесінің Ғылыми негіздері әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны



Дата03.10.2022
өлшемі25,7 Kb.
#151462
Байланысты:
Документ Microsoft Word


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері. 2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны. 3.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні басқа ғылымдар аясында. 4.Әдебиетті оқыту әдістемесінің басты ұстанымдары. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері. Барлық ғылыми пәндер адамның таным, білігін қалыптастырудағы әсерықпалымен ерекшеленеді. Әр ғылым саласы бұл міндетті ӛзінің материалының кӛлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Солай бола тұра, қоғамдағы әр ғылым саласының негізгі бастау кӛзінде тұтастық байқалады. Білім саласы деген ұғымның ӛзі алғашқы бастау алатын бұлақ кӛзі мен сол 16 бұлақтың әр арнасы, саласы деген ой деп білеміз. Шындығында барлық ғылымның әуел бастағы шығу тӛркіні бір. Олай болатын себебі ғылымдардың ӛзі тығыз интеграцияда ғана дами алады. Ежелгі Греция мен Римде жоғары әулет ӛкілдері оқитын мектептерді философия, риторика деген пәндер оқылған. Философия пәндерінің аясына бүгінгі біздің заманымыздың бірнеше пәндерінің алғашқы бастамалары тоғыстырылған десе де болады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде батыстық стандартқа сай білім алу мен әлемдік ӛркениетке ұмтылу қажеттілігі туындап отырған тұста Қазақстандағы ғылым салалары да сол талаптар деңгейіне ұмтылуда. Бүгінде ғылыми дәрежелер бұрынғыдай, жеке ғылым салаларының атауымен аталмай, гуманитарлық ғылымдарға философия ғылымдарының магистрі деген дәреже берілуінің ӛзінде сол бастапқы ғылым салаларының тұтастығы ескерілгендігі кӛрінеді. Бүгінде жеке ғылым салаларының екінші бір ғылыммен байланысының артқандығын танытады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің де қалыптасуы мен дамуында бірнеше ғылымның қатар ӛрілген тығыз интеграциясы бар. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына Қазақстандағы алғашқы оқу орындарының, ондағы филология мамандықтарының ашылуы тікелей ықпал етті. Алғашқы педагог мамандар даярлауда болашақ әдебиет пәні мұғалімдеріне қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру кӛзделді. Студент жоғары оқу орнында әдебиеттану ғылымының салаларын меңгерумен қатар кәсіптік бағдар алу үшін әдебиет пәні әдістемесінен сапалы білім мен тәжірибе алу қажеттілігі туындады. Сонымен әдебиет әдістемесі пәнінің туып, қалыптасуын тікелей тіл мен әдебиет пәні мұғалімдерін даярлау тарихымен сабақтастыруға болады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тууын Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ашылуымен қатысты қарастыра отырып, жоғары оқу орындары ХХ ғасырдың басында ашылғандығына орай, әдебиетті оқыту да осы кезеңде туды деген жаңсақ ұғым қалыптаспауы керек. Әдебиет, яғни сӛз ӛнерінің тарихын зерттеу үшін зейініміз адамзат қоғамының алғашқы кезеңіне дейін сапарлайтыны анық. Әдебиет халықпен бірге туып, бірге жасасып келе жатқандығы да кӛпшілікке мәлім. Әсіресе, қазақ халқы сӛз ӛнерінің құдірет, күшін ежелден таныған. Ӛз ұрпағын салиқалы сӛздің күшімен оқытып, тәрбиелеп келген. Жастайынан батырлық дастандарды тыңдату арқылы балаларды ерлікке, батырлыққа құлшындырып, айтыс ӛлеңдерді тыңдату арқылы сӛздің әсерін, әдемі сӛз ӛрнектерінің сұлулығын тануға сол арқылы ӛздерін де поэтикалық тілде әуезді сӛйлеуге үйретті. Ал жұмбақтар мен жаңылтпаштар арқылы сӛзді дұрыс дыбыстауға, жүйелі ойлауға, ойды түйіндеп айтуға дағдыландырып, тұрмыс-салт жырлары арқылы халық мәдениетін тануға, қадірлеуге үйреткендігі, ертегілер арқылы бала қиялын дамытып келгендігі анық. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізінде ғасырлар бойғы халықтың ұлттық тәжірибесі де берік орын алады. Дегенмен, белгілі бір ғылым саласының дамып, ӛркендеуі тек ӛткен тәжірибемен ғана шектеле алмайды. 17 Әдебиетті оқыту әдістемесі — дербес ғылым. Кез келген ғылым саласы басқа ғылымдармен байланысты болғанымен ӛзінің негізгі табиғатын қарастыратын, зерттейтін, дамытатын ӛз нысанына қарай ӛзінің шекарасы, ӛз аймағы, зерттеу аясы болады. Оны мынадай шарттар белгілейді: 1. Ӛзі қарастырып, зерттейтін ғылым аясын бірде-бір басқа ғылым зерттей алмайды; 2. Сол ғылымның дамуына қоғамдық тұрғыдан қажеттіліктің болуы; 3. Ғылыми зерттеудің ӛзіне ғана тән әдіс-тәсілдер жүйесінің болуы. Кез келген ғылыми пән ретінде әдебиетті оқыту әдістемесінің де ӛзінің зерттеу нысаны бар. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиет пәнінің қарастыратын оқу материалы бір кӛркем шығарма болғандықтан, әдістеме ғылымын кӛпке дейін әдебиеттану ғылымдарына жақын деген түсінік қалыптасты. Алайда әдебиеттану ғылымы мен әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысандары бір-бірінен ӛзгеше. Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанына кӛркем әдебиет, әдебиеттің қоғамдық мәні, әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, әдеби процесс жататын болса, әдебиетті оқыту әдістемесінің зерттеу нысанына оқу процесі, оқушы мен мұғалімнің тұтасқан оқу-танымдық әрекеті, кӛркем шығарманы оқыту барысындағы танымдық, тәрбиелік мән-мазмұнға қол жеткізетін ісәрекеттер жүйесінің құрылымы қарастырылады. Әдебиетті оқыту әдістемесі – күрделі ғылым. Оқыту заңдылықтарын қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық заңдылықтарын қарастыратын психологиямен, кӛркем әдебиеттің даму заңдылықтарын қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей қатысады, жетістіктеріне сүйенеді, алайда ӛзіндік міндеттерін кӛздейді. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының қиындығы барлық уақытта да болып келді. Оның себебі әдебиетті оқыту әдістемесі адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты ғылым екендігінде. Ал адамтану, адам қалыптастыру қоғамдағы ең маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан басқа әлеуметтану, қоғамтану ғылымдары да кіреді. Педагогика ғылымы мен әдістеме ғылымының ара қатынасы, ықпалы, өзгешелігі. Негізінде әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасуына негіз болған педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының дидактика саласы жекелеген пәндерді оқыту жолдарын қарастырады. Дидактика — гректің «dіdasko», яғни білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынадағы сӛзінен шыққан. Дидактика оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, оқытудың басты ұстанымдарын және әдіс-амалдарын қарастырады. Жекелеген пәндерді оқыту жолдары дидактикалық негіздер мен ұстанымдарға сүйенеді. Әдістеме ғылымы әртүрлі пәндерді оқыту жолдарын жекежеке ӛз зерттеу аясына қарай қарастыратын болса, дидактика барлық пәндерді оқытудағы негізгі ортақ ұстанымдарды, заңдылықтарды белгілейді. Педагогикалық ізденістердің әдістемелік теориясында педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізін қалыптастыратын педагогикалық философия болады. Яғни, педагогикалық әрекеттердің, ізденістердің теориясы, 18 логикасы, негізгі мәні жасалады. Осы арқылы педагогика ғылымының әдіснамалық негізінде білім берудің, тәрбиелеу мен дамытудың философиялық мәні ашылып, педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың теориясын жасайтын педагогикалық зерттеу әдістері айқындалады. Осыдан келіп білім беру жүйесінің педагогикалық тұжырымдамалары айқындалады. Аталған зерттеу кӛздері мен білім тұжырымдамасы уақыт ӛзгерісімен дамып, жетілдіріліп отырады. Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогиканың дидактика саласы аясында, ішкі мазмұнында педагогикалық зерттеулер мен жаңа ізденістер легімен толығып, ӛсіп, жетіліп отыруы заңды құбылыс. «Әдебиет әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың ӛзара қарымқатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек кӛркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана ӛз шеңберінде алып баяндайды», - деген пікір білдіреді әдіскер-ғалым А.Кӛшімбаев. Әдебиетті оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, ӛзіндік арнасында дамитыны туралы Ж.Аймауытұлы маңызды пікір білдіреді. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі нысаны педагогикалық үдеріс бола отырып, педагогика ғылымдарының бір бӛлігі ретінде зерттелмей, жеке ғылым саласы ретінде қарастырылады. Себебі педагогика ғылымы әр пәнді оқытуға байланысты ортақ тұжырымдар мен принциптерді белгілеп бергенімен, жеке ғылымдардың ішкі ерекшелігін толық аша бермейді. Педагогика ғылымының ауқымы кең. Мысалы, педагогика ғылымы баланың саясиәлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін, ақыл-ой тәрбиесін, Отанға, туған елге, адамдарға деген сүйіспеншілікке басқа да тәрбие бағыттарында оқушыға білім беру, жеке тұлға қалыптастыру міндеттерін қамтиды. Педагогика ғылымының түпкі мақсаты жан-жақты жетілген қоғам адамын, жеке тұлғаны қалыптастыру болса, аталған міндетті жеке пәндерді оқыту әдістемесі ӛзінің қарастыратын материалы негізінде жүзеге асырады. Әдебиетті оқыту әдістемесі кӛркем шығарма арқылы қоғамды, қоршаған ортаны, адамгершілік ұстанымдарды, сӛз ӛнерінің эстетикалық күшін, адамдар әлемін таныту арқылы, адамды рухани байытуға, ӛзіндік кӛзқарастар қалыптастыруға, жан-жақты дамытуға күш салады. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиеттану ғылымдары. Осыған дейін әдістемені жеке ғылым деп тануға деген кӛзқарас та жан-жақты болып келді. Әдістемені ғылым деп танудан кӛрі жеке дарын, ӛнер деп бағалаушы кӛзқарас үстемдік етіп келді. Әр пәнді оқытуда жоғары нәтижеге жету сол пәнді оқытушы мұғалімнің жеке дарынына, қабілетіне сол пәнді білу дәрежесі мен түсінуі, түйсінуі, жанымен сүюіне қатысты деп білді. Оқылатын білімнің ӛзін жете білмей тұрып, сол пәнді оқыту әдістемесімен бар істі тындыруға болмайды деп түсінді. 19 Бұл кӛзқарас негізсіз де емес. Себебі оқу процесінде мұғалімнің рӛлі үлкен. Солай бола тұра, айтылған пікір бір жақты. Тек педагогикалық талант пен тәжірибе білімнің сапалы болуын қамтамасыз ете алмайды. Бір де бір мамандық тек талантқа ғана сүйеніп дамып, ӛркен жая алмайды. Бұл туралы әдіскер-ғалым А.С.Макаренко: /«Разве мы можем положиться на случайное распределение талантов? Сколько у нас таких особенно талантливых воспитателей? И почему должен страдать ребенок, каторый попал к неталантливому педагогу? Нет. Нужно говорить только о мастерстве, то есть о действительном знании воспитательного процесса, о воспитательном умении. Я на опыте пришел к убеждению, что решает вопрос мастерство, особенное на умении, на квалификации»/ 1 - деген ұтымды ой білдіреді. Бұл тарапты айтылған пікірлердің барлығы әдістеме ғылымының бірнеше негізге сүйенетіндігін анықтай түседі. Солардың бірі әдебиеттану ғылымы. Әдебиетті оқытуда негізгі оқу материалы әдебиеттің ӛзі. Мектеп оқулығында ұсынылған, сыныпта, сыныптан тыс оқылатын шығармалардың барлығы да «әдебиеттану» деген үлкен ғылымның жемістері. Әдебиеттану ғылымының проблемалары әдебиеттің тарихилығы, әдеби кезеңдер, оқылатын шығармадағы тарихи кезең немесе, керісінше айтқанда, тарихи кезеңнің әдебиеттегі кӛрінісі, әлеуметтік кӛзқарастардың кӛрінісі, әдеби бағыттар, олардың белсенді кезеңдері, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, тарихи-әдеби үрдіс, жазушы стилі, қазақ әдебиетінің ұлттық және әлемдік әдебиеттегі орны туралы кең ой қалыптастыру керек. Әрине, әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиеттану ғылымының негізгі қағидалары мен негізгі бағыттары жетекші рӛл атқарып отырады. Әдебиеттану ғылымдарының заңдылықтары мен даму бағытын дұрыс бағдарлау арқылы ғана әдебиетті ӛз мәнінде оқыту мүмкіндігі туады. Әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі мәселесі әдебиет пәнін оқытудың да негізгі арқауы болып отырады. Әдеби шығарманы талдауда да, кӛркем шығарманың образдар жүйесін талдауда да мазмұн мен форма бірлігі негізгі басты ұстаным болып есептеледі. Мазмұн мен форма тұтастығы кӛркем шығарманың басты тірегі болуы себепті кӛркем шығарманы жанжақты тану, талдау үшін әдебиеттанудың негізгі ұстанымына жүгінуге тура келеді. Кӛркем шығармадағы кейіпкерлер, образдар, характерлер, типтер мәселесі де терең тануды, танытуды қажет етеді. Әдебиеттану ғылымдарының түсіндіруі бойынша тип пен типтендіру мәселесі қалай астасып отырады, талдаудағы шығармада алынған тип, характер сол шығарманың ӛзіндік ерекшелігі ме, жоқ болмаса сол әдеби кезеңге, әдеби үрдіске тән ерекшелік пе мұны да әдебиеттану ғылымы түсіндіріп бере алады. Әдебиет пәні мұғалімі әдебиеттану ғылымдарынан терең білім алу арқылы, сӛз ӛнерін жете түсінуі, жете білуі арқылы ӛзі де сӛз зергері, сӛз шебері ретінде кӛркем шығарманы терең танып, талдай алады, әдеби ұғымдарды, шығармаларды, құбылыстарды, образдарды, детальдарды – жалпы айтқанда кӛркем шығарманың 1 Макаренко А. С. Сочинения / Собр. соч.: в 1 т. – М., 1986. 115 с. 20 барлық компоненттері мен табиғатын салыстырып, саралап, салғастырып оқушысына да мазмұнды білім қалыптастыруға мүмкіндік алады. Кӛркемсӛз шеберінің бұл қасиеті суретшінің сан түрлі түстердің ерекше үйлесімін тауып, әсем ӛрнек жасағаны сияқты немесе шебер орындаушының домбыра пернелерінде саусақтарын құйқылжытқан қимыл әрекеті сияқты десе де болады. Кӛркем шығарма тұтастай алғанда антропоцентристік құрылым болып танылады. Әр кӛркем шығарманың ӛзегінде тілдік құрылым ӛрнектелген. Бұл күрделі құрылымның негізінде мәдени құндылықтардың жүйесі, адам мен оның эстетикалық бағдары, адамгершілік тұғыры жатыр. Әдебиетті оқыту әдістемесі осы күрделі құрылымды әрекетке түсіруші, іске қосушы рӛл атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі де — антропоцентристік жүйе. Барлық іс-әрекет пен мақсат адамға бағытталған. Адамның адамгершілік, эстетикалық, танымдық әрекеттерін жүйелі ұйымдастыруға бағытталған. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні, әлеуметтану ғылымдарына қатысы. Жеке тұлғаны, болашақ қоғам адамын қалыптастыру жолында әдебиетті оқыту әдістемесі қоғамнан тыс әрекет жасай алмайды. Әдістеме ғылымы тікелей қоғам ӛмірі мен оның қажеттілігін, ортаның әлеуметтік мәселелерін қоса қамтиды. Себебі мұғалімдік кәсіп әлеуметтік мамандыққа жатады. Ең әуелі, әдебиетті оқыту әдістемесін ғылым ретінде қабылдай отырып, болашақ ұстаз қоғамға, әлеуметтік ортаға қызмет етеді. Белгілі бір орта мүддесін қарастырады, мүддеге сай әрекет етеді. Сол халықтың ӛз ұрпағын жаңа мазмұнда халықтың ӛзіне қайтарады. Ендеше, ӛскелең ұрпақ та, ұстаз да әлеуметтік топтың мүшесі; екіншіден, әдебиетті оқыту әдістемесі ӛзінің материалы – кӛркем шығарманы қарастыру барысында да қоғамның тынысын оқушыға жеткізуші. Әдебиет пәні мұғалімі кӛркем шығарма негізіне ӛрілген қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді таныта отырып, ӛмірдің ӛзін танытады, ортаны танытады. Қоғамның игілігіне әрекет етеді. Осы тұрғыдан келгенде әдебиетті оқыту әдістемесі әлеуметтік ғылым. Соңғы жылдардағы әдістемелік зерттеулердің әдіснамалық негізіне әлеуметтік ғылымдар (социология) ғылымы тірек болуы осыдан. Әлеумет ұғымын –халық деген түсінікпен қабылдаймыз. Социология ғылымының негізінде де «социюм» - халық сӛзінің мағынасы жатыр. Ал әдебиеттану ғылымы да, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ӛзі де халықтан тыс ӛмір сүре алмайды. Психология ғылымына қатысы. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізінде психология ғылымының рӛлі үлкен. Әдістеменің психологиямен қатысы екі бағытта ӛрбиді. Біріншіден, бала жасы мен психологиясы ерекшелігіне қарай кӛркем туындыны қабылдаудағы шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеті, кӛркем қабылдауына қатыстылығы қарастырылады; екіншіден, оқыту психологиясы тұрғысынан, баланың жасына қарай ақыл-ой дәрежесі, адамгершілік дамуы, тәрбиесі мен дағдысы тұрғысынан қарастырылады. Педагогикалық оқу процесі қоғамдық құбылыс ретінде, оқушылардың меңгеретін білім ауқымы, жалпы және әдеби тұрғыда дамыту мен оқушы қабілетін, дағдысын қалыптастыруды кӛздейді. 21 Психологиялық заңдылықтарды әдістемелік заңдылықтармен қабаттастыруға келмейді. Әдістер жүйесін құруда оқушының психикалық ерекшеліктеріне үңілмегенмен, жас ерекшелігі мен психологиялық ӛзгерістерді есепке алмаса және болмайды. Психология ғылымдары аясында анықталатын оқушының жас мӛлшеріне байланысты дамуы мен ӛзгерістері оқу процесіне әсер етеді. Мәселен, оқушының әр жастағы психологиялық ӛзгерістері, оқушы дағдарыстары, содан туындайтын кейбір түсініспеушіліктердің болуы мүмкін жағдай. Психология ғылымы 5-11-сыныптар аралығында оқитын оқушыларды жас ерекшеліктері мен даму ерекшеліктеріне байланысты бернеше кезеңге жіктейді: 1. 5-8 сынып оқушылар 11-14 жастағы жеткіншектер. 2. 15-17- жастағы жасӛспірімдер. Психологтардың екі кезеңге жіктеген осы жастағы балаларының ӛзі әр кезеңнің ӛз ішінде психологиялық ӛзгерістерде болады. Мысалы: жеткіншек топқа жататын 5-8-сынып аралығындағы балалардың ӛздерінен үлкендерден де жастарынан да ӛзгешелігі айқын кӛрінеді. Бұл ерекшелік жеткіншек кезеңіндегі балалардың үлкендікке деген құлшынысының молдығына байланысты. Жеткіншектердің әлеуметтік бағыты мен жалпы адамгершілік ұстанымдарының қалыптасу негізі осы тұстан басталады. 5-сыныптардағы оқушылар ӛздерінің сыртқы кейпін түзеуге аса әуес келеді. Сыртқы орта әсеріне берілгіш, еліктегіш болады. Бұл әрекеттер 7-8-сыныптарда күшейе түседі. Ӛзін-ӛзі бақылауға алатын тұсы, бір-біріне, ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап, ӛзіндік кӛзқарасының қалыптаса бастайтын тұсы — осы кезең. Бұл ӛзгерістердің ӛзі оқушының дүниетанымы мен қызығушылығын арттырып, болашаққа жоспар құруға жетелейді. Ӛзін болашаққа даярлау кезеңі психологтардың (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, А.Н.Лентьев, Д.Б.Эльконин, Л.Буева, С.Кучинский) айтуынша 5-6-сыныптардан басталады. Ӛзін білім, мінез-құлық сапасы жағынан ӛзгертуге ұмтылыс дәл осы кезеңде басым болады. Сондықтан оқушының жеткіншек кезеңі кӛркем әдебиетке деген ұмтылысы мен қызығушылығын тудыратын бірден-бір қажетті де ұрымтал шағы. Екінші кезең оқушыларының психологиялық ерекшеліктері де оқу процесінде жіті бақыланып, есепке алынады. Мектепте бағдарлама түзу мен оқу құралдарын даярлауда, оқулыққа материал іріктеуде оқушының психологиялық даму ерекшелігі жіті ескеріліп, есепке алынуы керек. Сонымен қатар, оқушылардың оқу материалын меңгерудегі зейін, ес, қиял, таным әрекетінің қаншалықты екендігі ескерілуі керек. Баланың кішірек кезінде бәрі бір бағдарламамен оқып, бірге жүргенмен, әр баланың ӛзіндік бір ерекшеліктері байқала қоймайды. Оның боларболмас кӛріне бастауы, азды-кӛпті бір нәрсеге тұрақты қызығушылық танытуы, не бір пәннен гӛрі екінші пәнге құлықты болуы да негізінен осы 7- 8-сыныптардан басталатынына кӛптеген педогогтардың, психологтардың зерттеулерінде кӛз жеткізілген. 22 Жалпы оқыту тәрбие берудің қашанда баланы жетілдіру, дамытуға арналғандығы кімге де болса мәлім. Солай бола тұра, әдістемелік тұрғыдан білім беру, дамыту, жетілдіру ерекше тиімді болу үшін осы бағытты ұстанып, оқушыны сенсорлық қабылдау (латынның «Sensus» – деген сӛзінен шыққан – сезім, сезіну) туғызатын, қозғалыста болатын, зияткерлік және еркін шынықтыратын, эмоциялық күй туғызып, баланың ырқына әсер етерлік жұмыс түрлерін үнемі қосып отыру қажет. Дәстүрлі түрде ғылымдар гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық болып бӛлінеді. Пәндердің цикл-цикл болып топтастырылуы бәрінің қарастыратын нысандарына сәйкес (қоғам, табиғат, еңбек) екендігі белгілі. Бүгінде әрбір жеке ғылым саласының екінші бір ғылыммен байланыстылығы артып отырған тұста мектепте жүргізілетін әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылысындағы кірігіп кеткен (интеграциялық) байланыстардың маңызы ӛте зор. Бүгінде ол ерекше мәнге ие болып отыр. Ғылымның осы бӛлінуінің ыңғайы оқу пәндерінің берілуінде ескеріледі. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы бірнеше ғылымдар аясында дамып, ӛзінің әдіснамалық негізін айқындаған арнайы ғылым саласы болып табылады. Оны тӛмендегі модельден кӛреміз: Сонымен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері осы пәнді оқытудағы басты ұстанымдарды, қағидаларды, кӛзқарастар жүйесін айқындайды. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің арнаулы кәсіптік-бағдарлы пән ретіндегі мәні мен маңызды-лығын Педагогика Философия Әдебиеттану Әлеуметтану Психология ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 23 кӛрсетеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі әдіснама-лық негіздері осы пәнді жоғары мектепте оқытудың басты талаптары мен мазмұнының, сондай-ақ мектепте оқылатын әдебиет пәнінің тиімділігі мен маңыздылығын артыру жолдарын, жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы әдістер мен технологияларды тиімді пайдалану бағытын да айқындайды. Бүгінгі мектеп пен жоғары мектептер арасында тығыз байланыстың болуы бір жағынан алғанда мамандыққа бейімдеудің бір нышаны, мақсатты үдерісі болып танылса, екінші жағынан алғанда ғылымдардың шеңберлі даму бағыты мен қоғамдағы баланстылықты танытады. Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ӛзіне тән зерттеу нысанын анықтаңыз. 2.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылыми пәндермен арақатынасын танытатын негізгі белгілерін атаңыз. 3.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні мен орта мектептегі әдебиет пәнінің арақатынасы қандай? 4.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің қоғамтану пәндерімен арақатынасы қандай? 5.Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізін қалай түсіндіресіз? 6.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің педагогика мен психология пәндерімен сабақтастығы туралы ойыңыз қандай? Ӛз пікіріңізді қорғаңыз. Әдебиетттер тізімі: 1.Занков Л. Избранные педагогические труды. М.:Педагогика, 1990. – 424 с. 2.Эльконин Л. Детская психология. М.: Прос., 1960. –317 с. 3.Леонтьев А. Деятельность. Сознание, личность М.: Политиздат.1975.–304 с. 4.Жарықбаев Қ. Психология. –Алматы: Мектеп, 1982. – 280 б. 5.Шериазданова К. Основные направление психолого-педагогической помощи детям с проблемами в поведении и общении.– А.: 2001. – 48 б. 6.Щукина Г. Педагогические проблемы формирования позновательных интересов учащихся. -М.: 1988 – 203 б. 7.Скаткин -М. Методология и методика педагогичесих иследований. -М.: 1986 – 150 б. Қосымша әдебиеттер: 1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985. 2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 3.Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет